Дипломная работа: Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатуға криминологиялық сипаттама


Цена: 5 Скачать
Предмет:
Құқық
Тип работы:
Дипломные работы
Количество страниц:
87

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе................................................................................................................ 3

I ТАРАУ. Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатуға криминологиялық сипаттама.

1.1 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың динамикасы, жалпы жағдайы мен құрылымы................................................6

1.2 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың

себептері мен қылмыстарға жол беретін жағдайлар......................................12

1.3 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасаушы, сақтаушы, не сатушы қылмыскердің тұлғасы......................................................................................18

II ТАРАУ. Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың алдын алу шаралары

2.1 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сату жөніндегі қылмыстардың алдын алудың түсінігі және оның түрлері.................................................................................................................25

2.2 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі, оның құрылымдары, Қазақстан Республикасы қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және бақылау Агенттігі - қылмыстардың алдын алу субъектісі ретінде.............. 35

2.3 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасағаны, сақтағаны,

не сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілік..................................................44

Қорытынды.........................................................................................................72

Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................76

 

I ТАРАУ. ЖАЛҒАН АҚША МЕН БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫ ЖАСАУ, САҚТАУ, НЕ САТУҒА КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМА

 

1.1 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың динамикасы, жалпы жағдайы мен құрылымы

 

... Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сату көне заманда, ақша пайда болғаннан-ақ қоғамда кездесіп отырған. Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасағаны, сатқаны үшін жауапкершілік туралы заңнамалардың даму тарихы ерекше жағдайлардан өтті. Ресейдің алғашқы қылмыстық кодексі (1922) бұл қылмыстық әрекетті құжаттарды бұрмалаудың түрі ретінде қоғамдық тәртіпке қарсы қауіпті қылмыс деп қарастырды. Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сатуға мемлекеттік қылмыстық сипат беріп, ОАК мемлекеттік қылмыстар туралы (1927) жалпы одақтық ереже қабылданды. Қылмыстық нормада пайдакүнемдікпен жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасағаны, сатқаны үшін жауапкершілік көзделді. 1959ж. Қазақ Советтік Республикасы қылмыстық кодексінде жалған ақша мен бағалы қағазды жасау, сақтау шаруашылық қылмыстар қатарында қаралды. Бүгінде жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу - ақша-несие саласында кездесетін қылмыс. Ақша-несие жүйесі мемлекеттің негізгі элементі болғандықтан, бұл мемлекеттің экономикалық қызметтері ұғымын қамтиды. Экономикада ақша-несие жүйесі ерекше орын алады, бұл ұғымдарды бөлек қарау мүмкін емес. Елдің рыногтық өтпелі экономикалық жағдайында, кәсіпкерлік бостандығы жарияланып, бәсекелестікке жол берілгенде, құн мен сыртқы экономикалық қызмет либерализацияланғанда жалған ақша мен бағалы қағазды жасау, сақтау, не сату жөніндегі қылмысты экономикалық қылмыс қатарына жатқызбау әділ болмас еді. ...

 

1.3 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасаушы, сақтаушы, не сатушы қылмыскердің тұлғасы

... Пайдакүнем-ситуациялық типтегі қылмыскерлерге жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберудегі қылмыстық әрекеттерді алғаш жасаушылар кіреді. Олар қоғамдағы қолайсыз жағдайлардың әсерінен қылмыс жасаулары мүмкін. Паида табудың оңай көзін көріп қалса, ондай мүмкіндікті текке жібере қоймайды.

Кекшіл типтегі жалған ақша мен бағалы қағазды жасаушы, сақтаушы, не айналымға жіберуші өзінің атына дақ келтіргейдерге намыстанып, кек қайтарудың жолын іздейді. Ол өз қарсыласының қиналғанын, оған зиян келгенін қалайды, өз мақсатына жеткеннен соң барып, бабына түседі. Бұл типтегілер алдыңғылар сынды пайда табуды көздемейді.

