Доклад/Баяндама: Жасөспірімдік кезеңдегі девиантты мінез-құлық


Цена: 1 Скачать
Предмет:
Психология
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
7

Ауытқымалы мінез-құлық көбіне жасөспірімдер арасында көптеп кездеседі. Жасөспірімдік шақта балалардың қызығушылығы арта түседі, әртүрлі әрекетке бейімделгіш келеді, мінезі ерекшеленіп, өзінің өмір жолына көз жіберіп, ой елегінен өткізуге тырысады, оқудың мәнін, мақсатын түсініп, ұжымдағы өз орнын білгісі келеді.

Э. Шпангер ересектік дамудың 3 түрін бөліп көрсетеді:

1. Тип – дөрекі, қызба, дағдарыс ағымымен сипатталады, нәтижесінде жаңа «мен» пайда болады.

2. Тип – жеткіншек өзінің ішкі күші арқылы мзасыздығы мен дағдарысын саралап, өзін-өзі дамытады. Яғни бұл тип көбінесе өзін-өзі бақылауы мен өзін-өзі реттей білу деңгейі жоғары адамдарға тән.

3. Тип – жай, сергек, біртіндеп жетіледі, ол ересек өмірге ешқандай өзгеріссіз, күрделі қиындықсыз бейімделеді.

Р.Кулен жасөспірімдердің дамуындағы биологиялық көзқарасты талқылайды, ол бұл кезеңді биологиялық және психологиялық кезеңнен гөрі әлеуметтік-этникалық кезең деп қарастырады. Оның көзқарасы бойынша жасөспірімдік шақта үш негізгі әлеуметтік-этникалық тенденция қарастырылады: үлкендердің қадағалауынан босану, жеке даралыққа көшу, өзінің өмір жолын таңдау мәселесіне салмақты түрде қарау, мамандық таңдау, әлеуметтік-этникалық нормалар мен құндылықтарды игеру. Р.Куленнің пікірі бойынша, егер бала өзінің алдына осы көрсетілген мәселелерді қоймаса, онда өмір сүрген жасына қарамастан балалық кезеңде қалып қояды.

Жасөспірім кезіндегі дағдарыс барлық балаларда кездеседі. Кейбір балалар дағдарстан жеңіл өтеді, ал кейбіреулер үлкен қиындықпен өтеді. Дағдарыстың жеңіл түрде өтуіне ата–аналардың балаларға көп көңіл бөлуі, ата–аналық сүйіспеншілік сезімінің толық берілуі біден-бір ықпал етеді. Жасөспірімдер арасында психопотологияның кездесуі ата–аналардың өз балаларының мінез ерекшеліктері туралы дұрыс түсінігі болмағандықтан «қате» көзқарас қалыптасады, артық талап қояды.