Доклад/Баяндама: Мектепке дейінгі педагогика – мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту, тәрбиелеу, оқыту және оның негізгі заңдылықтары туралы ғылым


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Педагогика
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
5

Жоспар:

 

1. Мектепке дейінгі педагогика, оны оқутудың пәні, міндеттері.

2. Мектепке дейінгі педагогиканың негізгі категориялары.

3. Мектепке дейінгі педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы. 

Әдебиеттер

 

2. Мектепке дейінгі педагогиканың негізгі категориялары.

Педагогика ғылымының негізгі ұғымдары: тәрбиелеу, оқыту, білім беру.

 

Тәрбиелеу дегеніміз – алға белгілі мақсат қоя отырып, баланың психикасына жүйелі әсер ету, бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру, өмірге, еңбекке дұрыс көзқарасын қалыптастыру.

 

Тәрбие – балаға екі жақта әсер ететін процесс: 1) адамгершілік нормаларды меңгерту; 2) тәртіп пен мінез – құлықтың тәжірибесін жинақтау.

 

Оқыту дегеніміз - белгілі жоспар мен бағдарлама бойынша жүйелі түрде баларарға қарапайым білім беру икемділігі мен жағымды әдет – дағдыларын қалыптастыру, олардың танымдық қабілетін, қызығушылығын дамыту. Мектеп жасына дейінгі баланы оқыту оларды бастапқы қарапайым біліммен қаруландыру, ұнамды әдет – дағдылардың  алғашқы нышандарына баулу, ақыл – ой қабілетін, білуге деген құштарлығын дамыту. Балалардың зейін, ес, қиялдау, ойлау, сөйлеу сияқты дүние – танымдық қабілеттерін, мақсаттылық, белсенділік, қиыншылықты жеңе білу сияқты қасиеттерін тәрбиелейді.

 

Білім беру дегеніміз - жас ұрпаққа жүйелі білім негіздерін, табиғат пен қоғамның даму заңдылықтарын игерту, икемділігін, әдет – дағдыларын қалыптастыру. Мектепке дейінгі педагогикада білім беру деген түсінік қолданылмайды (үйрету ұғымы пайдаланылады), өйткені балабақшада балалар толық білім алмайды.

 

3. Мектепке дейінгі педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы.

 

Мектепке дейінгі педагогика тәрбие туралы ғылым болғандықтан, қоғамдық өмірдің тәрбиеге байланысты сан түрлі жақтарын, әлеуметтік қатынастарды зерттейтін әлеуметтік ғылымдар тобымен де, философиямен де, оның саласы этика, эстетикамен, этнопедагогикамен, этнопсихологиямен де байланысты.

 

Мектепке дейінгі педагогика психология ғылымының мәліметтерін кеңімен пайдаланады, өйткені оқыту, тәрбиелеу, жүйелі түрде баланың санасына, сезіміне, еркіне әсер етеді. ...