Шпаргалка: Шпаргалкалар ша казахстана тарихының. Вариант-06. шпаргалки по истории Казахстана на казахском языке


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
История Казахстана, История
Тип работы:
Шпаргалки
Количество страниц:
16

 1905-1907 Революция Қазақстан Ресейдің саяси жер аударылғандары  мен  революциялық әрекетшілерінің  мекеніне айналғанына байланысты осы адамдардың аймақтардағы әлеуметтік –саяси өміріндегі ағартушылық және революциялық ұйымдастырушылық ролін атап айтқан жөн. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда бірқатар халық ұйірмелері  пайда болды. Ал 1896 жылы Атбасарда  Оралдан жер аударылған Ушаковтың басшылығымен бірінші маркстік үйірме Қазақстанда ашылды. ХХ ғасырдың басында Маркстік үйірмелер Акмолада, Петропавлда,Оралда, Қостанайда, Семейде, Верныйда және т.бі қаларада  қалыптаты.Осы үйірмелердің негізінде РСДЖП – ұйымдары құрылды.Кәсіподақтар құрыла бастады. 1905 жылы алғашқылардың бірі болып  Оралда теміржолшылардың кәсіподақтары құрылды. Сондай – ақ ірі кәсіподақтардың бірі Орынбор-Ташкент  темір жолының теміржолшыларының кәсіподақтары да осы кезеңмен орайлас құрылды. Жұмысшылар ұйымдарына басқалармен салыстырғанда белсенді әсер еткен Успен кенішіндегі капиталға қарсы Орыс- қазақ одағы еді. (Русско-киргизский союз  деп аталған).Бұл одақты П.Топорнин, А.Байчагиров, С.Невзоров және т.б.

 

Ресейдегі Революцияның өріс алуына 1905 жылғы Петербугтегі «Қанды жексенбі» негізгі себеп болды. ......... .............................Бұл жаңалық кейіннен Қазақстанға да жетті.1905 ақпан айында Туркестанда, Перовскіде, Жосалыда,Шалқарда және т.б. елд мекендерде демонстрацияны басуға қарсы әрекеттерге наразылықтарын білдіріп қозғалыстра өріс ала бастады. Москвадағы петербургтегі жұмысшылар қозғалыстарының әсерінен қазақстандағы жұмысшылар арасында, қазақ ауылдары мен қоныстанушылар ауылдарында  өте белсенді  революциялық ахуал қалыптаса бастады. 1905 жылы мамыр айында Верныйда, Қостанайда жұмысшылар ереуілдері өтті. 1905 жылдың жаз айында қазақ тұрғынры арасында  наразылықтар бұрынғыға қарағанда  ұйымдастрылған және саяси сипатта бола бастады.Осы кезеңдегі оқиға барысында бар дауысымен  қазақ халқының наразылығын жан дауысымен жеткізуге тырысқан ұлттық интеленция өкілдері болды. Сол интеленци өкілдерінің лидерлерінің бірі Алихан Бөкейханов. ОЛ 1905 жылғы  Қарқаралы қозғалысына белсенді араласты. Қоянды жәрменкесіне қазақ тұрғындарынан 14,5 мың адам ,31 болыстан жиналып, патша үкіметіне қарсы Қарқаралыдағы петицияға қатысты. Кейіннен бұл Қарқаралы петициясы деп аталды. Онда қойылған мәселелер қазақ қоғамындағы ең маңызды мәселелерді шешуді талап ету еді. Ол талаптар ең алдымен қазақтың ұрайлы  жерлерін тартып алғаннан кеін туындаған   агралық мәселені шешу, рухани саладағы орыстандыруға қарсы мәселені шешуді талап етті. ...

 

 Азамат соғысы (1918 – 1920 жж.) халық трагедиясы. 1918 жылдың көктемінде азамат соғысы басталды. Ресейдегі ақгвардияшылардың басшылары Қазақстандағы Кеңес үкіметіне қарсы Чехославак корпусының бүлігін ұйымдастырды. Бұл бүлік Солтүстік және Солтүстік-Шығыс Қазақстанды қамтиды. Олар Петропавлды, Ақмоланы, Атбасарды, Көкшетауды, Павлодарды, Семейді басып алды. Қазақстандағы ақтар қозғалысының басты тірегі Орал, Сібір, Орынбор және Жетісу Казак әскері еді.

 

Чехославак корпусының бүлігі және соның артынша ішкі революцияға қарсы күштердің Кеңес үкіметіне қарсы қарулы күреске шығуы Қазақстандағы саяси жағдайды өзгертіп жіберді. Дутов әскерлері 1918 жылы 3 шілдеде Орынборды басып алып, Қазақстан мен Орта Азияны Орталық Ресеймен байланыстыратын темір жолды кесіп тастады. Азамат соғысы басталған кезде Қазақстандағы Кеңес өкіметіне қарсы батыста атаман Дутовтың әскерлері солтүстікте адмирал Колчактың әскерлері, Жетісуда атаман Анненковтың ірі әскери топтары күресті.

 

Ақгвардияшылармен күресу үшін Қазақстанда Орал майданы, Ақтөбе майданы, Сотүстік Жетісу майданы құрылды.

 

Қазақстан жеріндегі ақгвардияшыларға қарсы ірі соғыс операцияларын Фрунзе, Тухачевский, Чапаев сияқты белгілі қолбасшыларымен қатар Иманов, Жангельдин секілді талантты командирлер басқарды.

 

Азамат соғысы басталғаннан кейін «Алашорда» басшылары Самарадағы құрылтай жиналысы комитетімен, Орынбордағы атаман Дутовпен және Омскідегі Колчакпен байланыс орнатты.

 

Мұндағы «Алаштықтардың» мақсаты осылардың көмегімен қазақ халқына автономия әперу еді.

 

1918 ж. Алаш Орда үкіметі бірқатар жарлықтар шығарды. Бұл жарлықтар бойынша Алаш территориясындағы Кеңес үкіметі шығарған заңдар күшін жояды деп жариялады.

 

Ақгвардияшылардың көмегімен батыста, Торғайда, Қостанайда, Семейде, Алаш атты әскерлер полктерді құрылып, Қызыл Армияға қарсы күресті.

 

Сонымен бірге қазақ еңбекшілерінен құрылған Қызыл әскер полктері де құрылды. 1918 жылы күзде Бөкей ордасында бірінші Қазақ Қызыл әскер полкі құрылды.

 

Кеңестік Ресейдің Қазақстан мен Орта Азия кеңестеріне көрсеткен көмегінің айқын үлгісі Ақтөбе майданына қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізу жөніндегі экспедиция болды.

 

Бұл экспедиция далалық өлкенің төтенше комиссары Әліби Жангельдиннің басшылығымен жүргізілді.

 

1919 ж. жазында Шығыс майдандағы Колчак армиясының негізгі күшінің күйретілуі Батыс, Солтүстік, Солтүстік-Шығыс Қазақстан мен Жетісуды азат етуге қажетті жағдай жасады. 1919 ж. аяғында Қазақстанның негізгі территориясы ақгвардияшылардан босатылды.

 

1920 жылы сәуірде Қазақстандағы ақгвардияшылардың соңғы тірегі Жетісу жері ақгвардияшылардан тазартылды.

 

Ақгвардияшылардың қалдықтарымен бірге атаман Дутов пен атаман Анненков Қытайға қашты.