Курсовая работа: Қола дәуіріндегі Орта Азия


Цена: 3 Скачать
Предмет:
История
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
35

Мазмұны

 

 Кіріспе. 3

1 Қола ғасыры археологиялық дәуір ретінде. 5

1.1 Кезеңдеу және дәуірлеудің мәселелері 5

1.2 Дәуірдің ерекшеліктері 7

1.3 Қола алу тәсілдері 11

2 Қола дәуіріндегі Орта Азия. 13

2.1 Алтын - депе. 13

2.2 Хорезм. Сапали. Тазабагьяг мәдениеті. Суярган қоныстары.. 20

3 Орта Азиядағы қыш-құмыра өнеркәсібі 27

Қорытынды.. 33

Қолданылған әдебиеттер тізімі 35

 

1.3 Қола алу тәсілдері

Кен орындарын зерттеу барысында геологтар сол арадан кен б. з.-дан үш мың жыл бұрын өндіріле бастағанын анықтайды. Қола дәуірінде кен өндіріп балқыту ісі орасан зор көлемде жүргізілген.

 

Ежелгі кеншілер кенді тотықтандыру (малахит, азурит, касетерит) төсілін тапқан, сонда ол жыныста жез бен қалайы қосындысы күрт көбейген. Кенді жүлгелерді тауып іске жаратқан, борпас жынысты «қайлалап», тас соққыштар мен балғалар қолданып өндірген. Ал қатты жыныстарға «отпен өндіру» тәсілін қолданған, бұл тәсіл бойынша жүлгенің шығатын жеріне немесе забойда от жағып, жыныс қызған кезде, ол шатынап жарылуы үшін оған су құйған, сосын шойбалғамен, қайламен соғып құлатқан. Ал металы бар жыныстарды көнектерге салып жоғары шығарған.

 

Сол сияқты кенді жыныс астын қуалай қазып, сосын үстен төніп тұрған рудалы қатпарды балғамен ұрып, опырып түсірген. Ал, ұзын штольнялар (жасанды үңгімелер) қазған кезде оған агаш тіреулерді пайдаланған. Шахта қасындағы су басына өндірілген руданы өкеліл, жуып, бос қоқыстардан тазартқан. Уақталған руданы қонысқа әкеліп, арнаулы пештерге салып балқытқан [7, 82-83 б.].

 

Әйелдер саз балшықты әзірлеп, одан ыдыс-аяқ істеп, оларды ошақтағы отқа, кейде таспен қоршалған шұңқырға атаулатып от жағып сонда күйдірген. Б. з. дейінгі ХVІІ-ХVІ ғғ. аяқ-табақтар белгілі бір калыпқа салынып істелген, қалыптың өзі түбі тегіс бәнкі тәрізді, сырты ат қылынан немесе жуан жүн жіптен тоқылған матамен қапталады екен. Ыдыс-аяқтар әртүрлі сызықтармен, не тарақша етіліп түсірілген геометриялық ою-өрнектермен әсемделген. Кейбір құмыралар сыртына қолдан жапсырып бедерлі нақыстар салынған. Ыдыс-аяқтың өрнектері тек әсемдік үшін ғана емес, оның ыдыс ішіндегі нәрсені «тіл мен көзден»,«жадылықтан» сақтайтын басқа да сиқырлы мәні болған, бұған қоса ол ыдыстың бос тұрмай, берекелі құтты болуына меңзейтін де мағынасы болғанға ұқсайды.

 

Орта қола кезеңінде (б. з. дейінгі ХV-ХІІІ ғғ.) ыдыс-аяқтар біркелкі стандартқа көшіп, жетіле түседі: бұрынғыдан жұқа, әсем келеді. Олар қалып көмегімен немесе дөңгеленте қолдан жапсыру төсілімен әзірленген; бұл тәсіл бойынша әуелі ыдыстың түбі дайындалады да, сосын оған дөңгелектеп бүйірін, дөңгелек-иінін, сосын жоғары жағын орнатады. Ал енді бүйірі дөңгеленіп келіп мойынға айналар жерде ойық пайда болады, бұл — орта қола кезіндегі андронов мәдениетінің танымал бір белгісі. Бұлардың ою-өрнегі бұрынғыша сызылған немесе штамппен түсірілген (іші штрихтелген үшбұрыштар, меандрлар). Бұрынғы құмыралардан бір өзгешелігі — ою-өрнектер үш жолақ, танап етіліп жүргізіледі. Зерттеушілер құмыраларды жасаудағы тағы бір тәсілді атап өтеді: мұнда әуелі құмыраның өзі жасалады екен дағы сосын оған оның теп-тегіс түбі жапсырылатын болған [7, 82-83 б.].

 

Кейінгі қола кезеңінің ыдыс-аяқтарының бір ерекшелігі — олар өте бүйірлі және жалпы нобайы дөңгелектеу болып келеді. ...

