Мәнжазба / Реферат: ХVII ғасырға дейінгі Батыс Еуропадағы тәрбие, мектеп және педагогикалық ой


Цена: 2 Скачать
Предмет:
Педагогика
Тип работы:
Мәнжазба / Реферат
Количество страниц:
26

Жоспар

 

1. Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) педагогикалық теориясы    3

2. Джон Локктың (1632-1704) педагогикалық көзқарастары.    12

3. Жан-Жак Руссоның (1712-1778) педагогикалық теориясы    18

Әдебиеттер    25

 

1. Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) педагогикалық теориясы

...

Сондай-ақ ол өзінің «Әлем тәлкегі және жүрек жұмбағы» деген шығармасында өткір сатира түрінде өз кезіндегі қоғамдық құрылысты әшкереледі. Байлығы мен жыныс ерекшеліктеріне қарай бөлінбейтін, біртекті, жалпыға бірдей ана тілінде оқытатын мектепті талап етуінен де Коменскийдің демократизмі айқын байқалды.

Коменскийдің өз кезіндегі білім беру жүйесін, схоластикалық мектепті әр жақты және дәлелді сынға алуының қоғамдық зор мәні болды. Әсіресе оның халықтың төменгі тобының мектепке қолы жетпей отырғандығын, осының арқасында халық арасындағы көптеген таланттар мен дарындардың көзге түспейтіндігін, мұның мемлекет тағдырына зияндылығын көрсетті, мектеп құрылысын қатаң сынады, бұл сол кездегі демократиялық топтардың қоғамға наразылығын туғызды.

...

2. Джон Локктың (1632-1704) педагогикалық көзқарастары

 

...

XVІІ ғасырда Англияда өндіріс төңкерісін әзірлеген буржуазиялық революция болды. Бұл революция феодалдық құрылысқа қарсы бағытталды да, жаңа заманның, яғни капиталистік шаруашылықтың жүйесі мен буржуазиялық үстемдіктің орнай бастағандығын көрсетті. Бірақ бұл революцияның ерекшелігі сол - ол буржуазиялық революциялардың бастамасы еді, сондықтан ол іри бастаған феодалдық коғамның негізінде дамыды. Ол кезде әлі ірі машиналы капиталистік өндіріс те, пролетариат та жоқ еді. Революция буржуазия мен феодалдардың арасындағы ымырамен аяқталды. XVІІ ғасырдың ортасында, революция кең етек ала бастағанда, оған қарсы реакцияның шабуылы басталды.

Осындай тарихи жағдайлар Джон Локктың саяси-әлеуметтік, философиялық және педагогикалық көзқарастарының қалыптасуына әсер етті.

Ф. Энгельстің айтуынша, Джон Локк «1688 жылғы таптық ымыраның перзенті». К. Маркс Локкты бүкіл сипаттамаларымен жаңа буржуазияның өкілі болды деді.

Джон Локк буржуазиялық отбасында өскен, адвокаттың баласы. Оксфорд университетін бітірісімен 1658 жылдан бастап, сонда сабақ берді, кейіннен жаратылыстанумен әуестенді, медицинаны зерттеді. Локктың философиялық көзқарастарының қалыптасуына Бэкон мен Декарттың шығармалары күшті әсер етті. Ол таным теориясын зерттей отыра, Бэкон негізін салған ағылшын материализмін ілгері дамытты.

Өзінің «Адам ақылы жөніндегі тәжірибе» (1690) деген негізгі философиялық еңбегінде елестеулер мен идеялардың адамның туысынан пайда болмайтындығын дәлелдеуге тырысты. Бала жаны, оның ойынша, табиғатынан ақ тақта сияқты тап-таза болады.

Елестеулер біздің санамызға түйсінулер және сезім мүшелері арқылы пайда болады. Демек, дүниені біліп танудағы басты құрал - біздің түйсіктеріміз бен сезім мүшелеріміз. Осылай дүние тану мәселесінде Локк материалистік сенсуализм жолын ұстады.

...

3. Жан-Жак Руссоның (1712-1778) педагогикалық теориясы

 

...

1749 жылы Дижон академиясы «Ғылым мен искусство прогресі мінездің жөнделуіне немесе әлсіреуіне ықпал етті ме?» деген тақырыпта конкурс жариялаған болатын. Руссо Дидроның кеңесімен осы тақырыпта еңбек жазады, онда ол табанды түрде әлеуметтік теңсіздікке, аристократтар мен арам тамақтарға, феодалдық қоғамның мәдениетіне, халыққа ешбір көмегін тигізе алмай отырған ғылымына қарсы шығады. Еңбек зор табысқа ие болып, бірінші сыйлыққа бағаланады. 1754 жылы Руссоның «Адамдар арасындағы теңсіздіктің пайда болуы туралы» деген екінші кітабы, 1761 жылы «Жаңа Элоиза» атты романы, ал бір жылдан кейін «Қоғамдық шарт» деген атақты шығармалары жарық көреді.

