Дипломная работа: Астрономияның қазақстанда даму жолы


Цена: 5 Скачать
Предмет:
Астрономия
Тип работы:
Дипломные работы
Количество страниц:
53

Мазмұны

Кіріспе. 3

1.Ұлы Отан Соғыс жылдарындағы Қазақстан астрономиясы. 5

 

1.1. Алғашқы қадамдар. 5

1.2. Академик В.Г. Фесенковтың Қазақстан астрономиясының дамуына қосқан үлесі. 15

1.3. Экспедиция ұйымдастырудан алғашқы астрономиялық ғылыми институттың ашылуы. 17

1.4. Жаңа астрономияның Қазақстанда пайда болуы. 20

2. Қазақстан астрономиясының даму тарихындағы тұлғалар. 23

 

2.1. В.Г. Фесенков – алып астроном. 23

2.2. Г. А. Тихов Қазақстанда және оның астроботаникасы. 38

3 Қазіргі астрономия: Дәстүр мен болашаққа бағдар. 41

3.1. Релятивисттік космология және гравитациялық жүйе динамикасы. 41

 

3.2. Жұлдыздар физикасы және жұлдыздар ортасы. 43

3.3. Күн физикасы және күн мен жер байланысы. 46

Қорытынды.. 50

Әдебиеттер: 52

1.3. Экспедиция ұйымдастырудан алғашқы астрономиялық ғылыми институттың ашылуы.

 

Б.А. Воронцов-Вельяминов ғылым академиясы президиумының 1941 ж. 21 қыркүйектегі тұтылу бақылауының арнайы комиссиясының ғылыми хатшысы болды. Комиссия төрағасы Василий Григорьевич жүргізген қызу дайындығында жұмыс істеді. 1939 ж. Қазақстанның оңтүстігінде өткен толық фаза трассасын зерттеу үшін арнайы экспедиция ұйымдастырылды. Бұл экспедиция Алматы, Талғар, Ыссық, Шілік, Жалаңаш, Кеген, Сарыжаз, Нарынқол, кері Пржевальск, Фрунзе, Қаскелен, Алматы маршрутын жүк машинасымен өтті. Бақылауларға сүйене, осы территорияда экспедициялар жүргізілді.

 

В.Г. Фесенков басқарған комиссия аппаратура дайындауда көмек көрсетті, импортты фототаспаларын экспедиция мүшелеріне таратуды ұйымдастырды. Күн тұтылуға үш жыл бұрын бақылау жоспарлары талқыланды. Василий Григорьевич фотометрлік бақылауларды ұнатқанымен, спектроскопиялық бақылаулар жүргізілу керектігін айтты. 1939 ж. мамырында комиссия 1941 ж. 21 қыркүйектегі күн тұтылуды бақылау тематикалық жоспары құрастырылды.

 

22 маусымда басталған соғыс ғылыми академия комиссиясының кең ауқымды жоспарларын орындауға кедергі жасады. Дегенмен Үкімет пен Академия зерттеулерді тоқтатпау бұйрығына сүйене отырып, В.Г. бақылау жұмыстары өту үшін қолдап келгенін жасады. Өзі профессор А.А. Михайлов басқарған ГАИШ экспедициясына қатысты.

 

Экспедиция жабдықтары Мәскеуден Алматыға соғыс басында жіберілді, ал қызметкерлері Мәскеуден тамыз айында эвакуация қатарында арнайы Ғылым Академиясының вагонында келді. Мәскеуден Алматыға Экспедиция жабдықтарын жіберген шілде түнінде неміс ұшақтары Мәскеуді алғаш бомбамен атқылау кезі еді.

 

Басында Мәскеу экспедициясынан барлық мүшелерін Камен платосындағы Алматы мединститутының балалар демалыс орнында орналастырды. Осыған жақын жердегі төбешікте  күн тұтылуды бақылау  жүргізілді. В.Г. Фесенков Күннің 8 радиус қашықтықтағы ең сыртқы корона суретін алды. Бұл суреттер күн коронасындағы жарық таралуын анықтауға көмектесті. ГАИШ  экспедициясы Фесенковтың астрономия ісін Қазақстанда дамытуына бастау болды.

