Курсовая работа: Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуын талдау және жетілдіру жолдары


Цена: 3 Скачать
Предмет:
Банковское дело
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
42

МАЗМҰНЫ

К І Р І С П Е. 3

I БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ  ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ 6

1.1 Банк жүйесінің  даму тарихы.. 6

 

1.2 Банк жүйесінің  құрылымы.. 11

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.. 15

2.1 Орталық банк және оның  қызметтері талдау. 15

2.2 Коммерциялық банк және оның  қызметтерін талдау. 23

III ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНК ЖҮЙЕСІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.. 34

ҚОРЫТЫНДЫ.. 39

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБЕТТЕР ТІЗІМІ 42

 

1.2 Банк жүйесінің  құрылымы

 

«Қазақсатн республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» республика Президентінің  Жарлығында 1995 жылғы  31 тамыздағы заң күші бар жарлығындағы  «Қазақстанда екі денгейлі банк жйесі бар» деліген. Ұлттық банк –мемлекеттің  орталық банкі, ол банк жүйесінің  жоғарғы (бірінші денгейіндегі) банк. Басқа банктердің  барлығы банк жүйесінің  төмегі (екінші) денгейіндегі банктер делінген.

 

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында нарықтық банк жүйесінде әр түрлі меншік формасындағы банктер мен несие мекемелері қызмет істеуде. Олардың  ішінде:

 

  Мемлекеттік банк – үкімет қаулысымен құрылған екінші денгейлі банк, оның  жарғылық қорының  иеленушісі үкімет.

 

  Инвестициялық банк – негізінен тікелей және порфельдік инвестиция тартумен шұғылданатын екінші енгейлі банк.

 

  5. Шетелдер қатысушы банк - орналастырылған акцияларының үштен бiрiнен астамы:

а) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң;

б) орналастырылған акцияларының немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерiнiң үштен бірiнен астамы Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң не соларға ұқсас Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының;

в) Қазақстан Республикасының резиденттерi емес тұлғалардың қаражаттарына билiк етушiлер (сенiм бiлдiрiлген адамдар) болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын екiншi деңгейдегi банк.

Мемлекетаралық банк - халықаралық шарт (келiсiм) негiзiнде құрылып, жұмыс iстеп тұрған, құрылтайшылары Қазақстан Республикасының Үкiметi (немесе ол уәкiлдiк берген мемлекеттiк орган) мен сол шартқа (келiсiмге) қол қойған мемлекеттердiң үкiметтерi болып табылатын банк.

Банктік емес несие қаржы мекемелері Ұлттық банктің  лицензиясы негізінде кейбір банктік операция жүргізуге құқы бар банктік емес заңды тұлғалар.

 

      Банк - осы Заңға сәйкес банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.

Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны әділет органдарында (тіркеуші органдарда) (бұдан әрі - әділет органдары) банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкілетті органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) лицензиясы болуымен белгiленедi.

Банкiнiң ресми мәртебесi жоқ бiрде-бiр заңды тұлға "банк" деп атала алмайды немесе өзiн банк қызметiмен айналысушы ретiнде сипаттай алмайды.

Банк басқармасы тұрған жер (почта бойынша мекен-жайы) банк тұрған жер деп танылады.

 

  Коммерциялық банктер – кәсіорындармен ұйымдарға, ондай ақ халыққа тікелей және жан жақты кешенді қызмет көрсеттін банктер. Бұл олардың  басқа арнаулы несие мекемелерінен айырмашылығы. Ал банктік емес несие мекемелерінің  банктерден өзгешелігі олар тек кейбір банктік операциялар жүргізумен және кейбір қызмет түрін көрсетумен шұғылданады. Коммерциялық банктердің  негізгі мақсаты  неғұрлым жоғарғы пайда табу.

 

  Банктің  жарғылық қоры оның  міндеттемелерін қамтамасыз етіп, банктік опреациялар жүргізудің  негізгі көзі олып саналады. Алғашқыда ол (мемлекеттік банкті қоспағанда) акция сату есебінен, немесе құрылтайшылардың  жарнасы есебінен қалыптасады. Банктің  құрылтайшылары мен акционерлері сатып алған акцияларына тек ақша төлеуге міндетті. Жабық акционерлік қоғам түріндегі банктің  акциясын төлеуге оның  несиеге алған, кепілге алған және басқа да тартылған қаражатты қолдануға болмайды. Банктің  акциясы алғашқы нарықта барлық құрылтайыларға бірдей құнмен, яғни акцияның  көрсетілген құнымен сатылады. Жаңадан құрылған банктің  оның  құрылтайы қаражаттарында жарияланған жарғылық қорының  елу процентін акционерлері банк тіркеден өткен кезге дейін, ал тіркеуден өткен кезеңнен басап бір жыл ішінде түгел төлеуі қажет /10/.  ...

 

2.2 Коммерциялық банк және оның  қызметтерін талдау

Қазіргі тұрақтандырылған экономиканың жетілдіруі үшін коммерциялық банктер халыққа көптеген операцияларды жүзеге асырады. Еліміздің екінші деңгейлі банктері ақша айналымы мен несие қатынастарын ұйымдастыруымен ғана шұғылданып қоймай, сонымен қатар, халық шаруашылығын қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, қаржылық операциялардың барлық түрлері, ал кейбір жағдайларда делдалдық келісімдер және мүлікті басқару операцияларын жүргізеді. /6/

 

Кесте 2

Қазақстан Республикасындағы  коммерциялық  банктердің  сандық  құрамы кезеңнің басына

 

Ескертпе:  сандық  мәліметтер  ҚР  Ұлттық  банктің  №1  2000-2003 жж.статистикалық  бюллетенінен  алынған.

 

Коммерциялық  банктер қарыз  капиталы  нарығының  әртүрлі  секторларында  қызмет  ететін  көп  қызметті  мекемелер  болып  табылады. Олар  кәсіпкерлік  тәжірибесінде  белгілі  бір  көптеген  қаржылық  операцияларды  орындайды. Коммерциялық  банктер  кез  келген  елдің  несие  жүйесінде  әдеттегідей  негізгі,  базалық  буын  рөлін  атқарады.

 

Олар  үкіметтің,  іскерлер  мен  миллиондаған  жеке  тұлғалардың  салымдарын  шоғырландыра отырып,  қаржы  жүйесінің  орталығы  болып  қала  береді.  Коммерциялық  банктер  қарыздық  және  инвестициялық   операциялар  арқылы  өздерінің  әртүрлі   қорларына  қарыз  алушылардың  қол  жеткізуге  мүмкіндік  береді.

 

Коммерциялық  банктер  қаржы нарығында  ең маңызды делдалдық қызметті атқарады.  Несиелік жүйенің төменгі буыны  халық шаруашылығына тікелей қызмет  көрсететін және  коммерциялық негізінде  кең көлемді қаржылық  қызмет  жасайтын  дербес  банктік  мекемелер  торабынан  тұрады.  Бұлар  коммерциялық,  кооперативтік  және  жеке  банктер,  банктік  заңдылықтарда  коммерциялық  банктер  деген  жалпы  атпен  біріктіріледі....