Доклад/Баяндама: Мектепке дейінгі тәрбиенің дамуы


Цена: 1 Скачать
Предмет:
Педагогика
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
12

Жоспар

 

1. Ян Амос Коменскийдің Ана мектебі ілімі 3

2. И.Г.Пестолоцийдің балаларға арналған мектебі. 4

3. Роберт Оуэн мектепке дейінгі тәрбиедегі педагогикалыққызметі. 4

4. Ф. Фребельдің балабақшасы. 5

5. Ресейдегі балабақшалар тарихы және олардың тәрбиелік бағыттары. 6

Әдебиеттер: 12

 

2. И.Г.Пестолоцийдің балаларға арналған мектебі.

 

Песталоцци 1774 жылы «кедейлер үйін» ашып, оған елуге тарта жетім және панасыз балаларды жинады. Балалардың өздері еңбек етіп, тапқан табыстарымен бұл үйді ұстауға болады деп есептеді. Балалар ауыл шаруашылық еңбегімен және тоқыма кәсібімен шұғылданды. Өзі балаларды оқу, жазу және санауғa үйретті. Сөйтіп, Песталоцци оқуды еңбекпен ұштастырды. Ол еңбекті жан-жақты тәрбие берудің кұралы деп бағалады.

 

Песталоццидің бұл тәжірибесінің кемшілік жактары да болды. Біріншіден, тек қана балалардың табысымен тәрбие үйінің қаражатын өтеуге болады деуі қате пікір еді. Екінішіден, оқу мен еңбекті ұштастыруы ойдағыдай іске аспады. Балалардың ауыл шаруашылығындағы және токыма кәсібіндегі еңбектерінің ғылыми негізі түсіндірілмеді. Ол «Лингард және Гертруда» деген әлеуметтік-педагогикалық роман жазды. Бұл еңбегінде шаруашылықты дұрыс ұйымдастыру және балаларды тәрбиелеу ісін дұрыс жолға қою арқылы шаруалардың тұрмысын жақсарту идеясын насихаттады. Бұл еңбек басылып шыққаннан кейін Песталоццидің есімі көпке әйгілі болды.

 

3. Роберт Оуэн мектепке дейінгі тәрбиедегі педагогикалыққызметі.

 

Роберт Оуэн көрнекті ағылшынқогам қайраткері, өз кезінде оқыту, тәрбиелеу, жалпы педагогика мәселелеріне көңіл бөлді. Жиырма жасында фабрика басқарып, еңбекшілердің ауыр тұрмысын өз көзімен көрді. Капитализмнің халықтық тұрмысын  ауырлатып отырғанын   байқап, Оуэн   әсіресе балалардың  жағдайын жақсартпақ  болды. Адам  айналасынқоршаған ортаның нәтижесі, ендеше алдымен жұмысшының тұрмысын жаңсарту керек деп есептеді. Ол фабрикада жұмыс күнін 14 сағаттан 10 сағатқа дейін қысқартты, жұмысшылардың жалақысын көбейтті, олар үшін жаңа пәтерлер салдырды, жақсы дем алуына жағдай жасады.   10 жасқа  толмаған балаларды фабрикаға жұмысқа алуға тыйым салды, фабрика жанынан оқу-тәрбие мекемелерін, «Сәбилер мектебі»: (1 жастан 6 жасқа дейін) ясли, балабақша, ойын алаңы, бастауыш мектеп (6-дан 10 жасқа дейін), кешкі мектеп (өндірісте жұмыс істейтін жас өспірімдер үшін) ұйымдастырды. Ересек жұмысшылар    үшін    лекция,    әңгіме,   ойын-сауықтар    ұйымдастырылды.

 

Оуэн «Сәбилер мектебіне» көп қамқорлық жасады. Балалар кішкентайынан ән айтуға, билеуге үйретілді және уақытының көпшілігін таза ауада өткізді. Әсіресе дене тәрбиесіне көп көңіл бөлінді. Балаларды  қоғамдық   рухта   тәрбиелеуге, жолдастарын   сыйлауға,   бір-біріне   көмектесуге   Оуэн   үлкен мән берді. Табиғат, айналадағы заттар менқұбылыстар жөнінде әңгіме өткізілді. Эстетикалық тәрбиеге жете көңіл бөлінді. Сәбилерді тәрбиелеуге балаларды сүйетін фабриканың жас жұмысшылары шақырылды.

4. Ф. Фребельдің балабақшасы.

 

Баланы нәресте шағынан дұрыс жетілдіру үшін Фребель алты «сыйлық» жасауды ұсынды. Бірінші сыйлық – доп. Доп шағын, жұмсақ, алуан түске –қызыл, сары, жасыл, көк, күлгін (яғни, кемпірқосақтың барлық) түсіне және аққа боялған жүннен тоқылғаны жөн. Әрбір допшар жіптен тұрады. Анасы балаға доптың алуан түсін көрсете отырып, оны түстерді айыра білуге жаттықтырады. Шарды жан-жаққа қозғалта отырып, тиісінше «алдыға-артқа», «жоғары-төмен», «оңға-солға» деген ұғымдарды санасына сіңіріп, ана балаға кеңістік жайлы түсінік береді. Шарды алақанында көрсетіп және жасырып, тиісінше «Доп бар – доп жоқ» деген сөздермен демей отырып баланы мақұлдаумен және теріске шығарумен таныстырады.

 

Екінші сыйлық шағын ағаш шар, текше және цилиндр (шардың диаметрі, цилиндрдің табаны және текшенің жақтары бірдей). Осылардың көмегімен бала заттардың әртүрлі формаларымен танысады. Текше өзінің формасымен және орнықтылығымен шарға қарама-қайшы болып келеді.

 

Үшінші сыйлық – сегіз шағын текшеден құрастырылған бір текше(текше екіге, оның әрбір жартысы төртке бөлінген).Осы сыйлықтың көмегі арқасында бала тұтас  зат және оның бөлшектері туралы түсінікке ие болады деп есептеді Фребель. ...