Мәнжазба / Реферат: ХІХ ғасырдың басы мен ХХ ғасырдағы


Цена: 2 Скачать
Предмет:
Педагогика
Тип работы:
Мәнжазба / Реферат
Количество страниц:
19

Жоспар

 

1. ХІХ ғасырдың басы мен  ХХ ғасырдағы педагогика. 3

2.« Азаматтық тәрбие » және « Еңбек мектебі » педагогикасы. 4

3.«Әрекет педагогикасы». 5

4.Экспериментальдық педагогика. 7

5.Прагматикалық педагогика. 8

6. Буржуазия педагогиканың осы кездегі негізгі бағыттары. 11

Әдебиеттер. 19

 

2.« Азаматтық тәрбие » және « Еңбек мектебі » педагогикасы.

 

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қалыптасқан ерекше бір ағым « Еңбек мектебі педагогикасы » және « Азаматтық тәрбие теориясы » деген болды. Бұл теорияны реакцияшыл неміс педагогы Георг Кершенштейнер (1854-1932 ) негіздеді. Әр түрлі рекацияшыл педагогикалық теориялардың дәлелінше, мектеп « әлеуметтік тұрақсыздыққа » қарсы, таптық күрес пен революцияшыл қозғалысқа қарсы, еңбекшілер арасына марксизмнің тарауына қарсы күресуге тиіс.

 

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Германияның экономикасының өсуі жеделдеді. Буржуазияға техникамен қаруланған,саяси жағынан сол буржуазияға тәуелді тәрбиеленген жұмысшы керек болды.

 

Г.Кершенштейнер буржуазияның осы мүдделерін қанағаттандыратындай педагогика мәселесін зерттеді. Мектептің міндеттерін анықтай келе, мектеп түгелімен буржуазиялық мемлекеттің ( Германия империализмнің) мүддесіне қызмет етуге тиіс деді.

 

Г.Кершенштейнер әсіресе пролетариаттың санасының жетілуінен, жұмысшы қозғалысының өрлеуінен сескенеді.

 

Сондықтан оның ұсынған « Азаматтық тәрбиесі » балаларды мемлекетке сөзсіз бағынуға үйрету еді.

 

Оның айтуынша, « ішкі жауларға», пролетарлық санаға қарсы зеңбірек те, броненосец те, бүкіл буржуазияның қарулы күші де қарсы тұра алмайды. Бұған басқа нәзік құрал, сонымен бірге айқын, күшті, әсерлі құрал керек. Ол – саяси тәрбие, бұл тәрбие оқушыларға мемлекет міндеттерін, азаматтық борышты түсіндіретіндей болсын деді.

 

Әңгіме халық бұқарасы жөнінде болғандықтан, Кершенштейнер мектеп тәрбиесінің негізгі мәні – оқушыларға белгілі идеяларды сіңіру деп есептеді. Ол бұл тәрбие арқылы еңбекшілерді шовинистік тәрбиелегісі келді, бағынуға ғана икемді жұмысшылар мен солдаттарды даярлауды көздеді.

 

Ал енді өзі негіздеп ұсынған « Еңбек мектебі » идеясы бойынша, мектепке «реформа» жүргізу керек: халық мектебінде оқушы қол еңбегіне үйренеді, техникалық дағдылар алады, әр түрлі аспаптарға үйренеді. Халық мектебінің оқушылары, болашақ мамандығы үшін жалпы еңбек даярлығынан өтуі тиіс....

 

4.Экспериментальдық педагогика.

 

 Империализм дәуіріндегі буржуазиялық педагогикада экспериментальдық педагогика көрнекті орында болған, мұның белгілі өкілдері неміс педагогтары Эрнст Меймен (1862-1915) және жоғарыда әңгіме болған А. Лай болды.

 

ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде Германия мен Америкада құрылған экспериментальдық педагогикалық психологияның лабораториялары кейінен Ангияда, Францияда, Италияда, Россияда ашылды. Кейінірек оқу мен тәрбиенің проблемалары біртіндеп экспериментальдық зерттеу арқылы жүргізіліп отырды, сөйтіп, экспериментальдық педагогика ерекше бағыт болып дамыды.

