Доклад/Баяндама: Социалистік қоғам орнату кезеңіндегі совет мектебі мен педагогиканың тарихы


Цена: 1 Скачать
Предмет:
Педагогика
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
25

Жоспар

1. Социалистік қоғам орнату кезеңіндегі совет мектебі мен педагогиканың тарихының дамуы.. 3

2.Қазақстандағы мектеп жүйесі. 14

3.Мектептің оқу жоспары мен оқу бағдарламалары. 16

4.Мектеп жұмысы жөніндегі қаулылар. 20

Әдебиеттер. 25

 

1. Социалистік қоғам орнату кезеңіндегі совет мектебі мен педагогиканың тарихының дамуы

 

Ұлы октябрь социалистік революциясы қанауға негізделген ескі қоғамды жойып, еліміздің қоғамдық өмірінде жаңа өзгерістер жасауға кірісті. Соның бірі оқу - ағарту ісіндегі ірі өзгерістер еді. Октябрь революциясынан бұрын мектеп буржуазия үшін таптық қанаудың құралы болып келсе, енді мектепті комунистік қоғамды құрудың құралына айналдыруды міндет ету көзделді. Барлық оқу- ағарту жүйесін революциялық түрде қайта құру міндеті  Ұлы октябрь революциясы жеңген алғашқы күндерден басталды. 1917 жылы 9 ноябрьдегі декрет бойынша, оқу- ағарту жөнінде мемлекеттік комиссия құрылды, ол еліміздегі халық ағарту ісін қайта құрудың негізін жасауға кірісті. Коммунистік партия мен Совет үкіметінің талабына сай Халық ағарту комиссары А.В Луначарский халыққа, мұғалімдерге және оқушыларға үндеу жолдады. Бұл үндеуде Совет үкіметінің халық ағарту саласындағы міндеттері және оны ұйымдастырудың принциптері жарияланды. Ол үндеуде негізінен мынадай мәселелер сөз болды: жаппай міндетті бастауыш оқу, мектептің барлық басқышының жалпыға бірдей болуы, мектептің дінсіз сипатта болуы, мектеп құруда жергілікті ерекшеліктермен қатар, ұлттық ерекшеліктерді ескеру, жаңа мектепті құрудың барлық мәселелерін талқылауға мұғалімдерді араластыру. Мұғалімдер де, оқушылар да жұмысшылармен революцияшыл халықпен тығыз байланысты болуға тиіс.

 

В.И Лениннің ұсынысы бойынша бірінші Халық ағарту комиссары болып А.В. Луначарский болып тағайындалды.

 

Бірінші советтік Халық ағарту комиссарының қолымен жазылған алғашқы оқу- ағарту жөніндегі документтер сол кездегі революцияшыл идеялардың пафосын көрсетті. Олар: “Ресей азаматтарына үндеу”, “Барлық оқытушыларға”, “Барлық оқушыларға” Наркомпростың шағын программасы болды.

 

В.И Ленин нұсқауларын іске асыра отыра, А.В Луначарский және оның әріптес жолдастары мектеп жөніндегі әрбір реформа мен әрбір декретті қалың халық бұқарасының талқысына салуға тырысты. Халық комиссары Наркомпростың жұмысы жөнінде жұмысшылар митингілерінде есеп беріп отырды. ...

 

3.Мектептің оқу жоспары мен оқу бағдарламалары.

 

1919 жылы оқу-ағарту жұмысы жөніндегі Мемлекетік комиссияның жанынан барлық оқу орындары мен ғылыми мекемелердің жұмысын қайта құру үшін Мемлекеттік ғылыми совет құрылды. 1921 жылы осы советтің ғылыми- педагогикалық секциясы ұйымдастырылды. Бұл секция педагогика ғылымы мен халық ағарту ісінің негізгі мәселелерін шешуге, сонын ішінде мектептің оқу бағдарламаларын жасауға міндетті еді. Бұл секция даярлаған бағдарлама 1923-24 оқу жылында жариаланды. Бағдарламаны жасаушылар оқушыларды еліміздің қоғамдық- саяси өміріне белсенді түрде араластыру қажет деп есептеді, оқушыларда коммунистік көзқарас, сенімге тәрбиелеу, мектептік өмірге жақындату, оқушыларды совет халқының жаңа қоғам құру күресіне қатыстыру міндеттерін қойды. Бағдарлама жасаушылар мектептегі білім беруді жеке пәндер арқылы жүргізуден бас тартты. Барлық материал табиғат, еңбек және адам қоғамы туралы білімдер болып топтастырылды. Сондықтан бұл бағдарлама “Кешенді” бағдарлама деп аталды. Бастауыш мектепте берілетін білім “Табиғат”, “еңбек” және “қоғам” деп аталатын үш тақырыпқа топтастырылды.

 

Бірінші класта оқушылардың үйдегі және мектептегі өмірі, екінші класта селоның өмірі жөнінде мәліметтер берілетін болды. Әрі қарай аудан, облас, республиканың өмірімен таныстырылатын болды. Сонымен қатар жыл мезгіліне қарай “Селодағы күзгі жұмыстар”, “Бірінші май- жер жүзі еңбекшілерінің мейрамы”, “Ұлы Октябрь социалистік революциясы” сияқты жеке комплекстік тақырыптарды оқытылу көзделді.

 

Мектептің екінші басқышында да білім осы негізгі үш тақырыптың айналасына топтастырылды, бірақ мұнда көбірек мәліметтер берілетін болды.

 

 

 

  1. Табиғат, оның байлығы мен күші, оларды адамның пайдалануы.
  2. Адамдардың еңбек әрекеті.
  3. Қоғамдық өмір.

 

Совет мұғалімдері маркстік-лениндік теория мен мектеп жөніндегі Коммунистік партия нұсқауларына сүйене отырып, табиғат және адам қоғамы құбылыстарын оқушыларға материалистік тұрғыдан түсіндірді. Балаларға берілетін білімнің көлемі кеңейтілді, балалардың мектепте алған білімдерін тәжірибеде қолдануларына көңіл бөліндң.  ...