Доклад/Баяндама: Баланың психикалық дамуындағы ойынның ролі


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Психология
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
9

... Ойын жағдайлары мен ондағы іс-әрекеттер  мектепке дейінгі шақтағы баланың ақыл-ой әрекетінің дамуына үнемі әсер етеді. Ойында бала заттың баламасымен іс-әрекет жасауға үйренеді. Ол  балама затқа ойынға сәйкес ат қояды және осы қойылған атқа іс-әрекет етеді. Балама зат ойлау тірегі болады. Балама затпен іс-әрекет ету негізінде бала сол зат жөнінде ойлауды үйренеді .Біртіндеп заттармен жасалатын ойын қимылдары азая түседі, бала заттар туралы және олармен ақыл-ой тұрғысынан іс-әрекет жасауды ойлауды үйренеді. Сонымен, ойын едәуір дәрежеде баланың ұғым тұрғысынан ойлауға көшуіне көмектеседі.

 

Сонымен қатар ойын әсіресе және баланың сюжетті рольді ойынындағы шынайы өзара қарым-қатынасының тәжірібиесі өзге адамдардың көзқарасын түсінуге, олардың келешектегі мінез-құлқын болжап білуге және осының негізінде өзінің жеке басының мінез-құлқын құруға мүмкіндік беретін ерекше ойлау қасиеттері  жатады.

 

Ойын тілдің дамуына өте зор ықпал тигізеді. Ойын жағдайы оған араласқан әрбір баладан тіл қарым-қатынасы дамуының белгілі  бір деңгейін талап етеді. Егер баланың ойынның барысына қатысты өз тілегін анық айтуға мүмкіндігі болмаса, егер ол бірге ойнап отырған өз жолдастарының сөз арқылы берілген нұсқауларын түсінуге қабілеті жетпесе, онда ол құрдастарына масыл болады. Құрдастарымен түсінісу қажеттігі ұйқасымды тілдің дамуына себепші болады.

 

Рольді ойын қиялдың дамуында анықтаушы орын алады. Ойын әрекетінде бала бір затты екінші затпен алмастыруға, өзіне түрліше рольдерді алуға үйренеді. Қиялды дамытудың негізіне қабілет жатады. Мектепке дейінгі ересек балалардың ойындарында балама заттардың болуы міндетті емес. Балалар затты ойша түсінуге және олармен амал істеуге және өз қиялында жаңа жағдайларды жасауға үйренеді. Мұндай жағдайда ойын баланың ішкі дүниесіне өтеді. Нәзік саусақтармен жағын сүйеп,ойға шомған кішкентай қыздың қуыршаққа қарап отырған фотографиясын алты жасар қыз көріп тұр. Қуыршақ іс тігетін ойыншық машинаның жанына отырғызылған. Қыздың айтқаны: «Кішкентай қыз өзінің қуыршағы іс тігіп отыр деп ойлайды». Кішкене қыз өзінің түсіндіруі бойынша тек оның өзіне тән ойын тәсілін тапты.

 

Баланың жеке басының дамуына ойынның өз ықпалы бар. Ойын арқылы бала ересек адамдардың мінез-құлқы және қарым-қатынасымен танысады, ал бұлардың бәрі оның өз мінез-құлқының үлгісі болады.,өз құрдастарымен қарым-қатынас жасауға қажетті қасиет болып саналатын араласа білудің негізгі дағдыларына ие болады. Ойын баланы еліктіре және өзіне алған роліндегі ережелерді орындауға итермелей отырып, сезімнің және мінез-құлықтың ерікті жігерді реттеудің дамуына себепші болады. ...