Курсовая работа: Алғашқы қауымдық қоғам, оның дамуы жəне ыдырауы. Қазақстан мемлекетін нығайту - тұрақтылық пен прогрестің басты факторы


Цена: 3 Скачать
Предмет:
Право
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
21

Мазмұны

Негiзгi бөлiм:

1. Алғашқы қауымдық қоғам, оның дамуы жəне ыдырауы

2. Мемлекет жəне құқықтың пайда болуы, оның объективтік заңдары

3. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар

4. Қазақстан мемлекетін нығайту - тұрақтылық пен прогрестің басты факторы

5. Құқық туралы негізгі теориялар

Пайдаланған әдебиеттер тiзiмi

 

1. Алғашқы қауымдық қоғам, оның дамуы және ыдырауы

         Алғашқы қауымдық қоғам - адамдардың пайда болып, жер жүзінде өмір сүре бастағанына екі миллиондай жыл болды. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес адамдардың өздерінің дене құрылысы да, миы да, тәжірибесі де, пайдаланатын құралдары да дамып отырды. Соның нәтижесінде шамамен осыдан 40 мың жыл бұрын қазіргі типті адамдар (хомо сапиенс) қалыптасты. Адамдардың дене құрылысының өзгеруі тоқтап, оның орнына олардың қауымдық құрылысы, тәжірибесі басында бәсең, қейін қарқынды түрде дами бастады. Бұл процесс бірте-бірте алғашқы қауымдық қоғамды өмірге әқелді. Қоғамның дамуы екі бағытта жүріп отырды: адамдардың өмірлік тәжірибесінің дамуы және соған сәйкес пайдаланатын құралдардың өзгеріп, прогрестің жаңаруы. Бірақ бұл процесс басында өте бәсең дамыды. ...

 

3. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар

 

 

        Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсайды. Көне заманнан адамдар мемлекет пен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді — деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеу жасап келді. Енді мемлекеттің пайда болуы туралы теориялардың мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік.

 

         Теологиялық теория - мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді. Бұл теория дұрыс — бұрыс деуге болмайды. Мәселені дінмен бірге зерттеу керек. Себебі бұл теория адамдардың сенімі, иманы ретінде қалыптасқан ұғым, көне заманнан дамып, нығайып келеді. Бұл теорияны ғылыми түрде уағыздаған Фома Аквинский, Жак Маритен т.б.

 

         Патриархалдық теория - мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы бірте-бірте мемлекеттің басшысына айналған. Отбасы басшысы - әке, мемлекеттің бас­шысы — монарх. Бұл теорияның өкілі және дамытқан зерттеушісі Аристотель, оны жақтаушылар орта, жаңа ғасырларда болды (Фильмер, Михайловский т.б.). ...

5. Құқық туралы негізгі теориялар

 

         Құқық мемлекетпен бірге қоғамның объективтік даму процесінің нәтижесінде өмірге келді. Алғашқы қоғамдағы әлеуметтік нормалар: әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни өсиеттер, мемлекеттік жүйеде бірте-бірте екінші қатардағы нормаға айналып, құқық әлеуметтік негізгі нормаға айналды. Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келді. Сол көне заманнан ғалымдар құқық пен мемлекет қашан пайда болды, қалай дамып келеді?- деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келді. Өйткені құқықтың мазмұнын, тарихын, белгі-нышандарын жақсы білу қоғамды дұрыс, сапалы реттеп-басқаруға өте қажет.

 

         Қазіргі заманда да бұл мәселе заң ғылымын күн тәртібінен түскен емес. Бұл мәселемен толып жатқан ғалымдар, теориялар шұғылдануда. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес құқық туралы көзқарас та, пікірлер де әртүрлі болды. Құқық ту­ралы негізгі теориялар: табиғи, тарихи, реалистік, социологиялық, нормативтік, психологиялық, материалистік теориялар.

 

         Табиғи теория - бұл теорияның мазмұны көне дәуірде қалыптасқап. Теорияның мазмұны - адамдардың табиғи және мемлекеттің өмірімен байланысты құқықтары. Табиғи құқықтарын ешкім шектей немесе жоя алмайды — деп түсіндірген. Цице­рон — табиғи бостандыққа, құқыққа қарсы келетін мемлекеттік заң болуға тиіс емес — деген. Табиғи теорияны орта ғасырлардың ғалымдары: Локк, Руссо, Монтескье, Гольбах, Радищев т.б. өте жақсы дамытқан. Дамыған елдерде табиғи әлеуметтік норма мен құқықты бір-біріне қарсы қоюдың негізі жоқ. Олар қоғамды бірігіп басқарады. ...