Шпаргалка: Шпаргалкалар ша казахстана тарихының. Вариант-05. шпаргалки по истории Казахстана на казахском языке


Цена: 2 Скачать
Предмет:
История Казахстана, История
Тип работы:
Шпаргалки
Количество страниц:
20

 Есім және Жәңгір хан  тұсындағы қазақ  хандығы Тәуекелден кейін Қазақ хандығының тағына отырған Есім хан (1598-1628) бүкіл саналы өмірін ат үстінде өткізген, Қазақ хандығының шекарасын кеңейту, қорғау жолында халқына өлшеусіз қызмет етті. Халық оны "Еңсегей бойлы ер Есім" деп атады.

 

Есім ханның кезінде Бұқар ханы Иманқұл, Ташкент, Түркістан аймағын қайтару үшін 1612-1620 жылдары қазақтарға бірнеше рет соғыс ашты. Бұл соғыстарда қазақтар өз жерлерін қорғап қалды.

 

Сонымен бірге Есім ханның кезінде қазақ жеріне ойрат тайпалары да бірнеше рет шапқыншылық жасады. Бұл шапқыншылықтарға қазақтар тойтарыс беріп отырды. Есім ханнан кейін қазақ хандығының тағына оның баласы Жәңгір отырды.

 

1635 жылы Батыр Қонтайшы бытырап жүрген ойрат тайпаларын біріктіріп, Моңғолияның батыс аймағында Жоңғар мемлекетін құрды. Бұрынғы бытырап жүрген ойрат тайпалары біріккеннен кейін Қазақ хандығына үлкен қауіп туғызды. Осы кезден бастап жоңғарлардың Қазақ жеріне ірі шапқыншылықтары басталды.

 

Жәңгір хан басқарған жылдары қазақтар мен жоңғарлардың арасында үш ірі соғыс болған. Біріншісі 1635 ж., екіншісі 1643 ж., үшіншісі 1652 жылы. 1643 жылғы ұрыста қазақтар екі таудын арасына ор қазып, жоңғарларға қарсы соғысты. Осы соғыста Жәңгір хан 6 мыңдай әскерімен 50 мың жоңғарларға тойтарыс берді. Осы ұрыста Жоңғар ханға Самарқан билеушісі Жалаңтөс Бахадүр 20 мың әскерімен көмекке келген.

 

Жәңгір хан 1652 жылы кезекті қазақ-жоңғар соғысында қаза табады.

 

Ортағасырлық  ғұлама  ойшыл ғалым  Әбу-Насыр әл - Фараби (870-950ж.ж.) Отырар қаласында туылған. Қала билеушісінің баласы деп айтылады. Өз қаласында білім алып, ол Бағдадқа барып оқуын жалғастырады. Әл-Фарабиді Шығыстың Аристотелі деп атады, себебі ол көптеген ғылыми салаларда шығармалар жазып, зерттеулер жүргізді. Оны энциклопедиялық дәрежедегі ғалым деп айтуға болады. Автор өзінің трактаттарың математика, философия, музыка, саясат, медицина, физика, заң, жаратылыс тану салаларына арнаған. Ол материалистік көзкараспен философиялық ой-пікірлер білдірген, мысалы, адам дүниені және оның негізгі мәнін сезім және парасат арқылы түсінеді. Қоғамдағы саяси-әлеуметтік процестерді ойлай келе, Әл - Фараби әділетті қоғам туралы пікірін «Әділетті қала тұрғындары» деген шығармасында көрсеткен. Ол әлеуметтік әділеттік, шындық орнату үшін күрескен.