Саяси қылмыскерлер жалған ақша мен бағалы қағазды жасау, сақтау, не айналымға жіберу әрекеттерін саяси мақсаттарда жасайды. Әдетте, олар мемлекетаралық келіспеушіліктерде кездеседі. Екінші дүниежүзілік соғыстағы Гитлердің, сондай-ақ француз соғысындағы Наполеонның да өз қарсыластарының экономикасын күйретіп, жер жүзін жаулап алу мақсатында жалған ақшалар мен бағалы қағаздар жасап, ел-елге таратуы бұған дәлел [39,306.].

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберумен айналысатын қылмыскерлер тұлғасын төмендегідей типтерге бөлуге болады: пайдакүнем-тұрақты, пайдакүнем-тұрақсыз, пайдакүнем-ситуациялық, кекшіл, саяси қылмыскерлер.

 

Кесте 4- Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу жөніндегі қылмыстар бойынша қылмыстық жауапқа тартылғандардың жынысы, азаматтығы жөніндегі сандық көрсеткіштер ...

 

II ТАРАУ. ЖАЛҒАН АҚША МЕН БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫ ЖАСАУ, САҚТАУ, НЕ САТУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

 

2.1 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сату жөніндегі қылмыстардың алдын алудың түсінігі және оның түрлері

 ...  Ресейде полиграфиялық кәсіпорынды ашу, оның қызмет тәртібі мен полиграфиялық қызметтердің заңдылығын тексеретін бақылау органының уәкілеттігін, сондай-ақ құқықбұзушылық байқалған жағдайдағы жауаптылықтарды анықтайтын 1993ж. 22.09. №960 "РФ полиграфиялық қызметтерді реттеу" туралы Үкіметтің қаулысы қабылданған. Мұндай құқықтық актінің көмегімен Ішкі Істер органдары осы объектілерде профилактикалық қызметтерді жүзеге асыра алады [44,37-5066.]. Ал, ҚР полиграфиялық қызметті реттейтін арнайы заң жоқ, бірақ 1995.26.10. №20 ҚР бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық Комиссияның қаулысымен бекітілген "Бағалы қағаздардың бланкін даярлауға және толтыруға, ҚР территориясына бағалы қағаздардың бланкілерін кіргізуге рұқсат берудің тәртібі" туралы уақытша ереже бар.

Пайдакүнемдікпен жасалынатын қылмыстарға қарсы күресте қылмыс жасаудың "қаржы жағынан" тиімсіздеу болатындығын растайтын шараларды қарастырудың маңызы зор. Көзделген мақсатқа жету үшін орындау өндірісі, қылмыстық іс жүргізу және азаматтық заң актілерінде қылмыстық әрекетпен келген материалдық шығынды өтеу мәселелерін жетілдіру керек. Тәжірибеде жәбірленушілер қылмыспен келген шығынды сотпен өндірудің қиындығын ойлап, талаптан бас тартады. Қылмыстық іс жүргізу кодексінде бұл мәселе қарастырылғанымен, оның орындалуы іс-тәжірибеде енжар.

Техникалық шаралар. Жалған ақшамен күресудің ғасырлар бойындағы тәжірибесінен ақша бірліктерін бұрмалаудан қорғанудың көп қырлы әдістері жинақталады. Жалған ақшаларды жасау, сақтау, не сатудың жалпы алдын алу шараларына ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды техникалық қорғауды жетілдіру; шынайы ақша бірліктері мен бағалы қағаздардың көшірмесін көшірме-көбейткіш техникалардың көмегімен алудың техникалық мүмкіндіктерін жою; ақша бірліктері мен бағалы қағаздардың шынайы екендігін тестілеудің техникалық құралдарын дамыту; типография құралдарын қолдануды және полиграфиялық кәсіпорындардың қызметтерін бақылау; ақша бірліктер мен бағалы қағаздардың шынайлылығы және жалған ақшалар мен бағалы қағаздардың белгілерімен халықты кеңірек таныстыру жатады. ...

