Реферат: Осы заманға білім беру жүйіесін модернизациянау жаңарту


Цена: 2 Скачать
Предмет:
Педагогика
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
17

Жоспар

 

Кіріспе. 2

1 Білім беру: мәні және мазмұны.. 4

2. Білімнің жүйелілігі 7

3. Білім- педагогикалық процесс. 9

4 Қазіргі заман білім жүйесін реформалаудың негізгі бағыттары.. 11

5 Жаһандану жағдайындағы ұлттық білім берудің бағыттары.. 12

Қорытынды.. 15

Пайдаланылған әдебиеттер. 17

 

1 Білім беру: мәні және мазмұны

 

Əрқандай адамзат қауымдастығының шарты – оның мүшелігін мойындаған əр тұлға сол қауымның нақты табиғи жəне əлеуметтік-тарихи жағдайларына байланысты қалыптасып, қабылдаған құндылықтарын мойындап, қылық-əрекет талаптарына бой ұсынады. Өзінің қоғамдық қызметтерді орындауға қажет қабілеттерінің дамуына себепші болған əлеуметтену процесінде адам тұлғалық кемелдену сатысына көтеріледі. Адамның əлеуметтенуі оның қоғамдағы ауыспалы жағдайлар мен шарттарға икемдесе білуі ғана емес, ол өз ішіне жеке тұлғаның дамуы, өзіндік танымы мен өз мүмкіндіктерін өз күшімен іске асыра алу сияқты процестерді де қамтиды. Дегенмен, аталған процестерге байланысты міндеттердің шешімі бірде мүдделі, жүйеленген болып, бүкіл қоғам, сол үшін арнайы ұйымдастырылған мекемелердің қолдауымен жəне жеке адамның ынта-ықыласына негізделсе, кейде кездейсоқ келеді. Ал осы əлеуметтенуге орай жүргізілетін, нақты мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған басқару процесі білім (образование) деп аталады. Білім - өте күрделі, басқа дүние болмыстарында қайталанбас қыр мен сырға мол қоғамдық –тарихи құбылыс, оның мəн-жайын тануға құштарлық білдірмеген ғылым аз-ақ.

Педагогикада қолданылып келе жатқан білім түсінігі немістің “Bildung”-”бейне” сөзі негізінде пайда болған əрі оның бұл күндегі көпшілік таныған анықтамасы келесідей: кейбір идеалды бейнелерге саналы бағытталған, тарихи шарттарға тəуелді қоғамдық санада түбегейлі əлеуметтік өрнек – эталонға сай бекіп, жүзеге келетін тұлғалық жəне рухани қалыптасу мен əлеуметтену процесі.

Бұл тұрғыдан білім барша қоғамдар мен жеке индивидтер өмірінің ажырамас бір бөлігі ретінде қалыптасады. Осыдан да ол ең алдымен əлеуметтік құбылыс.

Білімнің əлеумет өміріндегі ерекше сала сипатына ие болу кезеңі білім мен əлеуметтік тəжірибені ұрпақтан-ұрпаққа өткізу процесі қоғамның тіршілік əрекеттерінен өз алдына бөлініп жəне тəрбие мен оқуды іске асыратын арнайы кəсіби адамдардың пайда болу дəуірінен басталады. Дегенмен, мəдениетке мұралық ету əлеуметтену мен тұлға дамуының қоғамдық құрал-тəсілі ретінде білім адамзат қауымының алғашқы қадамдарымен бірге өмірге еніп, еңбек əрекеттері, ойлау, тіл дамуымен бірлікте шексіз өркениет жолында өз өрісін тауып келеді.  ...

 

3. Білім- педагогикалық процесс

...

Педагогикалық процестің құрылымы екі тұрғыдан қарастырылады: 1) педагогикалық процеске қатысушылардың субъективті құрамы, 2) іс-əрекеттік құрамы.

Педагогикалық процестің субъекттері - тəрбиеленуші жəне тəрбиелеушілер. Бұлардың құрамы сан қилы. Мысалы , тəрбиеленушілер қатарында алты жастан алпыс жасқа дейінгі сəбилер мен қариялар; ал тəрбиелеушілер сапында ата-аналарды, кəсіби педагогтарды тікелей тəрбиеші субъекттер деп білсек, бұқаралық ақпарат құралдарын, салт-дəстүр, дін, тіл, табиғат жəне с.с балаға ықпал жасайтын барша əлеуметтік –қоғамдық құбылыстардың бəрін жанама да, тікелей де тəрбиеші деп танығанымыз жөн.

Педагогикалық процесс субъекттерінің өзара байланысты іс-əрекеттерінің соңғы нəтижесі – тəрбиеленушілердің адамзат жинақтаған тəжірибені игеруі.  ...

 

5 Жаһандану жағдайындағы ұлттық білім берудің бағыттары

 

 ... Сондықтан мектептерде  неғұрлым білім беру жүйелерінің дамуы және интеграциялануы таза, серпінді, шығармашыл, толық­қанды болса, ол келіп құятын білім айдыны да сондай дәрежеден табылады. Нәтижесінде отбасында, қоғамдағы өмірлік құндылықтар  жақсарып, сапалық  көрсеткіштер жоғарылайды.

Бүгінде дүние жүзі мемлекеттері мен олардың білім жүйелері жаhандану үдерісіне үн қосып, бұдан әрі дамудың жаңа страте­гия­­лары мен бағдарламаларын ұсынып отыр. Жалпы әлемдік даму бәсекелестікке негізделген. Білім саласындағы жаңа ойлар мен жаңалықтар – әлемнің бейбіт дамуының кепілі. Әрине, бұл дамудың және интеграциялануын  уақыт пен жағдай анықтайтыны  өз межесімен, өз бағамы аз емес екені белгілі. Сондықтан әлем айдынындағы тәуелсіз Қазақстан саясатта болсын, білім-ғылым ізденісінде болсын осы меже мен бағамның үдесінен шығуға бағыт ұстанғаны айдай анық.

Алдағы уақытта да заман талабына сай білімді әлем­дік деңгейге жеткізудің бірден-бір жолы,  бұл – инновациялық қызмет. Сол үшін әр ұстаздың ал­дында оқу мазмұнын жаңарту, өзі­нің шығармашылығын дамыту мен шеберлігін шыңдап, озық техно­ло­гияны жетік меңгеріп, әр күнгі саба­ғына тиімді әдіс – тәсілді пайдалану , тәуелсіз еліміздің ертеңі саналатын – бі­лім­ді ұрпақ тәрбиелеу міндеті бо­лып табылады. Біздің мектепте де оқытудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдерін іздестіру жұмыстары кең көлемде жүргізіліп келеді. Жас ұр­паққа топтық, ойын, тірек сигнал­да­ры, модульдік тестік жүйе, интер­ак­тивті, оқытудың компьютерлік, дамыта оқыту технологиялары бойынша білім беруде. Бұл Елбасы алға қойған міндет, заман талабына сай  ғылыми – техникалық  білім қалыптастыру .

Әр дамыған мемлекет жаһандану жағдайында ұлттық білім беру жүйелерінің дамуы мен  интеграциялануы бәсекеге қабілеттілігі оның ғылыми әлеуетімен өлшенеді.Осы мәселе бойынша білім саласында  инновациялық даму ұлтымыздың нанотехнологиясын және биотехнологиясын  дамыту. Білімге қызығушылығы жоғары оқушыларды тәрбиелеу. ...