СУРЕТ 

 

   Қазақстандағы алғаш обсерваториялар

 

3.1. Релятивисттік космология және гравитациялық жүйе динамикасы.

 

Ғарыштық жілік N жүйелерін зерттеу космологияның алдыңғы қатарлы мәселелерінің бірі болып табылады. Идеалды сұйықтықтың «Шаң тозаң бұлттары» үшін бұл жұмыстарда релятивистік модель зерттелді. Бірақ дене нүктелік бөлшектер ретінде емес, шексіз біртекті бұлт ретінде берілген. «Жіліктік бұлттар» түріндегі материямен берілген Эйнштейн теңдеуін зерттеуде 3 себепті бөлуге болады. Ол себептер мынадай: Біріншіден релятивистік жіліктер классикалық дәрежеде көптеген өзара әсерлесу мүмкіндігін туғызады. «Жіліктік бұлттар» моделінің бірі, ол жақыннан әсерлесу концепциясына негізделген теоретико-өрістік модель. Бұл формализм бөлшектердің әсерлесу зерттеулерінің идеяларына негізделіп жасалған. Сондықтан, біз осы логикаға сүйене отырып N жіліктік жүйеде келтірілген гравитациялық өріс қасиеттеріне дұрыс түсініктеме беруіміз керек.

 

Екіншіден, ғаламды кеңістіктік денелер қосындысы деп қарастыруға болады. Осылай біз ғарыш объектілерінің қасиеттерін зерттеу үшін «жіліктік шаң-тозаң» космолгияның жақсы модельі болатынын көреміз.  Оған қоса галактикалардың үлкен масштабты сипаттааларының қалай болғаны қазіргі астрономяның фундаменталды проблемаларының бірі болып табылады.

 

Үшіншіден, жаңа зерттеулер ғарыштық жіліктердің бар екендігін растайтын қосымша аргументтер беріп отыр.

 

Жоғарыда айтылған жұмыстар жіліктік бұлттарды жалпы салыстырмалы теориясында зерттеуде оның сфера-симметриялық шашырауын көруге мүмкіндік берді және көпқабатты жұлдыздың қарапайым модельін құруға жол ашты. Бірақ, бұл жұмыстарда тұрақты масса тығыздығы бар жілік қарастырылды, ал ол уақытқа тәуелді.

 

Кезінде, ғалымдармен гравитация магнетизм көзі бола алады, деген аспан денелерінің  магнетизмін түсіндіру үшін гравемагнетизм гипотезасы ұсынылған болатын. Бірнеше аспан денелеріне қолданылатын гравимагнетизм гипотезасы сандық нәтижелерді дұрыс беретіні көрсетілді. Бұл гипотеза жалпы қабылданған салыстырмалы теория интерпретациясына белгілі бір өзгерістер енгізеді. Ұсынылған жұмыста Жер, Күн, нейтрондық жұлдыздар және басқа аспан денелеріне байланысты теориялық нәтижелер мен фактылық көрсеткіштердің кейбір сәйкес келмеуі талқыланады.

 

Мұндай жағдай айналмалы біртекті сұйық шар – қарапайым аспан денесінің модельі қарастырылғандығымен байланысты. Біз Күн, планета және нейтрондық жұлдыздардың ішкі құрамының орналасуының біртексіздігін ескере отырып, осы аспан денелерінің ішкі және сыртқы қабаттарының айналымы да біртексіз екенін ескереміз.

 

Шынында да, сеисмикалық зерттеулердің көрсеткіштері Жер ядросының оның бірден сегіз көлемін алып жатқанын айқындайды. Онда зат сұйық күйде болу керек және үлкен тығыздығы болуы тиіс. Жер ядросы Жердің сыртқы қабатына қарағанда шамалы өзгеше жылдамдықпен айналады деп есептелінеді. ...