Доклад/Баяндама: Рим құқығы жəне мораль


Цена: 1 Скачать
Предмет:
Заңгер этикасы
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
8

<...> Рим  құқығының  екінші  ерекшелігі  болып  оның  əмбебаптығы   табылды.  Ол  Рим  құқығының халықаралық сауда  қатынастарына  барынша ден қоюымен байланысты болды.  Əрқашан   оның аумағында түрлі ұлт саудагерлері қатынасқан көптеген іскерлік қатынастар қалыптасатын; римдік магистраттар  осы  қатынастардан  туындайтын  дауларды  шешуге,  осы  дауларды  шешу  үшін нормалар шығаруға міндетті болатын. Бұл жерде ескі рим құқығы аталған мақсатталаптарға жауап бере алмады, жергілікті жəне ұлттық ерекшеліктерден тəуелсіз, римдікті де, гректі де, египттікті де, галлды  да  қанағаттандыратындай  жаңа  құқықтың   қажеттігі  туды.  Халықаралық  қатынастарда пайда  болатын  халықаралық  айналымның  əдетғұрыптарын  өзіне  сіңіре  білген,  жанжақты, бүкілəлемдік құқық қажет болды.

 

<...> Бұл құрылымның өзіндік кемшіліктері де болған. Қазіргі күндегідей, өз кандидатурасын белгілі бір лауазымға ұсынғысы келген тұлға міндетті түрде үгіттеу жұмыстарын жүргізетін. Ал бұл кезде сатып алушылықтар орын алатыны белгілі. Бұған дəлел ретінде, сол кездің өзінде заңға қайшы жүргізілген  үгіттеулермен  күреске   бағытталған  заңдардың  болғандығын  айтып  өтуге  болады.

 

<...> Біз  талдап  өткен  тарихи  оқиғалардың  қазіргі  кездегі  төмендегідей  құбылыстарды  түсінуде маңызы зор: Отан тұтастығының адам санасынан алшақтығы, өмірден алыстау, қаржықаражатты алдау,  зорлау  жолдарымен  табуға  ұмтылу.  Кейбіреулер  өздеріне  əртүрлі  бағыттағы философиядан жұбаныш табады: стоицизм, эпикуреизм, скептицизм. Рим əлемінің əлсіздігі, оның жағдайы “христиан дінінен көрініс табатын жоғарғы рухтың қиналуына айналды”.