Курсовая работа: Нарық жағдайындағы қаржы – несие жүйесі


Цена: 3 Скачать
Предмет:
Банковское дело
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
31

Мазмұны

 

 Кіріспе. 3

Бөлім I.    Қаржы  нарығы. 5

1.1  Қаржы нарығының мәні және оның құрылымы. 5

1.2  Қаржы  нарығы:  абритаж  және  нарық  тиімділігі 7

Бөлім II.  Нарық жағдайындағы қаржы – несие жүйесі. 13

2.1    Несие – Банк жүйесі. 13

2.2 Бағалы қағаздар және олардың айналу мәселелері. Қор бижасы. 17

2.3 Мемлекеттік Бюджет. 19

Бөлім III.   Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығы. 22

3.1 Қаржы және валюта нарығының ерекшелігі. 22

3.2 Қаржы нарығында қолданылатын ақша агрегаттары. 24

3.3  Қазақстан Республикасындаға валюта саясаты. 26

Қорытынды.. 29

Қолданылған әдебиеттер тізімі 31

 

Бөлім I.    Қаржы  нарығы.

1.1  Қаржы нарығының мәні және оның құрылымы.

 

Қайсы бір ел болмасын, оның экономикалық жүйесі ең алдымен өзара байланысты үш жүйеден тұрады: мемлекеттік қаржы, экономикалық бастапқы буының қаржысы (кәсіпорындар, ұйымдар және т.б) және халықтың қаржысы. Бұдан басқа экономиканың қаржы жүйесіне, шаруашылықтың-бірлестіктер, трестер, ассоциациялар, концерндер сияқты әртүрлі типтерінің, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың қаржылары да жатады. Өндірістік салалық ерекшеліктеріне байланысты өндірістік қаржылары, құрылыс қаржылары, сауда қаржылары және т.б. болып та бөлінеді. Осы қаржы жүйесінің маңызды буындарын қысқаша сипаттайық.

 

Мемлекеттік қаржы – бұл мемлекеттің өзіне міндетті қызметін атқаруы үшін қажетті (халық шаруашылығын басқару, қорғаныс, заңдылықты және құқтық тәртіпті қорғау және т.б.), ақша қорларының жүйесі.

 

Экономиканың алғашқы буындарының қаржылары – бұл кәсіпорынның өндіріс пен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз ететін, оның шаруашылық шеңберінен аспайтын ақша қорларының жүйесі.

 

Халықтың қаржысы – бұл тұрғындардың еңбек ету, шаруашылық жүргізу және басқа қызметтер негізінде алатын табыстарынан қалыптасатын ақша қорлары. Халық бұл қорларды өзінің меншігі мен әл-ауқатын жоғарлату мақсатына жұмсайды. Соңғы екі жүйенің есебінен мемлекеттік қаржы үшін қаражаттар жиналды. Бұрын кері байланысы бар: мемлекеттік қаржыда шоғырланған қорлар көлемді инвестиция, субсидия және дотация түрінде халық шаруашылығына қайта оралып келеді.Сондықтан барлық қаржы жүйесінде мемлекеттік қаржы шешуші роль атқарады.

 

Қаржы нарығы бағалы қағаздар, қарыз, валюта және капитал нарықтарынан құралады.Оны жасаудағы басты мақсат уақытшабос ақша қаражаттарын мемлекеттің, кәсіпорындардың және акционерлік қоғамдардың мұқтаждарына жұмылдырып жұмсау болып табылады. Әкімшілік - әміршілік басқару жүйесі жағдайында қаржы нарығының қызметін мемлекеттік бюджет, министрліктердің қаржы жоспары, банктердің несие жоспарлары және т.б. атқарған болатын.

 

Экономикалық реформа, кәсіпорындардың дербестігін арттыру және шаруашылықты жүргізудің жаңа нысандарына өту жағдайында қаржы ресурстарының әдеттегі әдістерін қолдану шектеле бастады. Сонымен қарар, қаржы ресурстарын министрліктер арқылы салааралықбөлу біршама қысқарды. Бұның өзі кәсіпорындардың қосымша қаржы ресурстарын өз бетінше тұтыну және оларды сату арқылы қаржы нарығын құруға қолайлы жағдай жасады. ...

 

 

2.2 Бағалы қағаздар және олардың айналу мәселелері. Қор бижасы.

 

Бағалы қағаздар – иесіне табыс әкелетін, оның кәсіпорын (фирма) мүліктеріне қатысы барлығын куәландыратын коммерциялық документ. Бағалы қағаздар табысы иелеріне дивидент түрінде әкелінеді. Қазақстан Республикасы Президентінің «Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы» 1996 жылғы 21 – сәуірдегі жарлығына байланысты елімізде бағалы қағаздар нарығы айналымына акция, облигация, мемлекеттік қазыналық міндеттемелер, жинақ пен дипозит, сертификаттарды және вексель жіберіледі.

