Доклад/Баяндама: XVIII ғасырға дейінгі және XVIII ғасырдағы Ресейдегі тәрбие және педагогикалық ойлар


Цена: 1 Скачать
Предмет:
Педагогика
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
17

Жоспар

 

 1. XVIII ғасырға дейінгі Ресейдегі тәрбие және педагогикалық ойлардың маңызы   3

2.Туысқандық мектептер. 6

3.Ресейдегі XVII ғасырдағы ағарту ісінің дамуы. 9

4.XVIII ғасырдағы Ресейдегі мектеп пен педагогиканың мәні. 10

5. Михаил Васильевич Ломоносов (1711- 1765ж) 12

6.Александр Николаевич Радищев (1749- 1802) 15

Әдебиеттер. 17

 

2.Туысқандық мектептер

 

XVI ғасырда және XVII ғасырдың бірінші жартысында Украина мен Беларусия Поляк Литва мемлекетінің қарамағында болды. Поляк пандары украин мен беларус халықтарын қанап, поляктандыруға тырысты. Поляк қанауына қарсы украин мен беларустар діни ұлттық ұйымдар құрды. Бұл ұйымдар демократиялық принципте құрылды, мәселелер жалпы жиналыста көпшілік дауыспен шешілді. Бірақ ұйымның басшылығы бай адамдардың қолында болды. Ұлттық қанауға қарсы күрес құралдарының бірі туысқандық мектеп болды, олар поляктардың католик мектептеріне қарсы ұйымдастырылды.

 

Алғашқы украин туысқандық мектебі 1586 жылы Львовта ашылды. Кейін Вильнюс, Брест, Могилев, Луцк, Киев және Украина мен Белорусияның басқа да қалаларында ашылды. Біздің замаңымызға дейін сақталған Львов және Луцк мектептерінің уставынан туысқандық мектептерінің демократиялық принциптерінің құрылғандығы көрінеді. Мектептің ректоры мен мұғалімдері ұйымның жалпы жиналысында сайланды. Оның үстіне мектеп жұмысын бақылайтын екі қамқоршы өкіл сайланды. Баласын мектепке берерде баланың әкесі мектеппен шарт жасайтын болды. Ол шартта мектепті баланы неге үйрететіні, ата- ананың мектеп алдындағы міндеті анықталды.

 

Уставта мұғалімнің жеке басының үлгісі туралы да айтылды. Мұғалім ақылды, ұстамды адам болу керек, ашушан, біреуді күндейтін, орынсыз сөйлейтін адам болмауы тиіс. Балаларға қатаң болумен қатар, оларды жақсы көретін болу керек деп көрсетілді.

 

Мектепке барлық сословиенің балалары оқуға алынды. Панасыз балалар ұйымның есебінен оқытылды. Туысқан мектеп уставында мұғалімдерге демократиялық талаптар қойылды: мұғалім балаларды бірдей оқытып, бірдей жақсы көрді, байдың балалары мен кедей балаларына бірдей қарады. Әркімнің шамасына қарай оқытты. Сабаққа келмеген оқушының келмеу себебін мұғалім анықтауға тиісті болды. Мұғалім алдымен оқушылардың үйге берген тапсырманы қалай орындағанын тексеріп, сонан соң сабақ өткізетін, үйге тапсырма беріп, сенбі күні апта бойы оқылған сабақ пысықталатын, туысқандық мектептерде ана тілін оқуға көп көңіл бөлінді. Бұл мектеп мұғалімдері XVI-XVII ғасырларда бірнеше славян тілі грамматикасын құрастырып, баспадан шығарды. Мысалы, 1591 жылы Львов туысқандығы басып шығапған грамматика,1596 жылы Лаврентий Зизений құрастырған “Савян тілінің граматикасы”, Киев туысқандық мектебінің оқытушысы Мелетий Смотрицкийдің құрастырған “Славян грамматикасы” 1619 жылы басылды, кейін 1648 жылы Москвада қайта басылып шықты.  ...

 

5. Михаил Васильевич Ломоносов (1711- 1765ж)

 

М.В. Ломоносов шаруанын баласы, үйде өз бетімен хат танып, 19 жасында Москваға барып, шыққан тегін жасырып славян- грек- латын академиясына оқуға түседі. Кейін үздік оқығанын ескеріп, Петербургтегі академия гимназиясына оқуға алынды. 1736 жылы ол шетелге оқуға жіберілді.

 

1745 жылы Ломоносов химия профессоры, ал кейін академик болады. Ол  ғылымның әр саласында жемісті еңбек етті, ғылымның жаңа салаларын дамытты. Ломоносов орыстың классикалық философиясын жасады. Ол табиғаттың жалпы заңы- материянын сақталуы және қозғалуы заңын ашты, бұл заң қазіргі жаратылыс ғылымының негізі болып табылады. Орыстың ғылыми тілін дамытуда да ол үлкен еңбек сіңірді. Физикадан орыс тілінде лекция оқыған, өзінің ғылыми еңбектерін орыс тілінде жазған алғашқы академик Ломоносов болды. 1758 жылдан бастап Ломоносов университет пен гимназияға басшылық етті, гимназияның оқу жоспарын жасады және университеттің оқу тәртібін, оқу орындарындағы оқыту принциптері мен әдістерін белгіледі. Университет пен гимназия үшін бірнеше оқулықтар жазды.

 

1748 жылы “Риторика” , 1755 жылы “Орыс тілінің грамматикасын” жазды. Бұл оқулықтар кейінгі жарты ғасыр бойындағы жалпы білім беретін орыс мектебінде ең тәуір оқулықтар болып есептелінді. Ломоносов тарих кітабын да жазжы. Ол орыс тіліне аударған “Эксперименттік физика” оқулығында табиғат құбылыстары философиялық материализм тұрғысында түсіндірілді. Бұл кітапта алғашқы рет физика заңдары тәжірибе жасау арқылы дәлелденіп берілді. Ломоносов 1055 жылы Москва университетін ашу мәселесіне белсенді араласты.

 

Кадет корпустары.

 

XVIII ғасырдағы Ресейдегі экономика және мәдениет саласындағы жүзеге асырылған шаралар дворяндар сасловиясының күшейуіне негіз болды. Дворяндар билеуші сословиеге айналды. Олар үшін көптеген жеңілдіктер жасалған. Дворян балаларына міндетті әскерлік қызметтің мерзімі қысқартылды және олар офицер шеңінде ғана әскери қызмет атқаратын болды. Дворян балаларына- болашақ офицерге- керекті білім беретін арнаулы әскери оқу орындары- кадет корпустары ашылды. Бұл оқу орындары Октябрь социалисттік революциясына дейін сақталды. ...