Курсовая работа: Банк ресурстары мәні мен түрлері


Предмет:
Банковское дело
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
31

Мазмұны

КІРІСПЕ. 3

І – БӨЛІМ.  БАНК РЕСУРСТАРЫНЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТЕОРИЯСЫ. 5

1.1 Банк ресурстарының ұғымы мен құрлымы. 5

1.2 Банк ресурстарын құрайтын операциялар. 7

1.3 Банк меншік капиталының көздері мен қызметі, жіктелуі. 9

ІІ – БӨЛІМ.  БАНК РЕСУРСТАРЫН ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ РЕТТЕУ. 15

2.1 Банктің тартылатын қаражаттарын реттеу. 15

2.2. Қазақстандағы банк ресурстарының саясатын жетілдіру жолдары.. 21

2.3. Қазақстан Ұлттық банкінің ақша – несие саясаты. 23

ҚОРЫТЫНДЫ.. 29

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 31

1.3 Банк меншік капиталының көздері мен қызметі, жіктелуі.

 

Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі осының есебінен банкте қажетті резервтер құралады. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.

Банктің меншікті капиталы – банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шарауашылық қызметін  қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты  және өткен жылдардағы  бөлінбеген пайдасы.

Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға әсер ететін әр түрлі факторларға атап айтсақ, активтер сапасына, меншікті пайданы пайдалануына, капиталдың бағасын нығайту максатына және банк саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады.

Сонымен, қатар коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай баптар құрайды:

  • жарғылық капитал;
  • резервтік капитал;
  • қосымша капиталдар;
  • банк операциялары бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылған қорлар (резервтер);
  • бөлінбеген банк пайдасы.

Банктің жарғылық капиталы банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктердің пруденциялық нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады.

Қазақстанда екінші деңгейлі банктер төмендегідей екі ұйымдық формаларда құрыла алады:

  • акционерлік банк формасында;
  • пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында;

Пай қосу арқылы қүрылған банктің жарғылық капиталы құрылтайшылық құжатта мөлшері анықталған пайшыларының жарнасынан құралып, олар қосқан жарналары көлемінде жауапты болып саналады. Мұндай банктердің жарғылық капиталын ұлғайту, тек қана пай қосушылардың қосымша қосқан жарналары және пай қосушылардың санының өсуі есебінен жүзеге асырылады. Алайда, акционерлік банктер өздерінің жарғылық капиталын ұлгайту үшін қосымша акцияларын эмиссиялайды, сол сияқты бұрынғы шығарылған акцияларының бағасын өсіреді.

Меншікті капиталдың құрамдас бөлігі - акционерлік капитал. Бағалы қағаз (акция) шығару есебінен құрылған банктің жарғылық капиталын банктің акциоиерлік капиталы деп атайды. Акционерлік капитал көлемі акцияны ұстаушылар — акционерлер қосқан жарналардан құралады. Акционерлік банктің акциясы – банктің жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын және дивиденд алуға және банкті басқару ісіне араласуға құқық беретін бағалы қағаз.

Акционерлік капиталдың құрылымы әр банктерде әр түрлі келеді. Акционерлік капитал келесідей түрлерге бөлінеді:

а)меншікті акционерлік капитал, яғни бұл жай және артықшылығы бар акцияларды сатудан түскен қаражаттардан, үнемделген капитал және бөлінбеген пайдадан тұрады;

б)банктік резервтер, яғни алдағы уақыттағы әр түрлі шығындарды жабуға, дивиденттер төлеуге, қайтарылмаған карыздың орнын жабуға арналады;

в)банктің ұзақ мерзімді міндеттемесі (ұзақ мерзімді вексельдері, облигациялары).

Сонымен қатар, банктер қаражат тарту мақсатында облигацияларды  шығарады....

2.2. Қазақстандағы банк ресурстарының саясатын жетілдіру жолдары

Әлемдік тәжірибеде Орталық банктің және коммерциялық банктердің несиелері арасында тұрақты өзара байланыс байқалады. Бұндай байланыстар әртүрлі елдер бойынша ерекшелінеді, мысалы Германияда Орталық Банктің ставкалары несиелер бойынша банктік ставкалардың ең жоғарғы шегін белгілейді, ал Франция мен Италияда ең төменгі шегі белгіленеді.

