Доклад/Баяндама: Георг Зиммель


Цена: 1 Скачать
Предмет:
Социология
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
12

Георг Зиммель (Georg Sіmmel) (1858 - 1918) - неміс философы әрі социологы, “формальді социологияның” негізін салушы, “өмір философиясының” алдыңғы қатарлы өкілдерінің бірі.

 

Қысылтаяң жағдайға ерте ұшыраған саудагердің отбасында дүниеге келген. Берлин университетінде білім алып, кейін онда оқытушылық қызметпен айналысты (1901 - 1914), соңғы жылдарда Страсбургте профессор болды.

 

Өзінің шығармашылық қызметінің барысында Зиммель күрделі идеялық эволюциядан өтті: натуралистік позитивизм, И.Кант пен К.Маркстің ықпалынан бастап өмір философиясы мен мәдениет философиясының проблемаларына дейін. Оның социологиялық қызығушылығының ауқымы біршама кең болды: билік пен күштеу; әлеуметтік саралану; оқшаулану; қоғам мен индивидтің ара қатынасы; мәдениет, қала, отбасы мен жыныс социологиясы; жанжал социологиясы; дін социологиясы. Басты еңбектері: “Тарих философиясының мәселелері” (1892), “Ақша философиясы” (1900), “Социология” (1908), “Қазіргі заман мәдениетінің қақтығысы” (1918).

 

Зиммельдің маргиналдылығы (әлемге танымал болса да кедейлігі мен еврейлігі, айқын саяси сенімнің болмауы, оның зерттеулерінің таңырқарлық сипаты - социология, көркемдік салондар әлеміне деген қызығушылық), сонымен бірге қоғамның тұтас тұжырымдамасы жоқ, бірақ әлеуметтік әлемнің жасалатын бейнелерінің үзінділері мен үзінтерінен тұратын еңбектерінің басым көпшілігінің эсселік сипаты замандастарына ұнамады. Ерекше пән ретінде социологияның қажеттілігін негіздей отырып, Зиммель оның ерекшелігі әлеуметтік өзара іс-әрекеттердің таза формаларын ажырата білуде деп есептеді. ...

 

...   Формалардың көп болуының өзі қандай да бір тұтастықтың, кем дегенде көптікті реттейтін принципте немесе принциптерді талап етеді, ал формалардың формасы туралы сөз қозғауға болмайтындықтан, тек оның социологиялық пайымдауындағы ұйымдастырушы сәттерді ғана анықтау қалады. Оларды біз Зиммельдің көптеген еңбектерінен байқай аламыз және дәл осылар оған бұл формаларды бекітуге мүмкіндік берді. Д.Левин Зиммельдің осындай төрт принципін бөліп көрсетті: форма принципі, аралық принципі, қашықтық принципі мен дуализм принципі.

 

Б.Недельманн Зиммельдің социологиялық пайымдауының бес құрылымдық принципін бөліп көрсетеді. Біріншіден, проблемаларды жинақтауға жиі қолданылатын қарама-қарсы қою принципі. Соның арқасында Зиммель күрделі феномендердегі социология үшін маңызы бар нәрсе оқшаулауға қол жеткізді. Басқа жағынан алғанда, социологиялық талдау үшін социологиялық сипаты белгісіз феномендер ашылады. Екіншіден, сан принципі: бұл өзара әрекетке қатысушылар саны және мөлшердің өзара іс-әрекет түріне тигізетін әсері. Үшіншіден, бұл кеңістік принципі: кеңістіктік шектеу мен қоғамдастырудың шектеулілігі. Төртіншіден, дуализм принципі: қоғамдастыруда қарама-қарсы үрдістер кездеседі - келісім мен үйлесімділікті бәсекелестік пен қашықтық арқылы толықтырмайынша нағыз қоғам болмайды. Бесіншіден, бұл динамикалық талдау принципі: Недельманның жазуы бойынша формаларды талдау Зиммель үшін оны ең қызықтырған мәселені зерттеудегі, яғни осы формалар шеңберінде әлеуметтік процестер қалай жүретіндігін зерттеудегі алғашқы еңбек болды.

 

Сонымен, екі немесе одан да көп индивидтер өзара іс-әрекетке түскенде ғана қоғамдастыруға мүмкіншілік ашылады. Шындығында, шектеулі жағдай - бұл бір адам, өйткені өзара іс-әрекет бір қарағанда тек біржақты болып көрінетін жерде де бар. Адамның қандай да бір әлеуметтік өзара іс-әрекеттен тыс қалғандығы, бұл қоғамдастырудың теріс сипаты, ол тіпті қарапайым деңгейде де кездеседі. Дербес индивид, бір жағынан алғанда, өзінің сапалы анықтамасы, белгілі бір өзіндік мән болып табылады. Екінші жағынан алғанда, мейлі ол жалғыздық, жауапкершілік немесе еркіндік болсын, ең кең мағынада бір мезгілде әлеуметтік анықтама болып табылмайтын, яғни екі немесе бірнеше адамның өзара әрекетінен емес, қоғамдастырудың кең контекстіне тәуелді болатын оның дербестілігінің бірде бір сыртқы анықтамасы жоқ...