1762 жылы Руссоның «Эмиль немесе тәрбие туралы» деген романы басылып шығады. Бұл шығармада Руссо іріген феодалдық қоғамның шырмауынан арылып, бостандық алған жаңа адамды тәрбиелеудің жолын көрсетті.

Соңғы шығарма автордың есімін дүние жүзіне танытты, бірақ ондағы жаңа адам жөніндегі, оның тәрбиесі туралы пікірлері король чиновниктерінің, әсіресе дін иелерінің ызасын туғызды.

Париж парламенті «Эмильді» өртеу жөнінде қаулы қабылдайды да, кітапты үкімет қарақшылары қаланың бір алаңында өртейді. Руссоның өзі Швейцарияға кетуге мәжбүр болады. Қуғын көреді, тек 1776 жылдан бастап Англияда ғана уақытша паналайды, осында «Насихат» деген ең соңғы өмірбаяндық шығармасын жаза бастайды. Тек 5 жылдан кейін ғана денсаулығы әлсіреп, көңілі қайтқан Руссо өз Отанына оралады, бірақ онда да басқа фамилиямен тұруға рұқсат алады. Ол 1778 жылы Париж түбінде қайтыс болады.

Саяси пікірлерінде Руссо батыл түрде ескі қоғамның негізіне қарсы, әділетсіздік, екі жүзділік атаулыға қарсы қажырлы күресші ретінде көрінді. Өзі төменгі сословиядан шыққан Руссо қарапайым еңбеккерлерді ғана сүйіп, басқалардың еңбегі арқылы өмір сүруші арамтамақтардан жаны түршіге жиіркенді.

Жас өспірімнің жетілуінің төртінші дәуірінде (15 жастан бастап) адамгершілік тәрбиесі басталады. Руссоның сенуінше «үшінші сословияның» алдыңғы қатарлылары жалпы адамгершілік идеалды (мақсатты) ұстаушылар. Сондықтан Эмильді, демек, жаңа қоғам жастарын ел-жұртты сүюге үйрету, оларды нағыз адам етіп тәрбиелеу керек деген пікірде болады. Руссо осыған байланысты адамгершілік тәрбиесінің үш міндетін: дұрыс мінезге, дұрыс ұғымға, дұрыс ерікке тәрбиелеуді ұсынады.

Сөйтіп, тәрбиенің жоғарыдағы сатылары және мазмұндары арқылы Руссоның қиялындағы жаңа адамның идеалды образы құрылды. Оның сипаты: ақылды, қайратты, адамгершілігі мол, бірақ білім дәрежесі шағын қолөнерші - ойшыл адам.

Шығарманы Руссо Эмильдің болашақ зайыбы - өмір серігін тәрбиелеу, әйел тәрбиесі мәселелерімен аяқтады. Бірақ Руссо қарастырған әйел тәрбиесі ерлер тәрбиесіне мүлдем қарама-қарсы қойылды. Әйелдердің «табиғи жағдайы» тәуелді болу, сондықтан оларға ерекше білім беру қажетсіз деген теріс қорытындыға келеді ол.

 

Әдебиеттер

 

6.    Джуринский А.Н.. История педагогики: Учеб. Пособие.- М.:Гуманитар.изд.центр ВЛАДОС, 1999. -431 с.

7.    Очерки истории школы и педагогической мысли народов СССР с древнейших времён до конца XVII века. –М.; Педагогика, 1989.-479с.

8.    Джуринский А.Н..История педагогики:Учеб.пособие для студ.вузов, обучающихся по пед.спец./А.Н.Джуринский.-М.:ВЛАДОС, 2000.-431с.

9.    Очерки истории школы и педагогической мысли народов СССР. XVIII век – первая половина XIX века. –М.; Педагогика, 1973. –605с.

10.    Очерки истории школы и педагогической мысли народов СССР. КонецXIX века – начало XX века. – М.; Педагогика, 1991. –446с.

11.    Хрестоматия по зарубежной педагогике. /Сост. и авт. вводн. ст. А.И.Пискунов. –М.; Просвещение, 1981. –560с.

12.    История педагогики. Часть 1. От зарождения воспитания в первобытном обществе до середины XVII века. Учебное пособие для педагогических университетов. /Под ред. А.И.Пискунова. –М.; ТЦ «Сфера», 1997. –192с.

13.    История педагогики. Часть 2. С XVII века до середины XX века. Учебное пособие для педагогических университетов. /Под ред. А.И.Пискунова –М.; ТЦ «Сфера», 1997. –304с.

14.    Ауэзов М.М. Возрождение учителя: о жизни и творчестве Фараби. –Алма-Ата, Жазушы, 1975. –199с.

15.    Григорян С.Н. Великие мыслители Арабского Востока. –М.; Знание, 1980. –190с.