Курсовая работа: Арнаулы салық режимі


Цена: 3 Скачать
Предмет:
Налогообложение
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
34

Мазмұны

 

Кіріспе. 3

 

І  Салық салудың теориялық негіздері 8

 

1.1.  Салықтың мәні, атқаратын қызметі 8

 

1.2 Салықтың негізгі түрлерi 11

 

Тарау ІІ Арнаулы салық режимінің жүргізілуі мен ресімделу тәртібі 14

 

2.1. Кіші кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғаларға арналған анрнаулы салық режимі 14

 

2.2. Шаруа қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі 23

 

Күнтізбелік жыл бірыңғай жер салығы бойынша салық кезеңі болып табылады   23

 

2.3.  Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимі 26

 

2.4. Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған арнаулы салық режимі. 28

 

Қорытынды.. 30

 

Пайдаланған әдебиеттер тiзiмi 34

 

1.2 Салықтың негізгі түрлерi

 

  Салық салу жүйесінде формасы және өндіріп алу көздеріне қарай ерекшеленетін әртүрлі салық түрлері пайдаланылады.

 

 Қазақстан Республикасында қабылданған салық жүйесі туралы заңға сәйкес салықтың мынандай түрлері қолданылады:

 

А) жалпымемлекеттік салықтар;

 

Б) жалпыға бірдей міндетті жергілікті салықтар мен алымдар;

 

В) жергілікті салықтар мен алымдар. Республиканың салық жүйесі бүгінгі танда 11 жалпымемлекеттік, 10 жалпыға бірдей жергілікті салықтар мен алымдар және 17 жергілікті салықтар мен алымдардан тұрады.

 

Жалпы мемлекеттік салықтарға мыналар жатады: қосылған құнға салынатын салық, пайдаға салынатын салық, акциздер, бағалы қағаздармен жасалатын операциялардан алынатын салық, экспорт пен импортқа салынатын салық, кеден тарифі мен баж салығы, пайдалы қазбалар қазбаларды геологиялық барлау және геологиялық іздестіру жұмыстарына байланысты шығындарды өтеуге жұмсалатын алым, тіркелген төлемдер, транспорт құралдарына салынатын салық, автотранспорт құралдарының Қазақсатан Республикасына келіп кіргені үшін төленетін ақы (басқа мемлекеттер осындай ақы енгізген жағдайда), заңды ұйымдардың, шетел азаматтарынан және азаматтығы жоқ адамдардан алынатын табыс салығы, мемлекеттік баж салығы, колхозшылардың еңбегіне ақы төлеу қорына салынатын салық.

 

Жалпыға бірдей міндетті жергілікті салықтар мен алымдарға: жер салығы, жеке адамдардың мүлкіне салынатын салық, орман табысы, су үшін төленетін ақы, табысқа салынатын салық, кәсіпкерлік қызметттің субъектілері ретінде тіркелмеген азаматтардан алынатын алым, заңды ұйымдарды мемлекеттік тіркеуден өткізгені үшін алынатын алым, елтаңбалық алым, мұрагерлік және сыйға тарту тәртібімен ауысқан мүлікке салынатын салық жатады.

 

Жергілікті салықтар мен алымдарға мыналар жатады: курорттық аймақта өндірістік мақсаттағы объектілер құрылысына салынатын салық, курорттық алым, азаматтардан алынатын мақсатты алым, жарнамаға салынатын салық, автотранспорт құралдарын, есептеу техникасы және жеке компьютерлерді қайта сатуға салынатын салық, автотранспортты аялдауға қойғаны үшін алынатын алым, жергілікті символиканы пайдалану құқы үшін алым, ипподромда ат жарысына қатысқаны үшін алынатын алым, ат жарысындағы ұтысы үшін алынатын алым, ипподромдарда тотализатор ойынына қатысушы адамдардан алынатын алым, тауар биржаларында және валютаны сату және сатып алу кезінде жасалған мәмлелерден алынатын алым, аукциондық сатудан алынатын алым, кино-телетүсірімдер өткізу құқы үшін алынатын алым, ит иелерінен алынатын алым, спиртті ішімдіктермен сауда-саттық жасау хұқы үшін алынатын лицензиялық алым, жергілікті аукциондар өткізу және лотереялар ойнату хұқы үшін алынатын лицензиялық алым.

 

Жалпымемлекеттік салықтар Республика заңдарының негізінде орталық өкіметпен мемлекеттік бюджетке аударылады. Жергілікті салықтар тиісті территорияның жергілікті басқару органдарымен алынып жергілікті бюджетке түседі....

 

2.1. Кіші кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғаларға арналған анрнаулы салық режимі

 

Арнаулы салық режимі - бұл салық төлеушілердің кей категорияларына салықтың жеке түрлерін есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібімен жүргізілетін бюджетпен есеп айырысудың ерекше түрі.

 

АСР-і мыналарға жүргізіледі: (қолданушылар)

 

ü  Шағын бизнес субъектілеріне;

 

ü  Шару қожалықтарына;

 

ü  Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға;

 

ü  Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне [12].

 

Біржолғы талон негізінде ара-тұра сипатта қызметін жүзеге асыратын жеке тұлға, патент негізінде қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкер, оңайлатылған декларация негізінде қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкер және заңды тұлға ШАҒЫН БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІ болып табылады.    

 

Шағын бизнес субъектілері әлеуметтік салықты және корпорациялық немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін белгілейді.

 

Кіші кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғаларға арналған арнаулы салық режимі салықты есептеудің оңайлатылған тәртібі: біржолғы талон, патент, оңайлатылған декларация негізінде жүзеге асырылады.