 

 

2.2 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі, оның құрылымдары, Қазақстан Республикасы қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және бақылау Агенттігі - қылмыстардың алдын алу субъектісі ретінде

 

... Эмиссиялық операциялар резервтік қорлар мен айналым кассаларында жүзеге асырылады. Жоғарыда айтылғандай, Ұлттық банктің әрбір бөлімшелерінде резервтік қорлар болады. Онда қолма-қол ақшалар эмиссиялық бөлімшенің және клиент түйіншегінде үсталынады.

Ұлттық банк бөлімше бастығы мен орталық аппаратттың арнайы уәкілетті бөлімшесінің бастығы ақша айналымына қажетті барлық номиналдағы банкноттар мен монеталардың резервтік қорда тұруын және зақымданғандарын дер кезінде шығарып тастау шараларын жүзеге асырады.

Резервтік қорды ұстап түру үшін қажет нақты ақшалардың сомасын көрсете отырып, Ұлттық банктің орталық аппаратына тапсырыс береді. Ұлттық банктің орталық аппаратының арнайы уәкілетті бөлімшесі тапсырыс және қолма-қол ақша айналымының орындалуын талдай отырып, резервтік қорды нақты ақшамен қамтамасыз ету туралы жоспардың жобасын жасайды, оны Ұлттық банк төреағасының орынбасары бекітеді де, тиісті бөлімшеге жібереді. Жіберілген нақты ақшалар тексеріліп алынады. Жетпеген ақшалар, не жалған, төлемге жарамсыз ақшалар баланстың есебіне сәйкес, айналым кассасымен дебеттеу арқылы толықтырылады. Нақты ақшаның қабылданғаны жөнінде уәкілетті органға хабарланады.

Айналым кассасына резервті қордан нақты ақшаларды алу үшін Ұлттық банк бөлімшесінің бастығының рұқсаты қажет. Нақты ақшаларды айналымға жіберудің нормасын клиенттердің сұранысымен бөлімше бастығы анықтайды. Ұлттық банк бөлімшесі арнайы өкілетті бөлім басшысы айналымға жіберілетін ақшалардың жобасын жасайды. Нұсқауда айналымға жіберілетін банкноттар мен монеталар туралы толық мәліметтер көрсетіледі.

Ұлттық банк аппаратының арнайы уәкілетті бөлімшесі Ұлттық банктің әрбір бөлімшесінің айналым кассасының лимитін белгілейді. Бөлімше күн сайын айналым кассасының лимитінен асқан ақшаларды резервтік қорға салады. Операциялық күн біткен соң касса меңгерушісі айналымнан шыққан банкноттар мен монеталар (ұлттық), олардың жарамсыздық деңгейі, номиналы, сомасы туралы жалпы тізімін жасайды. Құжат тексеріліп, бөлімнің уәкілетті арнайы бөлімшесіне жіберіледі. Тізімдердің негізінде бухгалтерлік жазбалар толтырылады. ...

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1    Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. "Еліміздің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі" //Ана тілі.-1999.-15 желтоқсан.-№40.

2   ҚР Конституциясы,1995ж. 30 тамыз. - Алматы:Юрист,2002.-36б.

3   Фальшивые деньги (фальшивомонетничество) /Под ред. проф. В.Д. Ларичева. -М.: Экзамен, 2ОО2.-384с.

4   Юм Д. Опыты.- СПб.: Издательство Солдатенкова, 1986. -270с.

5   Солопанов И.В. Ответственность за фальшивомонетничество: Учебное пособие. -М.: Высшая школа МООП РСФСР, 1962.- 92с.

6   Ағыбаева Л.А. Уголовная ответственность за подлог документов: Автореф... канд. юрид. наук: 12.00.08. -Алматы, 2000.- ЗОс.

7   Мақыш С.Б. Ақша айналымы және несие: Оқу құралы. -Алматы,2002.-1686.

8   Бороздин П.Ю. Ценные бумаги и фондовый рынок: Уч.пособ. - М.: Институт экономики и права,1994.- 170с.

9   Лубягина Д.В. Гражданско-правовое регулирование вексельного обращения в РК. -Алматы; 2000.- 286с.

10 Крылов М. Ценные бумаги - вещь документ, или совокупность прав? //Рынок ценных бумаг. -М.,1997. -№5.-С29.