 

2.2 Хорезм. Сапали. Тазабагьяг мәдениеті. Суярган қоныстары

Археологияның қызқты қатпарларына жұмыс жасаған кезеде, археологтар қызықты жағдайларман кездеседі. Осындай қызығы мен шыжығы көп археологиялық экспедиция Хорезмнің мәдениетіне де жүргізілді. Орта Азиядағы, Хорезм шахының Тазабагьян мәдениетіндегі осы өтпелі кезеңдегі тапсырмалады шешуде археологтарға ашық және сан алуан Тазабагьян қонысына   жүргізген   материалдар   көмектеседі. Соңғы уақытта жүргізіліп, қорытындыланған зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Орта Азия территориясында ең ежелгі қала типтес тұрақ болғанын көрсетеді.

 

«Қазіргі уақытта Тазабагьян қонысы50 гаауданы бар, бетінгі қабаты 20 мың шаршы метр болатын көлемі бар. Қазба жұмыстар кезінде мәдени қабаттар бөліктерге бөлінген, кең көлемде заттай заттар деректер табылған. Олар 500 терракотық мүсіндер,150 ежелгі мөрлер мен көптеген бұйымдардың түрі табылды. Тағы да 550-дей қазба деректер мен антропологиялық коллекция Орта Азия мен Таяу Шығыстағы мәнді, мазмұнды, мұнды кала типтес дереккөзі Тазабагьян болып табылады»[12, 87-89 б.].

 

Қазба жұмыстары кезінде көбінесе тарихи этаптың бір бөлігі ішкі структура бойынша жоғарғы мәдени қабатқа көп көңіл бөлінді.

 

Орта Азиядағы археологиялық кезеңдеу жүйесі бойынша Тазабагьян Алтын-депе типтес мазмұнды материалдармен ұқсас. Радиокарбондық даталау мен коррециялық колонкомен Месопотамия мен Үндістан б.з.б. ІІІ - II мыңжылдыкқа. Месопотамияда III Ура династиясы, Египетте орта хандық кезінде билігі әлсіреді. Алтын-депедегі қазба жұмыстары осы уақытта қала мәдениеті мен цивилизациясы қарқынды жүргенің көрсетеді.

 

Алтын-депе өз алдына тұрғын үй мен шаруашылықтың орнығымен қалыптасқан. Оңтүстігінде кең көлемде, ашық жерледің, жартылай құрылған, орта қалалық көлемдегі қалалармен сипатталады. Оның қазба жұмыстары 6,2x3 метр көлемде үлкен үшбұрышты монумен қоршаулармен қоршалған. Ірге қоршауларның қалындығы6 метр. Шығыс қақпасының өзінің қалындығы15 метрболып келген. Биік және ұзын қоршаулармен көшелерге бөлінген, басты көшелердің ені 4-5 метр. Осы кең қөлемге бөлгені дөңгелекті көліктерге арналған. Осылармен қатар жіңішке көшелерде болған, ені 1,2-2 метр. Көшелердің көбі әртүрлі формадағы, көлемдегі қыш ыдыстармен безендірілген.

 

Тазабагьян қала өркениетін қарастырған кезде ірі, биік төбешікте орналасқан тұрақ - жайларды атап кету керек. Осы төбешікте орналасқан жайлар оның қорғанысына жайлы болған. Биік төбешікте орналсқан тұрақтардың да өз ерекшеліктері болғанын атап кету керек. Тазабагьян төбешіктегіндегі тұрақтар көбіне дөңгелек, сопақ, қисық қаланған тас қоршаулармен қоршалған. Көбіне таяз қазылған тас жәшіктер және шұңқырлар. Кейбір қабірлерге ыдыстар да қойылған. Бірқатар кабірлерден қола білезіктер, моншақтар, сәндік заттар, тіпті малдың сүйетері де шыққан. Білезік, моншақтар сол қабірге әйел адамның жерленгенің дәлеледейді. Ал, мал сүйктерінің болуы, о дүниеде тамақ ету үшін мәйіттің жанына дәм қоюға байланысты болса керек.

 

Ең бір маңызды бірі Тазабагьянның солтүстік бөлігінде орналасқан, көлемі2 гектарболатын, керамикалық пештері тұтатылған, болжам бойынша «қолөнершілер кварталы» аталған қоныс. Екі қанатты керамикалық тау тізбектерінің конструкциясы өнірістегі тұрақта температура алуға мүмкіндік берді. Бұйым жасаудағы барлық қағидаларды қанағаттандыратын температура 1000-1200 градус болып табылады. Осы температура функциясы бір уақытта бірнеше пештерді қыздырып, үлкен масштабта жұмыс жасауға мүміндік берді. Бұл пештерде тас өңдеу бекітілген және іске асырылған.