 

Салықты есептеудің оңайлатылған тәртібі салық салу объектісіне белгіленген ставканы қолдану жолымен жүргізіледі. ЕСЕПТЕУ=ССО*С.ставкасыына [11].

 

Салық салу объектісі болып ҚР-ң аумағында және оның шегінен тыс жерлерде алынған табыстардың барлық түрлерінен тұратын салық кезеңі ішіндегі табыс табылады....

 

... Шағын бизнес субъектілері салықтарды есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есептілігін тапсырудың мынадай тәптіптерінің біреуін ғана дербес таңдауға құқылы:

 

1)    Жалпыға бірдей белгіленген тәртіп;

 

2)    Біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимі;

 

3)    Патент негізіндегі арнаулы салық режимі;

 

4)    Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі.

 

Салықтарды есептеу мен төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне ауысқан кезде жалпыға бірдей белгіленген тәртіп екі жыл қолданылғаннан кейін ғана арнаулы салық режиміне қайта ауысуға болады....

...

Салықты оңайлатылған декларация негізінде есептеуді шағын бизнес субъектісі салық салу объектісіне есепті салық кезеңіне тиісті салық ставкасын қолдану арқылы дербес жүргізеді [1] .

 

      Жеке кәсіпкердің табысына мынадай ставкалар бойынша салық салынуға тиіс:

 

 

 

 

 

Тоқсандық табыс

 

 

Ставкасы

 

Қоса алғанда 2000,0 мың теңгеге дейін

 

2000,0 мың теңгеден жоғары – 3000,0 мың теңгені қоса алғанда

 

 

 

3000,0 мың теңгеден жоғарыТабыс сомасының 3%-ы

 

 

 

60,0 мың теңге + 2000,0 мың теңгеден асатын табыс сомасынан 5%

 

 

 

110,0 мың теңге + 3000,0 мың теңгеден асатын табыс сомасынан 7%

 

Заңды тұлғаның табысына мынадай ставкалар бойынша салық салынуға тиіс:

Табу керек: бюджетке төленетін салық сомасын.

 

Есептеу: 3400000-3000000=400000*7%=28000+110000=138000теңге. /2=69000.

Салық сомасы = 138000. ЖТС=69000, әлеу.салық=(69000-әлеуметтік аударымдар сомасы).

  Егер, есепті кезеңнің қорытындысы бойынша жалдамалық қызметкерлердің орташа айлық жалақысы Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген ең төменгі айлық жалақының жеке кәсіпкерлердің кемінде 2 еселенген, заңды тұлғалардың кемінде 2,5 еселенген мөлшеріндей болса, онда жеке кәсіпкердің және заңды тұлғаның табысына көрсетіліп кеткен ставкалар бойынша салық салуға сәйкес салық кезеңі ішінде есептелген салық сомасы, қызметкерлердің орташа тізімдік санын негізге ала отырып, әрбір қызметкер үшін салық сомасының 1,5%-ы мөлшеріндегі сомаға азайтылу жағына қарай түзетілуге тиіс [11].

 

 

4.Егер жалдамалы қызметкерлердің орташа айлық жалақысы ең төменгі айлық жалақының 2,5 еселенген  мөлшеріндей болса, онда қызметкер үшін салық сомасының 1,5%-ы мөлшеріндегі сомаға азайтылады

5.Салықты бюджетке төлеу жеке табыс салығы және әлеуметтік салық түрінде бірдей үлеспен есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 15-н кешіктірмей

 

2.4. Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған арнаулы салық режимі.

КҚЖ түрлеріне арналған АСР:

 Ойын бизнесі саласында;

Ақшасыз ұтыс ойын автоматтарына;

Боулинг бойынша;

Картинг бойынша;

Бильярд бойынша;

Лото ойын ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсететін жеке кәсіпркерлердің, заңды тұлғалардың, олардың филиалдарының,  өкілдіктерінің және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне қолданылады.

АСР осы тұлғалар үшін:

-  КТС немесе ЖТС және ҚҚС есептеудің және төлеудің;

-  Акциз бойынша оңайлатылған тәртібін белгілейді.

Корпорациялық (жеке) табыс салығы-тіркелген жиынтық салық мөлшерінің 30%, ҚҚС- тіркелген жиынтық салық мөлшерінің 70% құрайды. Салық төлеуші тіркелген жиынтық салықты төлеумен бірге акциз төлейді, оның сомасы жалпы белгіленген тәртіппен анықталады.

Тіркелген жиынтық салық салу объектісі болып табылады:

1)  ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін: ойын үстеі, ақшалай ұтысы бар ойын автоматтары, тотализатор кассалары, букмеккер кеңсе кассасы.

2)  Ұтыс ақшасыз ойын автоматтары қызметін көрсететін салық төлеушілер үшін: ұтыс ақшасызы ойын автоматтары.

3)  Боулинг бойынша қызмет көрсететін салық төлеушілер үшін: ойын жолы.

4)  Картинг бойынша қызмет көрсететін салық төлеушілер үшін: карт.

5)   Бильярд бойынша қызмет көрсететін салық төлеушілер үшін: бильярд үстелі

6)  лото ойынын ұйымдастырушы салық төлеушілер үшін: лото ұйымдастырушы.

Бір салық салу объектісінен алынған тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшерін салық органдары берген деректер негізінде жергілікті өкілді органдар белгілейді және ол бір әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында орналасқан салық төлеушілер үшін бірыңғай болып пбылады.