Реферат: Автокөліктің қала экологиясына әсері


Цена: 2 Скачать
Предмет:
Экология
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
24

Жоспар

 

Кіріспе. 3

1 Автокөліктің қала экологиясына әсері 5

2 Автомобильден шыққан газбен ауаның ластануы.. 13

3 Автотранспорттан атмосфераға шығатын шығарындылар. 17

Қорытынды.. 22

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 24

 

 Кіріспе

 

…Автокөліктердің пайдаланған газдары атмосфераның төменгі қабатына түсіп, адамның тыныс жолдарына әсер етеді. Мысалы, қалада 500мыңға жуық автокөлік бар. Оның әрқайсысы 1кг бензин жағу үшін 200л оттегін қолданады. Бұл дегеніміз– адамның бір тәулікте жұтатын оттегінің көлемінен де жоғары. Орта есепке шаққанда автокөлік жылына 15мың шақырым жүргенде 1,5-2т жанар–жағармай және  20-30т оттегін жағады. Автокөліктердің шығарымды газдары 200заттық тектердің қоспасы. Шығарымдылардың құрамына азот, оттегі, диоксид көміртегі және судан басқа оксид көміртегі, көмірсутегі, азотпен күкірт диоксидтерінің зиянды қосындылары, сонымен қатар бетінде тұйықты көмірсутектер адсорбцияланатын қатты бөлшектер, ал олардың бірқатары канцерогенді қасиеттерге ие. Автокөліктердің қозғалтқышындағы жанармайдың толық жанып кетпегендігінен көмірсутегінің бөлшектері шайыр тектес зат тектері бар күйге айналады. Автокөліктердің пайдаланған газдарында зиянды заттардың көп болу себебі – автокөліктердің төмен техникалық дейгейі, ескілігі, қозғалтқыштардағы ақауларды анықтау құралдарының жоқтығына байланысты. Қоршаған ортада автокөліктерді пайдаланған газдарының шығарымдыларын реттеу керек. Ол– халықаралық стандарттарға көшіп, еліміздің жолдарында автокөліктерді пайдалануы өркениетті деңгейге жеткізуге жол беру, шығарымды газдарды қосымша тазалау атмосфераны тазартуға көп үлес қосады. Елбасымыздың   айтуынша, 2015 жылға дейін Алматыдағы автокөліктер газбен жүруі тиіс.Бензинге қарағанда газ таза әрі өте арзан.

 

1 Автокөліктің қала экологиясына әсері

 

Табиғат – көптеген теңескен байланыстардың  тұтас жүйесі. Бұл байланыстардың бұзылуы табиғаттағы орныққан зат пен энергия алмасуының өзгеруіне алып келеді, биогендер концентрациясындағы ығысу бір популяцияның құрамы. Қазіргі заманда өндріс пен тұтынушыға адамның биологиялық қажеттілігінен 100есе артық зат мөлшерімен энергия жұмсалады, осы себеп қазіргі заманғы экологиялық кризис болып табылады (жоғары деңгей және қоршаған табиғи ортаға антропогенді жүктеменің тез артуы). Бүгінгі күнде адамзаттың өндірістік іс - әрекеті көптеген химиялық элементтерді қамтитын әр түрлі табиғи ресурстарды қолданумен байланысты. Табиғи ортаға техногенді әсердің күшеюі бірқатар экологиялық мәселелерді тудырады. Оның ішінде ең өткірі атмосфера, гидросфера және литосфера күйімен байланысты. Судың немесе ауаның ластануы сияқты бірқатар “өзгерістер” ағзаның өмір сүру әрекеті мен денсаулығына тікелей әсер етуі мүмкін. Басқалары жанама әсер етеді, мысалы: көмірқышқыл газының шығарындылары ғимарат климатында байқалады, ал өз кезегінде өндірістегі қоректену өнімдерінде улануына алып келсе, басқаларының көбеюіне алып келеді.

