Доклад/Баяндама: Адольф Дистервег пен Роберт Оуэнның педагогикалық қызметі мен ой-пікірлері -Скачать


Цена: 1 Скачать
Предмет:
Педагогика
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
16

Жоспар

 

1 Адольф Дистервегтің (1790-1866) педагогикалық қызметі мен ой-пікірлері 3

2.Роберт Оуэннің педагогикалық қызметі мен көзқарастары. 10

Әдебиеттер. 16

 

1 Адольф Дистервегтің (1790-1866) педагогикалық қызметі мен ой-пікірлері

 

Көрнекті неміс педагогы Адольф Дистервег XIX ғасырдың орта шеніндегі Герман буржуазиялық-демократиялық педагогикасының прогрессивті өкілі болып табылады. Ол университетті бітірген соң 1813 жылдан бастап физика, математикадан орта мектепте сабақ береді. Кейін мұғалімдер семинариясының директоры болып қызмет істеді. Өз тәжірибесіне сүйене отырып Дистервег Песталоццидің дидактикалық пікірлерін насихаттады. Ол Берлинде «Педагогтық қоғам» құрып неміс мұғалімдерін біріктірді. Дистервег 1835 жылы өзінің бай тәжірибесіне сүйене отырып «Неміс мұғалімдерінің білімін жетілдіруге басшылық» атты үлкен еңбегін жариялады. Бұл еңбектің бірінші бөлімі-педагогика мен дидактиканың жалпы мәселелеріне, ал екінші бөлімі әр пәндерді оқытудың әдістемесіне арналды. Бұл еңбек көптеген жылдар бойы алдыңғы катарлы неміс мұғалімдерін жастарға білім беру үшін күреуге жұмылдырды. Дистервег бұл еңбегінде алдымен өзінше ойлайтын, белсенді азаматтар тәрбиелеуді қажет деп санады. Оның басқа еңбектері, әдістемелік нұсқаулары, халық мектебі үшін шығарған оқулықтары да осы бағытта жазылды.

 

Дистервег математикадан, неміс тілінен, географиядан, астрономиядан 20-дан аса оқулық және оқу құралдарын жазды. Олар Германияда және басқа елдерде кең пайдаланылды.

 

1827 жылдан бастап Дистервег «Тәрбие және оқыту жөнінде Рейн беттері» атты журнал шығарып тұрды. Ол журналға педагогика мәселелеріне арналған 400-ден аса мақалалар жазды. Дистервег бастауыш мектептің мұғалімдерін даярлауды жақсарту үшін күресті. Германия халық мұғалімдерін біріктіру жөнінде көп жұмыс жүргізді. Осы қызметтері және халықтың мүддесін жақтағаны үшін Дистервегті Пруссия үкіметі қуғындап, Берлин мұғалімдер семинариясының директоры қызметінен босатады. Халық мұғалімдерін біріктіруде көп еңбек еткенін бағалап Дистервегті Германия мұғалімдер одағының председателі, кейін Пруссия депутаттар палатасына өкіл етіп сайлады. Ол шын мәніндегі «Неміс мұғалімдерінің ұстазы» болатын. 1851 жылдан бастап Дистервег «Педагогикалық жылдық» атты жинақ шығара бастады. Ол Пруссия үкіметінің халық ағарту саясатын батыл сынады. Әсіресе 1854 жылы қабылданған мектеп жөніндегі реакциялық заңды әшкереледі. Бұл заң арқылы Прус­сия үкіметі мектепті толығынан шіркеуге бағындыруға тырысты, бастауыш мектепте берілетін білімнің көлемін азайтып, дін сабағын негізгі сабақ етіп жүргізді. Бұл сабаққа көп жаттауды керек ететін материалдар енгізілді. Мұғадімдер семинариясында берілетін білімнің көлемі де қысқартылды. Дистервегтің баспа аркылы да, депутаттар палатасының трибунасы арқылы жоғарыда ,аталған заңға батыл шығуы да оған белгілі өзгеріс енгізуге үкіметті мәжбүр етті. ...

 

2.Роберт Оуэннің педагогикалық қызметі мен көзқарастары.

 

Роберт Оуэн көрнекті ағылшын қогам қайраткері, өз кезінде оқыту, тәрбиелеу, жалпы педагогика мәселелеріне көңіл бөлді. Жиырма жасында фабрика басқарып, еңбекшілердің ауыр тұрмысын өз көзімен көрді. Капитализмнің халықтық тұрмысын  ауырлатып отырғанын   байқап, Оуэн   әсіресе балалардың  жағдайын жақсартпақ  болды. Адам  айналасын қоршаған ортаның нәтижесі, ендеше алдымен жұмысшының тұрмысын жаңсарту керек деп есептеді. Ол фабрикада жұмыс күнін 14 сағаттан 10 сағатқа дейін қысқартты, жұмысшылардың жалақысын көбейтті, олар үшін жаңа пәтерлер салдырды, жақсы дем алуына жағдай жасады.   10 жасқа  толмаған балаларды фабрикаға жұмысқа алуға тыйым салды, фабрика жанынан оқу-тәрбие мекемелерін, «Сәбилер мектебі»: (1 жастан 6 жасқа дейін) ясли, балабақша, ойын алаңы, бастауыш мектеп (6-дан 10 жасқа дейін), кешкі мектеп (өндірісте жұмыс істейтін жас өспірімдер үшін) ұйымдастырды. Ересек жұмысшылар    үшін    лекция,    әңгіме,   ойын-сауықтар    ұйымдастырылды.

 

Оуэн «Сәбилер мектебіне» көп қамқорлық жасады. Балалар кішкентайынан ән айтуға, билеуге үйретілді және уақытының көпшілігін таза ауада өткізді. Әсіресе дене тәрбиесіне көп көңіл бөлінді. Балаларды   қоғамдық   рухта   тәрбиелеуге, жолдастарын   сыйлауға,   бір-біріне   көмектесуге   Оуэн   үлкен мән берді. Табиғат, айналадағы заттар мен құбылыстар жөнінде әңгіме өткізілді. Эстетикалық тәрбиеге жете көңіл бөлінді. Сәбилерді тәрбиелеуге балаларды сүйетін фабриканың жас жұмысшылары шақырылды.

 

Бастауыш мектепте оқушылар ана тілін, арифметика, география, жаратылыс және тарих пәндерін оқыды. Берілетін білімнің көлемі Англиядағы басқа бастауыш мектептен кең белгіленді. Оуэн мектепте дін сабағын оқытпады. 0л мектепте балалардың жас ерекшелігіне сай білім беріп, ойлауын дамытуға тырысты. Оқытуда көрнекілікті кең түрде қолданды. Мектепте жануарлар мен өсімдіктердің суреттері тағы басқа көрнекі құралдар пайдаланылды. Оуэн еңбек тәрбиесіне көп көңіл бөлді. Балалар ересектердің еңбегімен танысты және мектепте еңбек дағдыларына үйретілді. Ер балалар қолөнері, жеміс ағаштарын өсіру, қыз балалар іс тігуге үйретілді.

 

Жұмыс істейтін жас өспірімдер 10 жастан бастап кешкі мектепте оқыды. Оуэн оқуды өндірістік еңбекпен ұштастырды. Оуэннің бұл тәжірибесін Маркс өте жоғары бағалады. 1816 жылы Оуэн Нью-Ленаркте «Адам мінезін қалыптастыратын» жаңа институт құрды. Оған ол ұйымдастырған оқу-тәрбие мекемелерінің бәрі кірді. ...