Орталық банктің несиелері банктік ресурстар көзі болып табылады, соған сәйкес пайыздық саясаттың әсер етуі жалпы экономикаға таралады. Ақша-несиелік реттеудің осы құралы Қазақстандық банктік жүйені реформалау кезінде ереқше танымал болды, себебі Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің резервтері сыртқы факторларға қарсы түру үшін жеткіліксіз болды, ал ашық нарықтағы операциялар дамымады.

Ал қазіргі кезде ақша-несие саясатының жалпы бағыты ставка деңгейлерін бақылау сақталуда, бірақ осы құралдың мәні біртіндеп азайып келеді. Бірақ, пайыздық саясаттан толық бас тарту мүмкін емес, өйткені осы құралдың инфляцияға қарсы тиімділігінің маңыздылығы зор. Мысалы, Америка Құрама Штаттары ресми ставкаларды белгілеуден бас тартқан елдердің бірі болып саналады. Германия, Жапония, Швеция елдерінде ресми пайыздық ставка инфляцияға қарсы реттеу құралы және ұлттық валюта бағамын реттеуші ретінде пайдаланылады.

Әлемдік тәжірибеде пайыздық саясатқа жанама әсер ету шараларына көшу тенденциясы байқалуда. Бірақ, көптеген жағдайларда пайыздық ставкаларда жанами реттеу банктік резервтер келеміне әсер ететін әдістер арқылы ставкаларды тікелей белгілеуді ауыстыруды болжайды.

Нарықты экономикасы дамыған елдерде макроэкономикалық реттеу салаларында жеткілікті мөлшерде көп тәжірибе жинақталған. Бірақ осы салада басқа елдердің тәжірибесін толық пайдалану қажетті нәтижеге қол жеткізбейді. Сондықтан макроэкономикалық реттеудің мақсаттары мен әдістерін таңдау кезінде экономиканың дамуының нақты тарихи жағдайын ескеру қажет.

Ақша-кредит саясатын iске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi мынадай операция түрлерiн жүзеге асырады:

1) қарыздар беру;

2) депозиттер қабылдау;

3) валюталық интервенциялар;

4) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноталарын шығару;

5) мемлекеттiк және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу және сату, оның iшiнде керi сатып алу құқығымен;

6) коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу;

7) Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша басқа да операциялар.

Қазақстан Ұлттық Банкi қайта қаржыландырудың ресми ставкасын ақша рыногының жалпы жай-күйiне, қарыздар бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейiне және инфляциялық болжалдарға қарай белгiлейдi.

Мемлекеттiк және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу мен сатуды Қазақстан Ұлттық Банкi жалпы ақша-кредит саясаты шеңберiнде жүзеге асырады.

Қазақстан Ұлттық Банкi жүзеге асырылатын ақша-кредит саясаты шеңберiнде қаржы рыногындағы рыноктық сыйақы ставкаларына әсер ету мақсатында ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары бойынша сыйақы ставкаларын белгiлейдi. ...

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Тексты лекций Искаковой З.Д. по курсу "Банковское дело".

2. Б. А. Көшенова. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары. Алматы «Экономика» 2000 ж.

3.  Банковское дело. Учебник Под. ред. Г.С. Сейткасимова.Алматы: Каржы-каражат. 1999г.

4.  С. Б. Мақыш, А. Ә. Ілияс  Банк ісі. Алматы «Қазақ университеті» 2004 ж.

5. Усоскин В.М. Современный коммерческий банк. Управление и операции. М: ИПЦ "Вазар-фсрро". 1994г.

6. В.В. Иванов. Банктер сенімділігі сараптамасы. М.: Русская деловая литература, 1996. - 320 с.

7. Велислава Т. Севрук. Банктік қауіптер. - М: «Дело Лтд», 1995. - 72 с.

8. Эдвин Дж. Долан. Ақшалар, банктік ісі және ақшалай-несиелік саясат. СПб.: «Санкт-Петербург ОРКЕСТР», 1994. - 496 с.

9. «Банктер және банктер қызметі жөнінде» Заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғысы,1995 г. ...