Доклад/Баяндама: Қазақстандағы социология ғылымы


Цена: 2 Скачать
Предмет:
Социология
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
48

Жоспар

 

1 Қазақстанда социологиялық көзқарастардың қалыптасу негіздері 3

2 Қазақстанда социология ғылымының қалыптасуы (ретроспективті шолу) 19

3 Қазақстанда қазіргі заманғы социология ғылымы дамуының негізгі бағыттары   24

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 45

 

 1 Қазақстанда социологиялық көзқарастардың қалыптасу негіздері

 

... Шәкерімнің философиялық, социологиялық, психологиялық көзқарастары оның “Үш анық” атты еңбегінде көрсетілген, онда үш сәтті бөліп қарауға болады: 1. Шәкерім Батыс Еуропа ойшылдарының еңбектерін сын көзбен зерделеп, Спенсердің, Конттің еңбектерін талдайды, олардың көзқарастарына қатысты позициясын білдіреді; 2. Дамыған халықтардың білімдерін өз халқына жеткізуге әрекеттенеді; 3. Ақиқат ғылымды іздеу - басқа жат проблемалардан бас тарту деп есептейді. ғылыммен еркін, жалтақтамай шұғылдану қажеттігін айтады [5].

 

Екінші бағыт - таныммен, танымдық қызметпен, танымдық белсенділікпен және олардың дамуының белгілі бір әлеуметтік институттардың нақты қызметімен ұштасуына байланысты. Бұл кезеңде қазақ даласында мектептер ашыла бастады, қоғамда Ыбырай Алтинсариннің есімімен тікелей байланысты білім беру жүйесінің институттану процесі басталды. Оның ағартушылық қызметінің ерекшелігі мектеп ашумен шектеліп қоймай, оқытудың дидактикалық принциптерін жасағанында, инспекторлық бақылаудың негізін қалап, мұғалімдер даярлау жүйесін енгізуінде.

 

Үшінші бағыт - “Адам дүниені қалай танып біледі” атты сауалға жауап іздеумен шұғылданды. Білім беру социологиясы бұл проблеманың кейбір қырларын өз зерттеулерінің пәні ретінде қарастырады. Осы тұрғыдан алғанда Шәкерімнің “Үш анық” атты еңбегі аталмыш проблеманы зерттеу құралы болып табылады. ...