Доклад/Баяндама: Биосфера мен биота эволюцияларының механизмдері, факторлары мен триггерлері


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Экология, Биология
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
30

Жоспар

 

1 Биологиялық эволюцияның механизмдері 3

2 Катастрофизмнің қалыптасуы.. 4

3.Кратер түзілу себептері және онымен бірге жүретін құбылыстар. 5

4 Рифтогенез, радиоактивтілік және тіршілік. 6

5 Жердің магнитосферасы және оның биосфера дамуындағы ролі 8

6. Динозаврлардың жойылып кетуі 8

7. Қысқа периодты ауытқулар және антропогенез. 10

8 Кроманьондықтардың дамуындағы шешуші кезеңдер. 12

9.Теңіз деңгейінің катастрофалық өзгерістері 15

10.Магнитті дауылдар және олардың биосфераға әсері 16

Қорытынды.. 18

Аса маңызды оқиғалардың хронологиясы.. 20

Пайдаланылған әдебиеттер. 22

 

2 Катастрофизмнің қалыптасуы

... Осы мәліметтер бойынша фанерозой кезеңінде (570 млн жыл) біздің планетамызда бұндай оқиғалар бірнеше рет қайталанып, Жердің дамуының 600 млн дай жыл барысында әр 30±4 млн жыл сайын дүркін-дүркін байқалып отырғанын көрсетті. Бұл аралықта осындай критикалық 20 кезең болғанын анықтады. Көптеген ғалымдар түрлердің жаппай жойылып кетуінің себептері төмендегідей деп көрсетеді:

а) Жерге өте үлкен аспан денелерінің құлауы (кратер түзілуінен), нәтижесінде климат пен экологиялық жағдайлардың кенеттен күрт өзгеруі;

б) атмосфераға вулкандық шаңның түсуі (вулканогенез);

в) гидросфераға уран және де басқа химиялық радиоактивті элементтердің түсуі (рифтогенез);

г) Жердің магнит өрісінің қорғаныш қасиеттерінің әлсіреуі (геомагниттік өрістің инверсиясы);

д) жаңа жұлдыздардың жарқылдары;

е) Күн системасының компоненттеріне Немезиданың немесе Күн системасының 10-шы планетасының әсері, т.б.;

ж) Бүкіл әлемдік мұхит деңгейінің өзгеруі.

Бұнымен қатар, соңғы кезде осы жоғарыда аталған құбылыстардың барлығы бір-бірімен тығыз байланыста екендігі туралы көптеген мәліметтер жинақталуда. ...

 

4 Рифтогенез, радиоактивтілік және тіршілік

... Рифтогенез кезінде фосфаттар мен түрлі химиялық элементтердің гидросфераға түсуі күрт артады. Бұл теңіз өсімдіктерінің, балықтар мен басқа да жануарлардың көбеюіне себеп болады. Қорекпен бірге балықтар мен басқа жануарлардың организміне радиоактивті заттар да жинақталады, олардың әсерінен организмдер құрылымында мутация жүріп, кейбір түрлер жаппай қырылып қалса, екіншілерінде жаңа белгілер мен қасиеттер пайда болып, олар ары қарай түр ретінде дами береді.

Рифтогенез кезінде мутагенез қарқынды жүріп, тіршіліктің жаңа формалары пайда болады. Жаңадан пайда болған түрлер біздің планетамызда тұрақталмай тез жойылып кетті дегенмен ұзақ уақытқа сақталып қалғандары да болды. С.Г.Неручев, 538 млн жыл бұрын уранның гидросфераға түсуі нәтижесінде трилобиттердің дене сегменттері әлдеқайда азайып, ал кейбіреулерінде екеу ғана – бас, құйрық сегменттері қалған деп көрсетеді. 500 млн жыл бұрынғы рифтогенез фазасында алғашқы омыртқалылар, панцирлі балықтар пайда болды. 320 млн жыл бұрынғы кезеңде алғашқы төртаяқтылар –ихтоостегидтер пайда болды, 290 млн жыл бұрынғы кезеңде алғашқы кесірткелер, 167 млн жыл бұрынғы кезеңде жануарларда ұшу аппараты пайда болды. Түрлердің кейбіреуінде алдыңғы аяқтарының саусақтары ұзарып, араларында жарғышақтар пайда болды. Осылайша ұшқыш кесірткелер – птерозаврлар, археоптерикстер пайда болды. ...

7. Қысқа периодты ауытқулар және антропогенез

... Г.Н.Матюшин 2.8 млн жыл бұрын болған геомагниттік өрістің инверсиясының әсерінен австралопитектер адамға (”шебер адам”) айналды, ал 1.8 млн жыл бұрын екінші инверсия әсерінен “тік жүретін адам” пайда болып, 690 мың жыл бұрынғы инверсия нәтижесінде питекантроп пайда болды деп жорамалдайды.

Соңғы 600 мың жыл ішінде палеомагнитологтар геомагниттік өріс инверсиясының 12 кезеңін анықтады. Бұл кезеңде планетада геологиялық, климаттық және биологиялық өзгерістер болған. П.Олсонның көрсетуі бойынша, геомагниттік өрістің ең төменгі шегі 2700 жыл бұрын болған, олай болса, оның толық циклы 11400 жыл.

Кестеде инверсиялардың адамның антропологиялық түрінің қалыптасуына әсері көрсетілген. Г.Н.Матюшин 250 мың жыл бұрын болған инверсия сөйлеудің бастапқы түрлеріне ие неандерталдықтардың шығуына себеп болды деп жорамалдайды. Бұл кезеңде Жердің беткі қабатына түскен уранның мөлшері туралы мәліметтер өте аз. С.Г.Неручевтің пікірінше, антропоген кезінде (соңғы 2 млн жыл) уран мен сапропелді органикалық заттардың жинақталу аймақтары рисс-вюрм кезеңі (80 мың жыл бұрын) және голоценде (7-3 мың жыл бұрын) болған. ...

10.Магнитті дауылдар және олардың биосфераға әсері

 

 

 ...Күн белсенділігінің күшеюі, не әлсіреуі кезінде Күнде отты жарқылдар пайда болады. Бұл кезде электромагнитті сәулелер мен энергияның зарядталған бөлшектері түрінде 102 джоульге дейін энергия бөлінеді.

Жарқылдың көлемі 1 млрд мегатонна ядролық жарылыс мөлшеріне тең болады. Пайда болған электромагнитті сәулелер Жер орбитасына 8 минут 20 секундта, ал жоғары энергетикалық плазма бөлшектері – 1-2 тәулікте жетеді. Бұл сәулелердің екеуі де Жердің магнитосферасына әсер етіп, түрлі геофизикалық құбылыстарды туғызады: магнитті желдер, геоэлектрлік өрістердің өзгерістері, атмосфералық қысымның ауытқулары және т.б. Бұл құбылыстардың барлығы жер сілкінулер мен вулкандардың атқылау белсенділігіне әсер етеді.

Магниттік дауылдар жарқылдың жердің ионосферасына және магнитосферасына әсер еткенде және планетаның магниттік секторларды асып өткенде де пай да болады. ...