 

Эксперименттер үшін әдейі жасалынған өлшеу приборларының көмегімен және арнайы байқауларды ұйымдастыру арқылы балалардың дене дамуының кейбір заңдылықтары анықталды, балалар творчествосының (сурет салу) жалпы ерекшеліктері зерттелді, балалардың қабылдауын, ойын дамытуға творчестволық еңбектің маңызы бары анықталды. Мұнда басқа да бағалы байқаулар мен қорытындылар жасалынды.

 

Бірақ экспериментальдық педагогиканың қайраткерлері баланы эксперимент арқылы зерттеуден басқа ғылыми – педагогикалық зерттеулердің басқа әдістерін мойындамады. Сонымен бірге олар баланы қоғамдық жағдайлардан бөліп алып қарады, тәрбиенің әлеуметтік құбылыс екендігін ескермей, оны тек қана жалаң биологиялық құбылыс ретінде қарады. Экспериментальдық педагогиканың өкілдері теорияны зерттуге көңіл бөлмеді, олар тек қана эмпериканы, «обьективтік» мәліметтерді мойындап, философиялық педагогиканы субьективтік есептеді. Экспериментальдық педагогика педагогикалық қорытындылар мен тұжырымдарды тікелей психологияның мәліметтерінен ғана шығарды.

 

Экспериментальдық педагогиканың көрнекті өкілі Эрнст Мейман өзінің экспериментінде баланы алдын ала құрылған жасанды лабораториялық жағдайда зерттеді. Баланы әр түрлі әрекетте зерттемей, оқу үстінде тұтас оқушы ретінде қарамай, оны психикалық функциялары бойынша (ес, зейін, елес, ойлау, сезім т.б.) зерттеді. Э.Мейман психологиялық экспериментті – негізінен жетілу және жұмыс үстіндегі балаға жүргізілетін психологиялық эксперимент деп есептеді. Оның барлығы педагогикалық теорияның мәнін кемітті, балалар жөніндегі мағлұматтардың негізгі көзі болып саналатын оқу – тәрбие жұмысының мәнін теріс бағалауға апарып соқтырды. ...

 

6. Буржуазия педагогиканың осы кездегі негізгі бағыттары.

 

 Осы кездегі буржуазия педагогикасы күрделі және қайшылықты жағдайда танылып келеді. Мұндай жағдай капиталистік қоғамның әлеуметтік құрылысының күрделі болуына және буржуазия  ғалымдарының тұтас және тұрақты көзқарасының болмауына байланысты. Сонымен бірге педагогикада ой – пікірдің дамуына әр түрлі әлеуметтік, экономикалық және саяси дамулардың, тарихи- мәдени дәстүрлердің айырмашылықтарының болуы әсер етуде.

 

Капиталистік елдерде халық ағарту ісі шиеленіскен саяси және идеологиялық күрестің обьектісі болып отыр. Әлеуметтік- экономикалық ілгерілеу, ғылыми – техникалық прогресс және прогрессившіл күштер тарапынан күшейіп отырған талаптар буржуазиялық үкіметтерді жалпы және мамандық білімді белгілі дәрежеде кеңейтуге мәжбүр етуде. Балалар мен жастарға білім беру бірінші қатардағы мемлекеттік мәні бар міндеттерге айналуда.

 

Осының барлығы буржуазиялық педагогиканың алдына маңызды жаңа проблемалар қоюда және теоретик-педагогтар жұмысын жандандыруда. Зерттеулердің проблематикасы кеңейіп, күрделі болып отыр, кітаптар мен мерзімді баспа ісі көбеюде, жаңа ғылыми – педагогикалық орталықтар құрылуда.

 

Бірақ капитализмнің шешілмейтін қайшылықтары халық ағарту саласында да өріс алып, буржуазиялық педагогикалық ой– пікірдің дамуына әсер етуде. Осыдан барып буржуазиялық педагогикада классикалық педагогикалық теориялардың ең жақсы дәстүрлерінен бас тарту, дін мен ирроционализмнің күшеюі, таяу арада болған белгілі педагогикалық бағыттардың кейін шегінуі орын алып отыр. ...