 

Бағалы қағаздар ережесі бойынша оларды нарыққа еркін сату ҚР-сы 1997-ші жылғы 15-ші наурыздағы «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі.

 

Капитал салудың сенімділігіне, табыс әкелудің тұрақтылығына тек облигация ие бола алады. Облигация сатушылардың ақша қаржыларын куәландырады. Сондай-ақ номиналды құнның толтырылу міндеттілігін қуаттап, оның белгіленген уақытта мөлшерлі пайызын қайтаруда ескереді. Пайыз салымының белгіленген мерзімінде тең порциямен төленеді. Кейбір облигацияларды пайыз арнайы өтемейді. Облигацияны жабу кезеңінде сатып алынған бағасы мен иесіне сатылған баға айырмасы ретінде төленеді.

 

Облигацияның бірнеше түрі бар: мемлекеттің ішкі және жергілікті зайым облигациясы, мақсатты зайымдар облигациясы, аймақтық облигация және кәсіпорын облигациясы. Облигация әртүрлі боп шығарылады: өзіндік және талап етушіге, пайыздық және процентсіз, еркін айналыста және шекті айналыс шеңберінде. Бұдан басқа мемлекет әртүрлі қазыналық міндеттемелер түрін шығарады. Бұл тұрғындардың өз еркімен мемлекеттік бағалы қағаздарды салу түрлеріне жатады және олардың ақшалай қорын бюджетке ұстаушыларды куәландырады. Куәландырған құжат нақты табысты бағалы қағаздардан белгіленген барлық мерзімде алып тұру құқына ие болады. Қазыналық міндеттемелердің мына түрлері бар: ұзақ мерзімді, орташа мерзімді, қысқа мерзімді. Ұзақ мерзімді қазыналық міндеттемелерді алушылар үшін мемлекет 5-ден 25 жылға дейін шығарады. Бұл қазыналық міндеттемелер бойынша табысты жыл сайын купонмен төлейді немесе міндеттемелерді номиналға жыл сайын төлем жасамай-ақ пайыз төлеу арқылы жабуды көздейді. Орта мерзімді қазыналық міндеттемелер 1 жылдан 5 жылға дейін шығарылып, купонға ие болмайды. Қысқа мерзімді міндеттемелер иелеріне 3 және 6,12 айға шығарылады. Бұл міндеттемелер купонға ие емес және олардың жабылуы, оған жазылған пайыз көлемінде қосып, сатып алу жолымен жүргізіледі. ...

 

3.3  Қазақстан Республикасындаға валюта саясаты.

 

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарықтық экономика жағдайында халықаралық валюталық қатынастарды реттеу екі түрде жүзеге асырылады:

    • арықтық реттеу;
    • мемлекет тарапынан реттеу;

 

Валюталық нарықта валюталарға деген сұраныс және ұсыныс, сондай-ақ олардың бағамдық шекті қатынастары қалыптасады. Нарықтық реттеу құн заңына бағынады. Мұндай заңдардың валюталық нарықтағы бәсекелестік жағдайында жұмыс жасауы, валюталар айырбасының қатысты баламалығын, тауарлар, көрсетілетін қызметтер, капиталдар несиелер қозғалысына, байланысты әлемдік шаруашылықтың қажеттілігіне валюталардың халықаралық ағымының сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Баға механизімі және нарықтағы валюталық бағам динамикасының белгілері арқылы экономикалық агенттер валюталарды сатып алушылардың сұранысы мен оларды ұсыну мүмкіндіктері туралы біле алады. Сонымен бірге, нарық валюталық операциялардың жағдайы туралы ақпараттар көздері болып табылады.

 

Бірақ та мемлекет ертеден бері валюталық қатынастарға араласып келген, бастапқыда ол жанама түрде кейіннен оның әлемдік шаруашылықтағы маңыздылығын ескере отырып, тікелей араласа бастады. 30 – жылдардағы XX ғ. алтын стандарты алынып тасталуына байланысты валюталық бағамды реттегіш ретінде алтын механизмі міндетін тоқтатты. Бағамдық шекті қатынастардың аяқ асты ауытқуы мен валюталық дағдарыстар ұлттық және әлемдік экономикаға теріс әсер ете отырып, ауыр әлеуметтік – экономикалық зардапқа ұшыратты.

 

Нарықтық және мемлекеттік валюталық реттеу бірін – бірі толықтырады. Біріншісі, бәсекеге негізделген, яғни дамуды ынталандыра түссе, ал екіншісі, валюталық қатынастарды нарықтық реттеудегі теріс салдарды жоюға бағытталған.  ...