Курсовая работа: Арнаулы салық режимдері


Цена: 3 Скачать
Предмет:
Налогообложение
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
32

 МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе .....................................................................................................................3

І  Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне салық салудың теориялық негіздері

1.1 Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғаларға салық салудың теориялық негізі ......................................................................................................5

1.2 Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған арнайы салық режимінің экономикалық мәні.............................................................................11

ІІ Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған арнайы салық режимінің қолдану тәртібі  экономикалық мәні

2.1 Арнаулы салықрежимі және оның жүргізілу тәртібі ..................................19

2.2. Шаруа қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі..........................21

2.3.  Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимі..........................................................................................25

2.4. Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған арнаулы салық режимі. ...................................................................................................................26

Қорытынды..........................................................................................................29

Пайдаланған әдебиеттер тiзiмi..........................................................................31

 

 1.2 Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған арнайы салық режимінің экономикалық мәні

 

Нарық экономикасы мен нарықтық қатынастар дамыған елдерде салықтар экономикалық процестерді жанама реттеушілердің ішіндегі ең тиімді құралдардың бірі болып табылады. 1995 жылға дейінгі Қазақстан Республикасыңдағы салық саясатында көптеген салық жеңілдіктері орын алған болатын, бірақ бұл жеңідіктердің нәтижесі көңіл толтырарлықтай бола алмады. Өйткені шектен тыс салық жеңілдіктерінің өзі экономикаға оң әсерін бере бермейді. 1995 жылы қабылданған салық кодексінде ол жеңілдіктерді алып тастап, оған басқаша сипат берді. Ал қазіргі кезде салық кодексіңде қай салаларға жеңілдіктерді беру керектілн және қандай мөлшерде беру керектігін зерттеп, сан соқтырарлық қателіксіз тиімді салық саясатын жүргізу мүмкіндігі бар. Әлемдік тәжірибедегі салық жеңілдіктерінің көптеген түрі, сол жеңілдікгердщ нөтижелері біздің кдтеліксіз салық рефоромаларын жүргізуімізге септігін тигізері белгілі болып отыр.

 

Әлемдік тәжірибеде салықтарды алудың үш жүйееі қалыптасқан. Олардың әр қайсысы қоғам мен экономиканың дамуының белгілі бір кезеңдеріне сәйкес келеді:

 

Аталған-жүйелердің көмегімен алынатын салықтар бұрынырақ мынадай экономикалық модельді құрады (сурет 1).

 

 Сурет 1

................................

Тиімділігі жоғары деп есептелінген моделдің тиімділігі төмен еді.

 

Сондықтан мемлекет тиімділігі жоғары моделді жүзеге асырады (сурет2)

 

Сурет 2

.................................................

Бұл моделдің негізінде мемлекет салық төлеушілермен делдалдар көмегімен қатынасты тағайындады. Бірақ салық төлемдерінің төмен болуына байланысты мемлекет келесі салық салу моделіне ауысты (сурет 3).

Сурет 3

 .............................................

Жоғарыда келтірілген модель қазіргі кездегі салық салу моделі болып табылады. Оның мынадай кемшілік жағдайлары бар:

■ экономикалық қатынастар күштеу негізінде құрылғандықтан көптеген кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалар көлеңкелі экономикаға көшкен;

 

■ фискалдық қызмет аппаратының көп болуынан, мемлекет оларды ұстау бойынша көп қаражат жұмсауы қажет;

 

■ салық төлеушілер өздерінің салықты төлеуде тәртіп бұзбағандығын әрқашан дәлелдеп отыруы қажет, ал бұл өз кезегінде қосымша адвокаттар мен бухгалтерлердің болына әкеледі.

 

2.2. Шаруа қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі

 

Шаруа қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі бірыңғай жер салығын төлеу негізінде бюджетпен есеп айырысудың айырықша тәртібін көздейді және акцизделетін өнімдерді өндіру, ұқсату және сату жөніндегі қызметті қоспағанда, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, өзі өндірген ауыл шаруашылық өнімдерін ұқсату және оны өткізу жөніндегі шаруа қожалықтары қызметіне қолданылады.

 

Шаруа қожалықтары осы арнаулы салық режимін немесе салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібін дербес таңдауға құқылы.

 

Шаруа қожалықтары арнаулы салық режимін 20 ақпанға дейін таңдау керек, таңдап алынған арнаулы салық режимі салық кезеңі ішінде өзгертуге жатпайды.

 

20 ақпаннан кейін құрылған шаруа қожалықтары Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін алған күні АСР қолдану құқығына өтініш береді.

 

Күнтізбелік жыл бірыңғай жер салығы бойынша салық кезеңі болып табылады

 

Шаруа қожалықтары салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің мынадай түрлерін:

 

1 Қызметтен түскен шаруа қожалықтарының табысынан ЖТС

 

2 ҚҚС

 

3 Жер салығы

 

4 Көлік құралдарына салынатын салық

 

5 Мүлік салығын төлеушілер болып табылмайды.

 

Жер учаскесін бағалау құны бірыңғай жер салығын есептеу үшін негіз болып табылады.

 

Жер учаскесін айқындау ҚР-ң жер заңдарына белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

 

Бірыңғай жер салығын есептеу жер учаскесін бағалау құнына 0,1% ставканы қолдану жолымен жүргізіледі. ...