Дипломная работа: Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің мүмкіндіктері мен шарттарын айқындау және оны жүзеге асырудың жолдарын қарастыру


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Педагогика
Тип работы:
Дипломные работы
Количество страниц:
63

                                 МАЗМҰНЫ

 

  КІРІСПЕ. 2

1 ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 6

1.1 Эстетикалық тәрбие туралы түсінік. 6

1.2 Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің мүмкіндіктері мен шарттары. 14

2-ТАРАУ. 2-СЫНЫПТА «АНА ТІЛІ» ПӘНІ МАТЕРИАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ.. 25

2.1 Көркем шығармалардың эстетикалық табиғаты.. 25

2.2 Оқу сабақтарында оқушыларды эстетикалық тәрбиелеу тәжірибесі 44

ҚОРЫТЫНДЫ.. 60

ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 62

КІРІСПЕ

 

Зертеудің көкейкестілігі. Жалпы адамзаттық тұрғыдан қарағанда- жас ұрпақты өмірдің барлық салаларындағы адамның өмірі мен тұрмысындағы, еңбектегі, көркемөнердегі, табиғаттағы сұлулық пен әсемдекті көре білетін, ұға білетін, бақылай алатын және соларды өзі де жасай алатын азамат етіп тәрбиелеу қай кезеңнің болса да келелі мәселелерінің бірі болған.

 

Жас ұрпақты туған жерін, өскен елін жанындай сүйетін, өлкенің келешегі үшін аянбай тер төгіп қызмет атқаратын азамат етіп тәрбиелеуде эстетикалық тәрбиенің алатын орны зор.

 

Себебі эстетикалық сезімі күшті дамыған адам өмір көркемдігін толық және терең түсінуге қабілетті болады. Көркем өнер, олардың пікірінше, адамда көтеріңгі рух туғызады, өңілді шаттыққа жеткізеді. Адамды еңбек пен ерлікке рухтандырады. Балада тамаша көркемдік сезімдерді дамыту қоғамды және айналаны қоршаған дүниені сезінуге әсер етеді. Шын мәніндегі көркем өнер әрдайым белгілі дәуірмен, өмірмен байланыста болады деген олар, эстетикалық тәрбиені жүргізуде әсіресе көркем өнердің екі саласы- поэззия мен музыка арқылы жүргізудің мәнін көрсетті. ...

 

1.2 Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің мүмкіндіктері мен шарттары.

 

Тәрбиенің қай саласы болса да негізінен ол балаларға, жасөспірімдерге арналады. Ал оларды әсемдікті сезініп, түсініп, қадірлей білуге баулу эстетикалық тәрбие жүргізу арқылы іске асырылады.

 

Эстетикалық тәрбие болмыстығы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдау және өнердегі сұлулықпен әсемдікті эстетикалық түсінікті, сезім мен талғамды тәрбиелейтін, өмірдегі сұлулықтыжасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастыратын тәрбиенің ең басты салаларының бірі.

 

Эстетикалық тәрбиенің міндеттері:

 

-  Әр түрлі өнер адамдарының іс-әрекеті арқылы баланың тәртібіне, өмірге көзқарасына, түсінік- құлықтарына игі әсер ету.

 

-  Қоғамды, табиғаттағы, өнердегі әсемдікті түсіне, байқай білу қабілеттерін дамыту.

 

-  Эстетикалық талғамын дамыту, дұрыс пікір айта білуге, бағалай білуге тәрбиелеу, оның дамуына көмектесу.

 

-  Баланың көркем өнерге деген қабілетінің шығармашылықпен ұштасуына көмектесу. Ал, адам өмірі мен табиғаттағы әдемілікті түсіну, бақылау, пайдалану үшін жастардың сауатты терң білімді болуы қажет, тіпті көркемөнер салалар: әдебиетті, музыканы, сәулет өнерін, живописьті, кино мен театр түсініп, олардан жанға рухани азық, ляззат ала білу үшін де сезім –түйсігі ұшқыр, ақыл-ойы алғыр білімді адам болуы керек.

 

Балалардың эстетикалық сезімдері олардың өміріне зор рөл атқарады. Әседікті көре, түсіне жасай білу олардың рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді. Біз әр адамгершілікті тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан да, әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдігін, әсем нәрсені сүйетіндей етіп дамытуымыз керек. ...

 

2-ТАРАУ. 2-СЫНЫПТА «АНА ТІЛІ» ПӘНІ МАТЕРИАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ

2.1 Көркем шығармалардың эстетикалық табиғаты

 

Әдебиет сабағында оқушылардың қиялын дамытуға үлкен мүмкіндік бар. Егер біз әдебиетті көркем өнермен, музыкамен, табиғаттың тікелей өзімен интеграциялау арқылы бере білсек, бала олардың оқиғасын, кейіпкерлердің тағдырына ортақтасады, көркемдігін терең сезініп, жүрек тебірентер әсерін бойынан өткізіп отырады, ал бұның өзі – бала қиялының шарықтауына негіз болмақ. Осы жөнінде М.Жұмабаевтың пікірімен де келісеміз. «Жанындағы ойды, әсерді жарыққа шығаруға ынталы бала не жарытылыстан алады, не искусстводан алады. Әр бала бір жерге қамалмай, еркін жаратылыстың құшағында болады. Эскурсцияға бір план бойынша барып, белгілі бір заттарды, яки көріністерді бақылау үшін. Мысалы, көктің түсін, бұлттың түрін, құмырсқаның ұясын, құстардың ұшуын, жапырақ, көлдердің түр-түстерін бақылау сықылды. Мұндай бақылау уақыттарында әсерлерін сөзбен жарыққа шығаруға ұмтылуы, һәм баланың аузына дәл, терең, сұлу сөздердің түсуі анық нәрсе» дей келіп ғалым-жазушы ойын әрі қарай жалғастырады.

 

«Искусство. Бала искусстводан көп нәрсе алсын. Күй, ән тыңдасын, сұлу картиналарды көрсін, театр сахнасымен таныс болсын, кестелі әдебиет түрлерін тыңдасын. Осылай жалаңаш әсер алып, дағдыланған соң мұғалім фәлсафа соқпай, қарапайым, жұмсақ әңгімемен балалардың алған жалаңаш әсерін анық ұқтырсын. Сонда бала жалаңаш әсерлерін киіндіру үшін сұлу сөзді өзі-ақ іздейді»,- деді М.Жұмабаев.  қиял процесін дұрыс қолдану арқылы табиғат пен көркем сөз байланысын, тұтастығын, олардың туу жағдайын ашып берді. ...

 

ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Қазақстан Республикасының  Білім беру туралы заңы. А., 1998.
  2. Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасы. - А., 1997.
  3. Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы. А., 2004.
  4. Жалпы    білім    беретін    мектептің    бастауыш    сатысындағы    білім мазмұнының тұжырымдамасы. — А., 1997.
  5. Шәкірім Құдайбердіұлы.     Үш     анық. Алматы «Қазақстан» және «Ғақлия» ғылыми-әдеби орталығы, 1991, 80 б.
  6. Аймауытов Ж. Бес томдык, шығармалар жинағы. 4-том. Психология /ред. алқасы С. Қирабаев М.Базарбаевт.б. Алматы: Ғылым, 1998, 4486.