 

Осы жерлерде бір бөлігінде пештерден басқа топырағы төбешік болып үйлген, дөңгелек тәрізді және тікбұрышты қоршаулар бар қорымдар бірден көзге түседі. Қазба жұмыстар кезіндегі археологтар жұмысы бойынша жердің үстінде салынған ауданы 126 шаршы метр тұрғын үй табылды. Оның ағаш шатырына ағаш бағаналардан тіреу қойылған. Осы қоныспен тұтас салынған бір қатар қоныстрда ежелгі қалалардың нышандары деуге болады. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде тағы бір ерекшелікке көз жеткізуге болады. Ол орта қола кезінен басталған деп көрсетсе де болады. Осы кезеңде қоныстардың сырттарынан бекініс салынбайды, тұрғын үйлер - жартылай жертөлелер тікбұрышты, бірақ ұзынырақ болып келген. Олардың ауданы 140- тан 200 шаршы метрге дейін жетеді, қоржын сияқты екіге бөлінеді. Едендерінде бірден сегізге дейін ошақтар болды. Қоныстардың арасында түрлі жағынан тікбұрышты, сопақ, сегіз санына ұқсас жартылай жертөлелер көбірек кездеседі. Әсіресе, өте көлемді, 300 - 400 шаршы метрге дейін жететін жертөлелер көбірек салына бастаған. Оларда қыс мезгілінде мал ұстауға қолайлы болған.

 

«Тазабагьян мәдени комплекісіндегі қазба жұмыстары кезінде жүргізілген, ашылған маңызды болып табылады. Оның өмір сүрген уақытында үш рет қайта құру болғанын көрсетеді. Осы үш кезеңде де орталық бөліктегі жаппай төрт қабатты башнялар тұрғызу орнатылды. Ең алғашқы уақытта оның ұзындығы 21 метр және құрылысы кірпіштен болған холмдардың бірі Тазабагьян шығысында орналасқан» [13, 89-91 б.]. Осы башнядан кейін қалаға ұқсас үш бөлмелі ғимарат пайда болды. Ол өз алдына кең аула, ошақтар және көптеген шаруашылығы бар құрылыс. Көптеген өзгерістер жаңа бір жетілген мәдениеттің нәтижесі сияқты. ...

 

 

Қорытынды

Орта Азиядағы қола ғасыры б.з.б. ІІІ-ІІ мыңжылдықпен мерзімделген. Бұл кезде қару құралдары, жебеден басқа, металдан жасалатын болды. Бірақ тас құралдар да кездеседі. Егіншілік дамыды. Ірі отбасыларда өнімдер көп болғандықтан, тепе-теңдік бұзылды.

 

Безендірілген ыдыстар көбейді, бірақ өрнектері біртүсті. Бұл ыдыстардың сапасы жақсы – олар қыш дөңгелегінің көмегімен жасалған. Қыш дөңгелегі ыдыс өндірісін тездетті. Қыш өндіруші қолөнерші болды.

 

Ең бірінші жекеленген кәсіп металургия болатын. Металургияның жекелендіруі туралы құюшылардың қазбалары мәлімдейді. Қалған кәсіптер, оның ішінде қыш та кейінірек жекеленді, кластық қоғамның қалыптасуының ерте кезеңінде. Бұл археологиялық түрде дәлелденеді. Қыш қолөнерінің жекелендіруі – Энгельстың жазуынша, маңызды процестің басы «... еңбектің екінші ірі бөлінуі басталды: қолөнер егіншіліктен бөлінді. Өндірістің екі ірі негізгі салаға бөлінуі, егіншілік пен қолөнеріне, ауысу үшін өндіріс пайда болады, - тауар өндірісі, сонымен бірге сауда, құр тайпалардың ішінде және шекарасында ғана емес, шет елдермен».

 

Қыш дөңгелегі әлеуметтік дамудың белгілі бір деңгейінде пайда болып, бұл халық қыш дөңгелегінде өз ыдыстарын жасаған халықпен жақын тұрса да, ешқашан клас қалыптасуы табалдырығына жетпеген халықтан алынбаған.

 

Таңбалары мүлік белгісі болып саналатын саз, тас және метал мөрдері пайда бола бастады.

 

Намазга-V қабаты ең үлкен көлемі бар, мәдениеттің гүлдену кезіндегі дәуір. Үйлер жақсарады: үйлердің бөлмелері көп – тоғыз, он екі, Намазга-тепенің өзінде 27 бөлмесі бар үй зерттелді. Кіреберістерде есік пайда болды. Ыдыстарды безендіру жоқ болды. Шаруашылықтың негізі болып егіншілік қала береді. Орақтар, дәнүккіштер баяғыдай кеңінен тараған. Ұсақ жүзім өсірілді. Мәдениетінің түрі ежелгі шығыс қалалардың мәдениетіне жақын....