Реферат: Конституциялық Кеңес


Цена: 2 Скачать
Предмет:
Право
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
21

Жоспар

 

Кіріспе. 3

1 Республика Конституциялық Кеңесiнiң және оның лауазымды адамдарының құзыретi 4

2 Конституциялық iс жүргiзу. 6

3  Конституциялық Кеңесінің Аппараты.. 14

Қорытынды.. 20

Пайдаланған әдебиеттер  тізімі: 21

 

1 Республика Конституциялық Кеңесiнiң және оның лауазымды адамдарының құзыретi

 

Конституциялық Кеңес дау туған жағдайда Конституцияның 72-бабы 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес:

1) Республика Президентi сайлауының;

2) Парламент депутаттары сайлауының;

3) республикалық референдумның дұрыс өткiзiлгендігi туралы мәселенi шешедi.

Конституциялық Кеңес Консти­туцияның 72-бабы 1-тармағының 2), 2-1), 3) тармақшаларына сәйкес:

1) Парламент қабылдаған заңдардың Президент қол қойғанға дейін;

2) Парламент және оның Палаталары қабылдаған қаулылардың;

3) Республиканың халықаралық шарттарының олар ратификацияланғанға дейін Конституцияға сәйкестігін қарайды.

Конституциялық Кеңес Конституцияның 72-бабы 1-тармағының 4)-5)-тармақшаларына сәйкес:

1) Конституция нормаларына ресми түсiндiрме;

2) Парламент тиiсiнше республика Президентiн мерзiмiнен бұрын қызметiнен босату туралы шешiм, Республика Президентiн қызметiнен кетiру туралы түпкiлiктi шешiм қабылдағанға дейiн - белгiленген конституциялық рәсiмдердiң сақталуы туралы қорытынды бередi.  ...

 

2 Конституциялық iс жүргiзу

 

... Өтiнiш субъектiлерi, сондай-ақ актiлерi мен әрекеттерiнiң конституциялылығы, сондай-ақ конституциялық рәсiмдердi сақтауы тексерiлетiн мемлекеттiк органдардың өкiлдерi мен лауазымды адамдар (олардың өкiлдерi) қажет болған жағдайда өздерiнiң қалауы бойынша не Конституциялық Кеңестiң талабы бойынша Конституциялық Кеңестiң iс жүргiзуге қабылданған өтiнiш қаралатын отырысына қатыса алады. Қажет болған жағдайда конституциялық iс жүргiзуге қатысушылардың, сарапшылардың, мамандар мен басқа да шақырылған адамдардың түсiнiктемелерi мен сөздерi тыңдалуы мүмкiн.

 

Егер мәселе жеткiлiктi түрде айқындалған болса, Төраға қорытынды шешiмдi талдап жасау үшiн Конституциялық Кеңес мүшелерi мәжiлiсiнiң ашылуы туралы жариялайды. Мәжiлiс кезiнде бөгде адамдардың қатысуына жол берiлмейдi. Мәжiлiс кезiнде болған пайымдауларды, дауыс беру барысы мен нәтижелерiн жария етуге тыйым салынады. Конституциялық Кеңестiң мүшелерi мәжiлiс барысында қаралып отырған мәселе бойынша жеке көзқарасын еркiн айтып, Конституциялық Кеңестiң басқа мүшелерiнен өздерiнiң көзқарастарын нақтылауды сұрай алады.

Конституциялық Кеңестiң отырысы хаттамаға түсiрiледi және қажеттiгiне қарай стенограммаға түсiрiледi.

Конституциялық Кеңес отырысының хаттамасы конституциялық iс жүргiзу тiлiнде жүргiзiледi.

Конституциялық Кеңес отырысының хаттамасын жүргiзу тәртiбiн, оның мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ Конституциялық Кеңес отырыстары хаттамасын жүргiзудiң өзге де мәселелерiн Конституциялық Кеңестiң Төрағасы айқындайды.

Конституциялық iс жүргiзу, Конституциялық Кеңес қабылдайтын шешiмдер қазақ не орыс тiлдерiнде жүзеге асырылып, жазылады.

Конституциялық iс жүргiзу тiлiн меңгермеген конституциялық iс жүргiзуге қатысушы адамдарды Конституциялық Кеңес олардың ана тiлiне немесе олар бiлетiн тiлге аудармамен қамтамасыз етедi.

 

Конституциялық iс жүргiзу кез келген сатыда, бiрақ қорытынды шешiм шығарылғанға дейiн мынадай реттерде:

 

1) субъект өзi мәлiмдеген өтiнiштен бас тартса;

2) конституциялылығы талас тудыратын актiлер күшiн жойса немесе заңдық күшiн жойса;

3) мәлiмделген өтiнiш Конституциялық Кеңестiң қарауына жатпаса тоқтатылуға тиiс.

Конституциялық Кеңестiң мәлiмделген өтiнiш бойынша конституциялық iс жүргiзудi тоқтату туралы шешiмi өтiнiш субъектiсiн Конституциялық Кеңеске осы негiздер бойынша қайтадан өтiнiш беру мүмкiндiгiнен айырады. ...

 

3  Конституциялық Кеңесінің Аппараты

...Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарымен, шет елдердің конституциялық бақылау органдарымен және халықаралық ұйымдармен байланысты іске асырады;

 

бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-әрекетті қамтамасыз етеді, БАҚ өкілдеріне консультация береді, баспасөз конференцияларын, Конституциялық Кеңестің Төрағасы және мүшелерімен интервьюлер өткізеді, КС Төрағасы және мүшелері үшін ақпарат агенттіктерінің материалдары бойынша дайджестер және КС-тің қызметі жөнінде мақалалар топтамасын дайындайды, журналистерді Конституциялық Кеңесте аккредитациялаудан өткізеді, Конституциялық Кеңестің ресми сайтына орналастыру үшін материалдар құрастырып, оны сүйемелдеп отырады;

 

Конституциялық Кеңес мүшелерінің құзыретіне жататын құжаттардың жобасын дайындайды және хат-хабар алысады;

 

Конституциялық Кеңес мүшелерінің қызметін қосалқы көмек көрсету, консультативтік және ұйымдық-техникалық жағынан қамтамасыз етеді; Төраға мен Аппарат басшысының өзге де тапсырмаларын орындайды.

 

Қаржы бөлімі

 

Конституциялық Кеңестің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарын жасайды;

Қаржы министрлігіне бухгалтерлік есеп, сондай-ақ Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне келесі жылға бюджеттік өтінім береді;

бюджеттік қаржыны міндеттемелер мен төлемдер бойынша бекітілген қаржыландыру жоспары бойынша ашылған лимиттерге сәйкес және олардың мақсатына қарай ұтымды және тиімді жұмсайды;

 

Конституциялық Кеңестің құрамы мен аппарат қызметкерлеріне жалақыны және заңнамада белгіленген өзге де төлемдерді есептеп, төлеп отырады;

 

Төрағаның қарауына қаржы мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізеді;

Аппараттың құрылымы мен штат саны жөніндегі құжаттардың жобасын әзірлеуге қатысады;

Кеңестің қызметі үшін қажетті, Қазақстан Республикасының заңнамасымен осы салада белгіленген өзге де қаржылық өкілеттікті іске асырады;

Төраға мен Аппарат басшысының өзге де тапсырмаларын орындайды. ...