 

2 Автомобильден шыққан газбен ауаның ластануы

 

  Ауаның ластануының негізгі себебі жанармайдың толық және біркелкі жанбауында. Оның 15%-і ғана автомобиль қозғалысына шығындалады, ал 85%-і ауаға ұшып шығады.

 

Сонымен қатар автомобиль двигателінің жану камерасы – бұл улы заттарды синтездеп және оны атмосфераға шығаратын өзінше бір химиялық реактор. Тіпті атмосферадағы азот жану камерасына түсіп улы азот қышқылына айналып шығады.

 

Ішкі жану двигателінен шыққан газ 170 – тен аса зиянды компоненттерден тұрады, оның ішінде 160 – қа жуығы двигательдегі жанармайдың толық жанбауына басты себепкер болатын көмірсутек туындылары. Шыққан газда зиянды заттардың болуы ақыр соңында жанармайдың түрі мен жағдайына негізделеді.

 

Шыққан газ автомобильдің механикалық бөліктерінен шыққан өнім, ал жол бетін антропогендік түзілістегі атмосфера шығындыларының жартысы құрайды. Автомобиль двигателі мен картер шығындылары көбірек зерттелген. Бұл шығындының құрамына азот, оттегі, көмірқышқыл газы және судан басқа көміртек оксиді, көмірсутегі, азот және күкірт қышқылдары, қатты бөлшектер сияқты зиянды компоненттер кіреді.

 

Жанып шыққан газдың құрамы қолданылған жанармайдың түріне, майға, двигательдің жұмыс режиміне, оның техникалық күйіне және т.б байланысты.

 

Карбюрательдік двигательден бөлініп шыққан газдың уытттылығы көміртек оксидімен азот қышқылынан, ал дизельдік двигательден азот қышқылы мен қаракүйеден тұратынымен негізделеді.

 

Зиянды компоненттердің құрамына беттік қабатында циклдік көмірсутегі адсорбцияланатын (олардың бірқатары концерогендік қасиетке ие) қорғасын мен қаракүйеден тұратын қатты шығарындылар жатады.

 

 3 Автотранспорттан атмосфераға шығатын шығарындылар

 

  Автомобиль дыбысбасқышынан бір қарағанда ешқандай зияны жоқ сияқты көгілдір түтін түрінде шығып жатқан улы газ және азот оксиді бас ауруы, шаршау, тітіркенгіштік, төмен еңбек қабілеттілігінің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Күкірттті газ ұрпақсыздық пен туа біткен мүгедектікке алып келетін генетикалық аппаратқа әсер етуге қабілетті, ал бұл факторлардың барлығы стресс, нервтік ауруларға, өте жақын адамдарына немқұрайлылықпен қарап, жекеленуіне тырысуға алып келеді. Үлкен қалаларда сонымен қатар, қан айналым жүйесінің аурулары және тыныс алу, инфаркт, гипертония кеңінен таралған. Мамандардың есептеуі бойынша атмосфераға автомобильдік транспорттың қосқан үлесі 90% -ке дейін көміртек оксиді және 70% -ін азот оксиді құрайды. Автомобиль сонымен қатар ауа мен топыраққа металдар және басқа зиянды заттар қосады. Ауа қабатын автомобильмен ластандырудың негізгі көзі ретінде іштен жану двигателінен шыққан газдар, картер газдары, жанармайдың булануы саналады.

 

