Курсовая работа: Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің рөлі


Цена: 3 Скачать
Предмет:
Государственное и муниципальное управление (ГиМУ)
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
24

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе. 3

1 Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің рөлі 6

2 Мемлекетті басқаруды ақпаратпен қамтамасыз ететін жүйені қалыптастырудың теориялық аспектілері 10

3 Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеу проблемалары мен оларды шешу жолдары   14

4 Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеудің түп негізі және жүзеге асырылуы   17

Қорытынды.. 22

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 24

1 Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің рөлі

Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің мәні мен элементтерінің мағынасын ашып білу үшін ең алдымен “құқықтық реттеу” түсінігін білу қажет. Сонымен, құқықтық реттеу әлеуметтік, нормативтік және практикалық аспектімен бейнеленеді. Ол қоғамның сұранысы белгілі бір бағытта және белгілі бір бейнедегі туындайтын адамдардың қарым-қатынасы мен бір-бірімен байланысы кезіндегі заң және өзге де нормативті актілердің мазмұны мен мақсатты талабы “ауқымдалып” айқындалады.

 

Әлеуметтік аспектісінің мағынасында құқықтық реттеу болжамдық сипатқа ие. Мұның өзі адамның немесе қоғамның ертеңгі өмірін жасауға (құрастыруға) аргумент ретінде қолданылады. Бұл аспект заңның (юридикалық акт) нағыз мағынасын ашып көрсетеді. Яғни, материалды және процессуалды заң шығарушылықтың құрамдас бөліктері тұлғаның құқығы мен еркіндігіне (әлемдік стандарттарға сәйкес), қоғамның еркін өмір сүруінің императивтеріне, қоғамдық қатынастың “адамгершілігіне”, әлуметтік шындыққа, халықтар арасындағы бір-бірімен байланысының тұрақтылығына теңдей сәйкес болуы үшін жауапты. Осыдан туындайтын екі: легитимділік пен заңдылық түсініктерін ажыратамыз. Егер заңдылық юридикалық нормаларының талаптарына сәйкес іс-әрекетпен өлшенсе, онда легитимділік құқықтың мәні заңмен сәйкестігін көрсете отырып, заңның қоғам тіршілігінде объективті бастамасын бейнелеп, туындатуы арқылы адамдардың сеніміне қол жеткізуді жүзеге асырады. Құқықтық реттеуде әлеуметтік аспект “принципталды”. ...

 

3 Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеу проблемалары мен оларды шешу жолдары

 

Мемлекеттік басқарудаңы құқықтық реттеу проблемалар жоқ емес. Сол проблемаларды шешу мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырады.

 

Мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеудегі әкімшілік құқық нормалары экономикалық саласында, әлуметтік-мәдениеттік құрылыс, әкімшілік-саяси құрылыс саласында мемлекеттік басқаруды әкімшілік құқықтың қазіргі кездегі негізгі проблемаларының қатарына Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына “Қазақстан-2030”жолдауына сәйкес және оның жүзеге асыруға бағытталған Президенттің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі жарлығымен мақұлданған “Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасында” (1) белгіленген маңызды міндеттер жатады.

 

Олардың ішіндегі маңыздысы – мемлекеттік биліктің түрлі деңгейлерінің арасындағы қызметтер аясын, функциялары мен жауапкершіліктерін нақты ажыратуды қамтамасыз ететін заңдарды одан әрі жетілдіріп, сонымен бірге жергілікті мемлекеттік басқарудың тиімді жұмыс істеуі үшін жағдацлар туғызу мақсат етіп қойылған.  ...

 

4 Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеудің түп негізі және жүзеге асырылуы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің түп негізі, нысаны, актісі жоғарғы юридикалық күші бар номативті-құқықтық актісі болып Ата-заң (Конститутция) саналады. Конститутция - Қазақстан Республикасында ең басты мемлекеттік заң. Ол еліміздің қоғамдық қатынастар жүйесінің юейнесін ашатын және қоғамның тұтастығы мен құндылық құрылымын анықтайтын, оның дамуына әсер ететін жалпы негізгі заң- Мемлекеттік басқарудың құқықтық түп негізі.

 

Одан кейінгі мәртебесі бойынша- заңдар, Қазақстан Республикасының басқарудағы құқықтық реттеудің маңызды нысаны. Ол еліміздің қоғамдық әрекеттердің мәртебелік жағдайы мен юридикалық тәртіппен жүргізілуін анықтаушысы.

 

Заң - бұл мемлекеттің еркі мен өмірінің негізгі мәселелерін қарастыратын, Конститутциядан кейінгі жоғары юридикалық күші бар, ерекше тәртіппен қабылданған нормативті-құқықтық акт. Заңдар бастауы, мазмұны мен мағынасын ашатын материалды белгілермен және ерекше спецификалық құқықтармен, оның юридикалық теңділігімен, әсіресе құқық шығарушылық процедурасымен сипатталады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеудің заң шығарушылық нысаны қоғамда алатын орны бар. Мұны мемлекеттің қарамағындағы күрделі де, күшті құралдар жүйесімен қамтамасыз етеді. ...