Шпаргалка: Шпаргалкалар ша казахстана тарихының. Вариант-02. шпаргалки по истории Казахстана на казахском языке


Цена: 2 Скачать
Предмет:
История Казахстана, История
Тип работы:
Шпаргалки
Количество страниц:
17

Бөкей ордасы. Жәңгірхан (1823-1845жж.)

Кіші жүз - үш жүздің ішіндегі жерді ең көп иеленген өлке. Ол Жайық пен Тобылдаң бастап Сырдарияның төменгі ағысына дейінгі алқапты қамтып (850 000 шақырым) жатыр. Оңтүстігінде Хиуа, Қоқан хандықтарымен, Түрікмен, Қарақалпак иеліктерімен, солтүстігінде Ресейдің Астрахан, Саратов және Орынбор губернияларымен, шығысыңда Ұлы және Орта жүз жерімен шектеседі._ ХІХ ғасыр басында Кіші жүздің біркатар ауылдары Ресей империясының құрамындағы Жайық пен Еділ өзендерінің төмеңгі ағысын қамтыды. Олар кейін Бөкей ордасы немесе Ішкі орданы (географиялык орналасуы бойьнша) құрды. 1801 жылғы 11 наурызда император I Павелдің Жарлығымен Кіші жүз қазақтарының осы жерде көшіп-қонуы заңдастырылды. 1803 жылғы есепке карағанда олардың мал саны едәуір болған (70мың түйе, 30мың жылқы, 250 мың ірі қара мал, 1 миллионнан астам қой).

 

Патша үкіметі Кіші жүз руларына Жайық пен Еділ арасында еркін коныстануға қайта мүмкіндік беру арқылы қазақтардың жер үшін күресін біршама бәсеңдетіп, оны өзінің отарлау саясатындағы басты бағыт деп қарастырды.

 

Бөкей Нұралыұлы (1804 - 1845жж) - Кіші жүздің белді сұлтандарының бірі. Саяси күреске ХVIII ғасырдың соңынан араласа бастаған. Өзінің туған ағасы Қаратаймен алакөз болып, кейіннен Айшуақ ханмен де жағаласты. ХIX

 

ғасырдың басында осы Ханның кеңесіне төраға болды, алайда тәкаппарлығы оның бағыныштылығына жол бермеді, орыс өкіметіне жағымды болды.

 

Жәңгір жас кезінен білімге құштарлығын байқатты. Астрахан губернаторының үйінде тәрбиеленді. Парсы, орыс, араб тілдерін білді. Сауда-саттыққа қамқорлық жасады. Ресей елінде белгілі қайраткер ретінде бедел мен билікке ие болды.

 

Қазақ халқының қалыптасуы, «қазақ» атауының шығу тарихы.

Қазақ және Орталық Азияның басқа да түрік тілдес халықтарының этникалық негізін осы аймақты сонау тас және қола дәуірінен бері мекендеп келе жатқан ежелгі адамдар, одан бергі сақ-скиф, үйсін, қаңлы, ғұн, түрік, түкеш, қаерлық, оғыз, қимақ, қыпшақ, найман, арғын, керей т.б. тайпалар құрады. Қазақ халқының қалыптасуын ХІІІ ғасырдағы монғол шапқыншылығы біраз кейінге шегерді. Осы кезенде қазақ даласына біраз монғол тайпаларыда келді. Бірақ олар жергілікті халықпен сіңісіп кетті. Этнос немесе халық дегеніміз түр тұлғасы, мәдениеті, тілімен салт-дәстүрі ортақ адамдардың тарихы қалыптасқан тұрақты қауымы. Этностың қалыптасуындағы ең маңызды: басты белгі – жер тұтастығы. Қазақ халқы және оның этникалық територриясының қалыптасуы негізінен ХV-ХVІ ғасырларда аяқталды.

«Қазақ» деген термин бастапқы кезде көшпенділердің хан билігіне бағынғысы келмей тәуелсіз, еркін жүрген топтардың білдіретін әлеуметтік мағынада қолданылады.Жәнібек пен Керей хандығы нығая келе олардың қол астындағы барша халық қазақтар деп атала бастады. Бірте-бірте бұл термин этникалық мәнге ие болып халық атауына айналды. Осылайша қазақ хандығының дүниеге келуімен бірге «Қазақ» этнонимі – халық пайда болды.