Доклад/Баяндама: Педагогикалық зерттеу әдістері


Цена: 1 Скачать
Предмет:
Педагогика
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
9

Жоспар

 

1. Мектепке дейінгі педагогиканың әдіснамасы. Мектепке дейінгі жаста педагогикалық зерттеулердің әдістерін қолдану ерекшеліктері. 3

2. Мектепке дейінгі педагогика ғылымының жүйесі мен зерттеу әдістері. 4

Әдебиеттер. 9

 

2. Мектепке дейінгі педагогика ғылымының жүйесі мен зерттеу әдістері.

 

Педагогика тарихы – педагогикалық идеялардың тууы мен дамуын, оның жүйесін, жетілу және тәрбие мәселелерін қоғамдық құбылыс ретінде қарастыратын педагогиканың ерекше саласы.

 

Педагогика тарихы бүгінгі таңдағы педагогикалық теорияларды дамыту үшін өткеннің құнды идеяларын бағыттарын зерттеп, оны қазіргімен салыстырып, сын көзбен қарай отырып, бағалы жетістіктерін пайдалануға, педагогиканың болашақта дамуына қажетті, өмір шең ұсыныстарға сүйенуіне көмектеседі.

 

Мектепке дейінгі педагогика туғаннан 7 жасқа дейінгі балаларды қоғамдық тәрбие орындарында тәрбиелеу мен оқыту заңдылықтарын, әдіс – тәсілдерін қарастырып бағдарламасын жасайды, балалардың жасына қарай оның өзін екі кезеңге бөледі. Сол бөлінуіне сәйкес мектепке дейінгі кезеңнің алдындағы педагогика мектепке дейінгі педагогика деп аталады.

 

Мектеп педагогикасы мектеп жасындағы балаларды оқыту, білім беру, тәрбиелеу, дамыту,қалыптастыру мәселелерін зерттейді.

 

Жоғары мектеп педагогикасы студенттерді оқыту, тәрбиелеу, білім беру мәселелерін қарастырады.

 

Дене бітімі жзәне психикалық дамуында елеулі кемшіліктері бар балаларды оқытып, тәрбиелеу проблемаларымен педагогика ғылымының ерекше саласы – дефектология  шұғылданады да ол өзара дербес мынандай салаларға бөлінеді: сурдопедагогика – саңырау – мылқау және саңырау балаларды тәрбиелеп, оқыту мәселелерін зерттейді, тифлопедагогика – соқыр және нашар көретін балаларды оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтарын зерттейді; ал олигофренепедагогика – ақыл – ой дамуы жағынан мешеу қалған балаларды оқытып, тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін, жолдарын, заңдылықтарын қарастырады; логопедия – тілінің мүкісі, кемістігі бар балалармен шұғылданады. Бұл халық ағарту жүйесіне енгізілген арнаулы оқу – тәрбие мекемелерінде іске асырылды.

 

Жеке пәндерді оқыту әдістемелері де педагогикалық ғылымдар жүйесіне жатады.

 

Әр ғылымның өз мазмұны мен мәніне қарай оның дамуын қамтамасыз ететін белгілі бір ғылыми – зерттеу әдістері болады. Айталық, педагогика тәрбиелеу, оқыту теориясы мәселелерін зерттейді. Сол зерттеу жұмысын да белгілі мәселені таңдап алып, оның өмірде қаншалықты актальді екенін негіздеп, айқындаудың үлкен маңызы бар.

 

Педагогикалық құбылыстарды зерттеудің алғашқы кезеңі – актуальді тақырып таңдап алу, сол тақырыптан балаға қандай қасиетті қалыптастыру үшін,қандай құралдарды пайдалану қажеттігін зерттеу жұмысының қай топта жүргізілетіні белгілі болып тұруы.     Екінші кезеңі – тақырыпқа байланысты әдебиеттерді оқып – үйрену. Таңдаған мәселеге байланысты оқулықтардағы, оқу-құралдарындағы материалдарды, ұлы педагогтардың, психологтардың, әдіскерлердің пікірлерін басшылыққа алу. Тақырыпқа байланысты жазылған зерттеу материалдарын жан – жақта оқып – үйрену, сын көзбен қарап, шолу жасау. Әдебиеттерге шолу жасаған кезде таңдап алған тақырыптың зерттеу дәрежесі немесе нәтижесі талас тудыратын немесе әлі де жете зерттелмеген мәселелер жөнінде қорытынды пікірлер болуы керек.

 

  Үшінші кезеңі – алдын ала бақылау эксперименті арқылы балалардың адамгершілік қасиеттерінің қаншалықты дәрежеде қалыптасқанын білу, балаларға алғашқы мінездеме жазу, осы мәселе төңірегінде балалармен жүргізілетін жұмыстың дәрежесін анықтау. ...