Курсовая работа: ҚР-ғы кәсіпкерліктің негізгі ұйымдастыру формалары


Цена: 3 Скачать
Предмет:
Экономика
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
25

Жоспар

 

Кіріспе. 3

Ι-Тарау. Кәсіпкерліктің мәні, және түрлері 5

1.1 Кәсіпкерліктің түсінігі және маңызы.. 5

1.2.Кәсіпкерліктің түрлері 8

II-Тарау. ҚР-ғы кәсіпкерліктің негізгі ұйымдастыру формалары.. 15

2.1 ҚР-ғы кәсіпкерліктің дамуының құқықты негізі және жолдары. 19

Қорытынды.. 24

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 25

Ι-Тарау. Кәсіпкерліктің мәні, және түрлері

1.1 Кәсіпкерліктің түсінігі және маңызы

 

  Кәсіпкерлік - меншік иесінің өзіндік және қарыз қүралдарын пайдалана отырып табыс табуға бағытталған тәуекелді инициативалы қызметі.

Шет елде де, біздің елде де кәсіпкерліктің жалпы қабылданган экономикалық теориясы әлі де жасалынбаған. Кәсіпкерлік функциясының даму теориясы "үшке бөлінеді".

Біріншісі- 18 ғасырда пайда болған, бүл кәсіпкердің тәуекелдікке баруына аса мән берумен байланысты.

Екіншісі- ғылыми негізінде кәсіпкерліктің негізгі ерекше қасиеті ретінде инновацияны қолданумен байланысты.

Үшіншісі- кәсіпкердің жекеленген ерекше сапалық қасиеттеріне  (қоғамдық және экономикалық жағдайлардың өзгерісін сезу, шешім қабылдаудағы және таңдаудағы еріктілігі, басқа да басқарушылық қабілеттері) және бір қалыпты экономикалық жүйені реттеуші кәсіпорындағы рөліне ерекше көңіл бөледі.

Қазіргі уақытта теориялық зерттеулер тәуелсіз негізде, ерікті қызмет жүргізу әдісі ретіндегі кәсіпкерлікке ғана емес, соньщен қатар фирма ішілік кәсіпкерлікке немесе интрапренерствоға көңіл бөлуде. "Интрапренер" термині кейінірек "интеркапитал" терминін енгізген американдық зерттеуші ең алғаш қолданған.

Интрапренерствоның пайда болуы көптеген ірі өндірістік қүрылымдардың өндірісті үйымдастыру кәсіпкерлігіне көшумен байланысты. Кәсіпкерлік міндетті творчестволық еріктің болуын жорамалдаса, онда өндірістік қүрылымның толық мәнді болімшесі интеркапиталдың, яғни фирма ішілік кәсіпкерлік негізінде жатқан идеяларды іске асыруға қажетті капиталдың болуын білдіреді.

 

Кәсіпкерлік экономикалық көрініс ретінде нарықтың экономикалық (сұраныс пен ұсыныс, бәсекелестік, құн, т/б) экономикалық заңдар мен тауарлы өндірістің айналымның барлау құралдары ретінде кәсіпкердің басқа шаруашылық субъектілері мен қатыстардың тауарлы мінездемесі . ...

 

II-Тарау. ҚР-ғы кәсіпкерліктің негізгі ұйымдастыру формалары

Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастырылу формасы кәсіпрорындағы серіктестер арасындағы ішкі қарым-қатынасты, мемлекеттік органдармен қатынасты және басқа кәсіпорындармен қарым-қатынасты енгізген нақты нормалар жүйесі.

Кәсіпкерліктің ұйымдастырылу-құқықтық формасын таңдау көптеген

факторларға тәуеді: өзіндік капиталдың болуы не оны тарту мүмкіншілігінің

болуы, кәсіпкерлік қызметтің сипаты мен көлемі, кәсіпкерлік жобаны іске

асыру мерзімі, жеке тәжірибесі және нарық жағдайында кәсіпкердің

ұйымдасгырушылық әрекеті, сонымен қатар басқа кәсігюрындардан

ерекшелігі. Ұйымдастыру-құқықтық формасын таңдау кәсіпкерлік жобаны іске асыру мүмкіншілігін қамтамасыз ету керек.

Ең бірінші кәсіпорын меншік түріне байланысты: қоғамдық және жеке болып бөлінеді.

Қоғамдық: мемлекеттік және муниципалды кәсіпорын болып бөлінеді. Олардың жиынтығы экономиканың қоғамдық секторын қүрайды.

Муниципалды: жеке меншік, серіктестік, акционерлік қоғам, аралас кәсіпорын, кооператив болып бөлінеді. Бұлар экономиканың жеке меншік секторын қүрайды.

экономиканың жеке меншік секторындаға кәсіпорын оның иесінің санына байланысты бөлінеді. Олар жауапкершілігі шектелген және шектелмеген болады.

Шектелген жауапкешілік кәсіпорынға қорын салғантұлға кәсіпорын міндеттемесі бойынша өз салымының шегінде ғана жауапкершілік алатындығын білдіреді.

Шектелмеген жауапкершілік кәсіпорынга қорын салған түлга кәсіпорын міндеттемесімен бірге өзінің бар мүлкімен жауапкершілікте болатындыгын білдіреді.

Жеке меншік сектордагы кәсіпорындардың үйымдастырылу формалары  коп.

 

         Жеке кәсіпорын азаматтардың жеке меншігіне негізделген. Оның иесі барлық табысты алушы және шаруашылық қызмет нәтижесіндегі барлық тәуекелділікті көтеруші бір жанұя немесе бір тұлга болып табылады.

 

Артықшылығы: табыфсты бөлу мәселесі туындамайды, салық салу жүйесі жай және салықтық жеңілдіктер болуы мүмкін.

 

Кемшілігі: алғашқы капитал көлемінің аздығы, банктік несие алудағы қиыншылықтар, үлкен іс бастау қиын.

 

Толық серіктестік мүшелерінің үлестік, пайлық меншігіне негізделген, заңдық тұлға болмайды. Серіктестіктің барлық мүшелері шаруашылық қызмет нәтижесінде өзінің бар жеке мүлкімен толық жауапкершілікте болады. Серіктестіктегі қаржылық жыл нәтижесінде алынған пай да, жарғылық қордағы салымдарына сәйкес құрылтайшылар арасында бөлінеді. ...