Доклад/Баяндама: Құқықтық тəртіпті сақтаушы лауазымды тұлғалардың жүрістұрыс кодексі


Цена: 1 Скачать
Предмет:
Заңгер этикасы
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
8

Бас Ассамблея:

—  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  Жарғысында  жарияланған  мақсаттардың  қатарында  нəсілі, жынысы,  тілі  мен  дініне  қарамастан  барлық  адамдар  үшін  адам  құқықтар  мен  негізгі бостандықтарын  сыйлау  мен  дамытудағы  халықаралық  одақтастықты  жүзеге  асыру  бар  екенін ескере отырып;

—  Адам  құқықтарының  жалпы  декларациясына,  сонымен  қатар,   Азаматтық,  саяси  құқықтар туралы  халықаралық  пактке,  Бас  Ассамблея 1975 жылғы 9 желтоқсандағы 3452 (ХХХ) резолюциясында қабылдаған  Барлық тұлғаларды қинаудан жəне басқа да қатігез, қадірқасиетті төмендететін  қарымқатынастан  немесе  жазалаудан  қорғау  туралы  декларацияға  сілтеме  жасай отырып;

 

<...> Түсіндірме:

Өз міндеттерінің ерекше сипатына қарай құқықтық тəртіпті сақтаушы лауазымды тұлғалар басқа адамдардың жеке өміріне қатысты немесе осы тұлғалардың мүдделеріне, абыройбеделіне зиян келтіруі мүмкін ақпараттармен танысады. Мұндай ақпараттарды сақтау мен пайдалануда ерекше сақтық  қажет.  Олар  тек  міндеттерді  орындау  барысында  немесе  əділеттілік  мақсатында жариялануы  мүмкін.  Басқа  мақсаттарда  мұндай  ақпаратарды  кезкелген  жариялаушылық толығымен құқыққа қайшы болып саналады.

 

<...> Сыбайлас жемқорлық əрекетін жүзеге асырған кезкелген құқықтық тəртіпті сақтаушы лауазымды тұлғаға  қатысты заң талаптары толығымен орындалуы тиіс, себебі, үкіметтер өз мекемелеріндегі лауазымды тұлғалардың заңдылықты сақтауын қамтамасыз ете алмаса, азаматтардың құқықтық тəртіпті сақтауын да күте алмайды.