Реферат: Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі


Цена: 2 Скачать
Предмет:
История
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
24

Мазмұны

Кіріспе. 3

1 ҚР-дағы білім беру жүйесі 4

1.1 Қазақстандағы жастар мәселесін әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қарастыру  7

1.2 Білім беру деңгейін көтеру үшін қабылданған мемлекеттік бағдарламарлар мен шаралар. 11

1.3 Білім беру саласындағы әлеуметтік-экономикалық кемшіліктерді жою мен шара қолдану. 14

1.4 Білімді жастардың болашағы – жоғарғы өрлететін жол. 20

Қорытынды.. 23

Қолданылған әдебиеттер: 24

1 ҚР-дағы білім беру жүйесі

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Көптеген дамыған елдер мектепке дейінгі білім беруге тең қол жеткізу үшін мүмкіндіктер жасайды. Ал, Қазақстанда 2000 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі ұйымдардың саны 12 бірлікке (1%), ал олардағы балалардың контингенті 25 421 балаға (18,7%) өсті, бұл мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту сұранысының өсуі мен осы сұраныстарды қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы теңсіздікті айғақтайды (1 кесте). Нәтижесінде мектепке дейінгі ұйымдардағы 100 орынға 105-тен 130-ға дейін баладан келді. Тұтастай алғанда, республика бойынша 22 мыңға жуық бала мектепке дейінгі ұйымға орналасу үшін кезекте тұр, бес-алты жастағы 127 мың бала мектеп алды бағдарламамен қамтылуға тиіс.

1 кесте. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

Жылдар Желі Контингент
2000 1144 135287
2001 1167 146375
2002 1162 153965
2003 1156 160708

Мектепке дейінгі тәрбие жүйесінде 16,3 мың педагог қызметкер еңбек етуде, олардың 38,7%-ының жоғары білімі, 52,8%-ының арнаулы орта педакогикалық білімі, 6,4%-ының аяқталмаған жоғарғы педагогикалық білімі бар. Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің 40%-ының ғана жоғары және бірінші санаттары бар, ал 31,2%-ының санаты жоқ.

1.3 Білім беру саласындағы әлеуметтік-экономикалық кемшіліктерді жою мен шара қолдану.

Нарықтық экономика заңдылықтары елімізде терең тамырланған кезінде қазақстандық жастар алдында сапалы білім алу мәселесі өткір тұр. ҚР жас азаматтарының кәсіби оқу процесін 2000 жылғы деректерге қарағанда 722 оқу орны жүзеге асырылып отыр.

Жоғарғы оқу орны 1995-2000 жыл арасындағы салыстырмалы өзгеріс саны 51-ге көбейді. Ал тек мемлекеттік ЖОО-да дәріс алатындар саны  99535 адамды құрайды. Статистика мәліметтері жоғарғы білімді адамдардың анағұрлым көбейгендігін көрсетеді. 1999-2000 оқу жылының өзінде ақ ҚР жоғарғы білім инфрақұрылымы 55445 маманды даярлап, олардың саны алдыңғы оқу жылымен салыстарғанды 3675 адамға өскенін байқатты, бірақта, «саны да сапасы жоқ» деп айтпақшы, жылдан жылға жоғарғы білімге ие адамдар санының өсуі сол адамдардың жоғарғы білім ұяларында алған білім сапасына күмән тудырады.

 

Жастардың алдындағы аса маңызды сын таңдау еді. Сондықтан да мемлекетіміздің жастары келешегін ойлап, қандай мамандыққа артықшылығын беретінін «Қазақстан жастары 2000: жағдай, тенденсиялары , болашағы» атты ҚР-ның Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі мен Статистика жөніндегі Қазақстан Республикасы агенттігінің мемлкеттік баяндамасында айтылған. Әлеуметтік сауалнама нәтижесінен көруге болады. ...

1.4 Білімді жастардың болашағы – жоғарғы өрлететін жол

Кез келген жас өркен жоғарыға өркендеу үшін оның фундаментальді тірегі болу керек, біздің заманымызда сол фундамент бастауы білім алу болып келед. Білімді жас елін көркейтеді, туын желбіретеді, деңгейі мен даңқын көтереді. Ал нақты көрсеткіштерге сүйенетін болсақ бізде білім беру мәселесі мен білім алу мәселесі ақсандауда болып келеді.

 

Біздің жастардың жоғарғы оқу орнын бітіріп , белгілі маман иесі болғаны қандай дәрежеде екенін талдап өтелік.

 

ҚР жас азаматтарының қазіргі транзиттік кезеңде еңбек нарығында өз білімі мен тәжірбиесін жүзеге асырып, орнықты позицияны иеленуі, яғни өзіне лайықты жұмысқа орналасу мәселесі қоғамды алаңдатуда. Бұл мәселе тек жастарды ғана емес, сонымен қатар еліміздің экономикалық белсенді азаматтарын да толғандыруда.

 

Сонымен статистикалық мәліметтерге талдау жасап көрелік. Ақы төленетін жұмыс орындарында істейтін жастардың статистикалық көрсеткіштерінің салыстырмалы өсімі, халықшаруашылығындағы үлесінің төмендеу тенденсиясының өрбіп келе жатқаны өкінішті-ақ. 1995 жылы ақы төленетін жұмыс орындарында істейтін жастардың саны 1148953 адамды немесе жалпы жұмысшылардың санына шаққанда 23,7 пайыз болса, бар болғаны үш жылдың ішінде жас жұмысшылардың саны 450160-қа кеміп, 1998 жылы 698793-ті немесе жалпы жұмысшылар санына шаққанда 24,32 пайызды құрады.  ...

Қолданылған әдебиеттер:

  1. «Жастар болашағы маңызды мәселелердің бірі»; Ембергенов Қ.С. Қазақстан заман; 8 наурыз, 2002 жыл, 3 бет.
  2. «Жастар құқығын қорғау»; Егеменді Қазақстан; 10 қаңтар, 2005 жыл, 7 бет.
  3. «Білім беру деңгейінің көрсеткіштері»; Ембергенов Қ.С. Қазақстан заман; 22 ақпан, 2002 жыл, 6 бет.
  4. «Білімді жастардың болашағы – жоғарыға өрлететін жол»; Орталық Қазақстан; 6 қаңтар, 1998 жыл, 2 бет.
  5. «Жастар біздің болашағымыз»; Егеменді Қазақстан; 14 қыркүйек, 2005 жыл, 5 бет.
  6. «Молодеж в современном мире»; Деловая неделя; 20 марта, 2006 год, 9 стр.
  7. Энциклопедия социальной работы. Т. 1-3. – м., 1993г.
  8. Гершунский Б.С. Философия образования для ХХІ века. – М., 1998г
  9. Кларин М.В. Инновации в мировой педогогике. – Рига, 1995г
  10. Оброзование в мире на пороге ХХІ века. – М., 1991.
  11. Гусинский Б.С. Образование личности. – М.,1994 г