Доклад/Баяндама: XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Ресейдегі мектеп пен педагогика


Цена: 1 Скачать
Предмет:
Педагогика
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
23

Жоспар

 

1 XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Ресейдегі мектеп пен педагогиканың мәні 3

2.Орыстың революцияшыл демократтары Виссарион Григорьевич Белинский мен Александр Иванович Герценнің педагогикалық теориясы.. 8

3 Тәрбиенің халықтығы және оның мақсаты.. 12

4 Жалпы білім беру және жастардың көзқарасын қалыптастыру туралы.. 16

Әдебиеттер. 23

 

1 XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Ресейдегі мектеп пен педагогиканың мәні

 

XVIII  гасырдың аяғы мен XIX ғасырдың бас кезін В. И. Ленин: «Жалпы буржуа зияшыл-демократиялық қозғалыстар, әсіресе буржуазияшыл-ұлттық қозғалыстар дәуірі, дәурені өтіп бара жатқан феодалдық абсолюттік орындардың күйреу кезеңі»,— деп бағалады.

 

XIX ғасырдың бірінші жартысында Ресейдің ішкі өмірінде капитализмнің дамуына байланысты крепостнойлық құрылыстың ірі процесі күшейе берді. Соның нәтижесінде таптық қайщылықтар шиеленісті. Шаруалар қозғалысы өріс алды, дворян революционерлері — декабристер, онан кейін интеллигенция бас көтерді.

 

XIX ғасырдың басында Ресейде капиталистік қатынастардың дамып өріс алуымен байданысты, патша үкіметі алдыңғы қатарлы қоғамдық ой-пікірдің алдында көз бояушылық мақсатымен либералшыл бағытта кейбір реформалар жүргізді.

 

Мектеп білімінің мемлекеттік жүйесінің құрылуы

 

Осы кезеңде таңқа отырған I Александр мемлекеттік билеудің ескірген жүйесін өзгертті. Бұрынғы коллегиялардың орнына бір орталыққа бағынған министрліктер құрды. Соның бірі 1802 жылы құрылған Халық ағарту министрлігі болды. Бұл министрлік ғылым, әдебиет, баспасөз, ағарту және тәрбие ісін басқарды.

 

1803 жылы Халық ағарту министрлігі «Халық ағарту ісінің бастапқы ережелерін» жариялады. Бұл «Ережелер» бойынша бүкіл Ресей 6 оқу округтеріне бөлінді, әр оқу округін мемлекет чиновнигі — оқу округінің попечителі деген басқарды. ...

 

3 Тәрбиенің халықтығы және оның мақсаты

 

Революцияшыл-демократиялың педагогиканың негізін салушылар педагогиканың өте күрделі  мәселелерінің бірі — адамды жетілдірудегі тәрбиенің роліне ерекше мән берді. Олар ең алдымен өз кездеріндегі ресми педагогикада кең орын алып келген баланың дами отыра жетіле алатын мүмкіншіліктерін кемітуге, оның белсенді түрде дамитын ерекшеліктеріне сенбестік тугызған көзқарастарға қарсы шықты.

 

Белинский мен Герцен өз пікірлерінде диалектик және нәзік психологтар болумен бірге, педагогика мәселесіне де зор мән берді. Демократияшыл педагогиканың мақсаты — баланың табиғи мүмкіншіліктері мен күшіне сеніммен қарауға тиіс, әр балада теріс мінез-құлық ерекшеліктермен бірге жағымды және ұнамды жақтары болады, ал енді тәрбие өнерінің міндеті — сол ерекшеліктерді байқап, одан әрі дамытуы тиіс деген.

 

В. Г. Белинский өзінің алғашқы тәрбие жөніндегі шығармаларының бірі «Ойлауында» (1829 ж.): «Тәрбиенің әсерімен адам Сократтай терең ойлы, ізгі жан, немесе Нерондай қайрымсыз жыртқыш та бола алады»,— деді. Өмір тағдыры осы тәрбиеге тәуелді, тәрбие адамның бірінші мұраты деп, оның ролін шектен асыра бағалады. Ал енді кейіннен, 40-жылдары «Балалар кітаптары туралы» еңбегінде тәрбие баладағы болатын табиғи мүмкіншіліктер және ерекшеліктермен байланысты болуға, солармен санасуға тиіс деді. Баланың ойы таза, ақ тақта тәрізді емес, ол ағаш түқымындай, сондықтан бала тәрбие арқылы дамуы, жетілуі мүмкін деп суреттеді. Бұл жөнінде Белинский: «Адамда өзінің өсу, даму дәуірлері бар, онымен санаспай ағып, ұшқары кету — ол игілікті қасиеттерді апат етуге апарып соғады»,— деді.

 

В.Г. Белинский өзінің 1838 ж. В. Бурьяновтың балаларға арналған кітаптарына жазған сындарында тәрбиенің адамды қалыптастырудағы ролін: «Тәрбие аса маңызды, тамаша іс: ол адамның тағдырын шешеді...» «жас ұрпақ қазіргі шақтың жемісіне қонақ, және де келешектің қожасы»,— деп жоғары бағалайды.

 

А.И. Герцен нәсілдіктің, ортаның және тәрбиенің арақатынастарын терең ойластыра зерттеді. Өзінің материалистік көқңарасына байланысты Герцен адамның жетілуі бір мақсатңа бағыттала және ұйымдастырыла жүргізілетін тәрбиенің шешуші ролін мойындады. Ол адамның дами жетілуі белгілі әлеуметтік ортаның жағдайларына, қоғам өмірінің белгілі тарихи кезеңіне байланысты болатындығын көрсетті. Ондай жағдайлар көп, бірақ жеткіліксіз, адамның өзі араласпай, адамның еркінсіз, оның еңбегінсіз еш нәрсе де болмайды деп ескертті. Осылай Герцен адамның қалыптасуындағы тәрбиенің белсенді ролін анықтады. Герцен тәрбие шексіз құдіретті деген пікірден алыс еді. Оның ойынша, тәрбие табиғаттың бермегенін жасай алмайды. ...