Доклад/Баяндама: Балалардың психикалық денсаулығын нығайтудың жолдары


Цена: 1 Скачать
Предмет:
Психология
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
13

... Қазақстан бүгінгі таңда өтпелі кезеңде тұр, оның экономикалық, саяси және әлеуметтік құрылымы әлі де болса тұрақты емес. Бұның айқын дәлелі қоғамның бөлек топтарға бөлінуі, ал әрбір қоғамдағы топтың өзінің салауатты өмір сүру бейнесі бар. Көптеген отбасылары өмір сүруі үшін қажетті болып табылатын – дұрыс тамақтану, киіну, жайлы қоныс, маусымдық киім, жеке гигиена құралдарына да дұрыс қолы жетпей кедейлік қамытында өмір сүруде. Бұл адамдар “қауіп-қатер тобына” жатады, бұл топты өміріне және денсаулығына қауіп төнетін адамдар ғана құрайды.

 

Адамдардың өмір салты мен салауатты өмірі бес әлеуметтік факторларға тәуелді деп қарастыруға болады:

            - макроәлеуметтік фактор- нақты тарихи жағдайлар, мемлекттің мәдени

    -  дәстүрлері деп қарастыруға болады;

           - микроәлеуметтік фактор- жеке отбасының экономикалық жағдайы;

 -  психоәлеуметтік фактор- нақты отбасы қажеттіліктерінің арасында  денсаулықтың алатын орны;

             -  психологиялық фактор- денсаулықтың денсаулық иерархиясындағы      орнын анықтау мәселесіндегі тұлғалық бағдарлары;

              - қауіптілік факторы- тәуекелділік факторларының көрінуінің шынайылығы мен шарттарының болуы.

Жеке тұлға қалыптасуының биологиялық  және әлеуметтік факторларының арақатынасының бірлігі адамды жеке тұлға ретінде қалыптастырудың негізі болып табылады. Осы  әдіснамалық тұрғыдан алғанда жеке тұлғаның қалыптасуын зерттеуде кешенді тұрғы болуының қажеттілігі айқын.

 

Балалық шақтағы барлық ауытқулар, бейімделу немесе жеке тұлғалық өзгерістерде, осы айтылған себептердің көп факторлығын ашуға мүмкіндік беретін, солардың өзара әсерін зерттеу қажет. Психикалық денсаулықты нығайту, өсіп келе жатқан ұрпақтың жоғарғы тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру және үйлесімді психофизиологиялық пісіп жетілуін қамтамасыз ету - маңызды әлеуметтік міндеттерге жатады.

 

Психикалық және тән саулықтарын бір-бірінен бөлуге болмайды. БДҰ беретін денсаулық анықтамасында бұл жағдай барынша нақты көрсетілген. Денсаулық ауру немесе жарымжандықтың (кемістіктің ) жоқтығы ретінде ғана емес, сондай-ақ, толықтай әлеуметтік, рухани және физикалық аман-есендік. сонымен адам биоэтнопсихоәлеуметтік бірлік ретінде қарастырылады. ...