Іштен жану двигателі – бұл жанармайдың химиялық энергиясы механикалық энергияға түрленетін жылу двигателі іштен жану двигателінің қолданған жанармай түрі бойынша оларды бензинмен, газбен және дизельдік жанармаймен жұмыс істейтін деп бөледі. Іштен жану двигателінің жану қоспаларының тұтану әдісі бойынша олар (дизельді) сығу арқылы тұтану оталудың жиынды свечасымен тұтану болып бөлінеді. Дизельдік жанармай қайнау температурасы 200 ден 3500с – дейін болатын мұнайдың көмірсутекті қоспасы. Дизельдік жанармай өздігінен тұтану мен өзінің белгілі тұтқырлығы болып, сонымен қатар жану кезінде минимал түтінділік пен уыттылыққа ие болып химиялық стабильді болуы керек. Жанармайдың бұл қасиеттерін жақсарту үшін түтінділікке қарсы және көпфункциялы қоспалар енгізеді.                Соның ішіндегі ластайтын заттарға жататындар.Уытты заттардың түзілуі – толық жанбаған өнім және двигатель цилиндрінде әр түрлі жолмен жүретін жану процесіндегі азот оксиді. Уытты заттардың бірінші тобы тұтану периодының алдында сонымен қатар жану – және ұлғаю процесінде болатын жанармайдың қышқылдануының химиялық реакциясымен байланысты. Уытты заттардың екінші тобы жану өнімінде артық оттегінің азотпен қосылуы кезінде түзіледі. Азот оксидінің түзілу реакциясы термиялық сипатқа ие және ол жанармайдың қышқылдану реакциясына тікелей тәуелсіз. Сондықтан, берілген уытты заттардың түзілу механизмін жеке қарастыру міндетті. Автомобильдің негізгі уытты шығарындыларына: жанып шыққан газдар, картер газдары және жанармай булануы жатады. Двигательден шыққан пайдаланылған газ көміртегі оксиді, көмірсутегі, азот оксиді, бенз(а)пирен, альдегидтер және қаракүйеден тұрады. Картер газдары – бұл двигатель картерінде поршеньдік сақиналардың тығыз еместігі арқылы өткен пайдаланылған газ бөлігінің мотор майымен қоспасы.

 

Қорытынды

Қорыта келгенде материя қозғалысын транспорт қамтамасыз етеді. Транспорттың дамуы проблема тудырады. Жыл сайын әлем бойынша көлік апатынан 0,2млн адам қаза болады, 0,5млн адам мүгедек, 10млн адам жарақат алады. Әлемде ауданды қолдану бойынша, қаланың үштен бір бөлігі жол мен автотұраққа кетеді. Жолдарды салу көптеген жағдайда транспорт ағынының артуына алып келеді, оның салдары орташа жылдамдықты орынауыстыруды төмендету. Автомобиль паркі санының артуымен қатар, техникалық құралдар қозғалысын реттеу қиындап, жол көлік жарақаттары, атмосфералық орта, топырақ, су қоймалары және грунт суларының ластануы артады. Біз өмір сүріп жатырмыз бүкіл әлемдегі жақсы қалада, табиғи–климатикалық жағдайы керемет, қоршап жатқан табиғи байлық бұған қарамастан біз смогпен дем аламыз. Егер басқа региондарда атмосфераны ластаушы–ірі өнеркәсіптерден болса, бірақ біздегі жағдай мүлде басқа өнеркәсіптер қалада көпте емес. Мәселен Алматы атмосферасының алдыңғы жылғы  зиянды заттардың шығарындылары  185 мың тоннаны оның 15мың–стационар көздің шығарындысы. Экологиялық зиянды төмендетудің негізгі жолдары мынадай:

 

 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. В. Н. Луканин, Ю. В. Трофименко Промышленно–транспортная экология: Учеб. для вузов / Под ред. В. Н. Луканина. –М: Высш. Шк.,2001 273 c.

2. Е. М. Упушев Экология, природа, экономика: Учеб. пособие Алматы «Ғылым», 2002–328 с.

3. А. Е. Воробьев Основы природопользование: экологические, экономические и правовые аспекты: Учеб. пособие А. Е. Воробьев;под ред. профессор В. В. Дьеченко–изд. Феникс, 2007–542 c.

4. Экология и экономика природопользование: Учеб. для вузов / Под ред. профессор Э. В. Гирусова., профессор В. Н. Лопатина–2:изд. перер. и дол.–М, ЮНИТИ –ДАНА, Единство, 2002–519 с.

5. В. Н. Луканин., А. П. Буслаев., М. В. Яшина Автотранспортные потоки и окружающая среда–2: Учеб. пособие для вузов / Под ред.В. Н. Луканина.–М:ИНФРА–М, 2001–646 c.