Реферат: ХХғ.басындағы Қазақстан


Цена: 2 Скачать
Предмет:
История Казахстана
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
26

Жоспар

1. ХХғ. басындағы Қазақстан..........3

2. 1905-1907 жылдарындағы бірінші орыс революциясының Қазақстанға әсері...........12

3. Бірінші Дүние жүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан.1916ж. көтеріліс...........17

4. Қазақстандағы ақпан революциясы және оның Қазақстанға тигізген әсері............22

 

 

1. ХХғ. басындағы Қазақстан

 

XX ғасырдың басында капиталистік қатынастардың қазақ даласында дамуы күшейе түсті. Өлкеде өнеркәсіптің жаңа салалары пайда болды. Қоғамдық еңбек бөлінісі одан әрі дамып, жұмысшы табы қалыптасты.

Патша өкіметінің аграрлық саясаты салдарынан орыс шаруаларының Қазақстанға қоныс аударуы жаппай сипат алды. Сөйтіп, қазақ еңбекшілерінің жерлерін басып алу кеңінен жүргізілді. Қазақ шаруаларын тонауды патша өкіметі «қоныстанушы», «жер қоры» деп аталатын желеумен іске асырды. Бұл қорды жасау үшін жергілікті халықтың жайлы қоныстарын тартып алып отырды. Шаруалардың Ресейден Қазақстанға шұбыруы бұрынғыдан да артты. Түркістан генерал-губернаторының толық емес дерегі бойынша XX ғасырдың басына дейін бір ғана Жетісу облысына 16 мың отбасы келіп қоныстанса, 1905 жылы олардың саны 28 мынға жеткен. Мұндай жағдай Қазақстанның басқа өлкелерінде де байқалды. Мысалы, 1897-1916 жылдарда қоныс аударған 1304 мың адамнан: Ақмола облысына - 731,5 мың адам, Торғай облысына - 199 мың, Семей облысында - 130,1 мың, Жетісуға - 118,5 мың, Оралға -82 мың және Сырдарияға 40 мың адам келген. Бұлардың басым көпшілігі орыстар мен украиндар болды.

 

 

2. 1905-1907 жылдарындағы бірінші орыс революциясының Қазақстанға әсері

 

Бірінші орыс революциясы кезінде патшалық тәртіпке қарсы күрескен ұлттық аймақтардың езілген халықтары да көтерілді. Қазақстан еңбекшілерінің 1905-1907 жылдардағы ереуілдері орыс халқының революциялық күресімен тығыз байланысты еді,

Қазақстан қалаларында өткен жүмысшылар мен қызметкерлердің жиналыстарында Петербургтегі қарусыз жүмысшыларды 1905 ж. 9 қаңтарда аткылауға наразылық білдірді. Ереуіл кезінде қаза тапқандардың отбасыларына көмек үшті қаржы жиналды. Өлкеде жұмысшылардың ереуілдері мен ставкалары, өсірмесе теміржол қатынасы орындарында неғұрлым кен, қанат жайды.  Революция жылдарында өлкенің темір жол тораптарында поездары жүрісі талай рет тоқтатылды, теміржолшылар өз еркімен 8 сағаттық жұмыс күнін енгізді. 1905 жылы ақпанда Орал, Перовск, Түркістан, Шалқар теміржолшылары өздерінін экономикалық жағдайларын жақсарту талабын қойған ереуіл жасады.

 

 

3. Бірінші Дүние жүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан.1916ж. көтеріліс

 

<...> Бүл кезде өр түрлі салықтардың 10-ға тарта түрі болды. 1916 жылы 3 миллиард сомға жаңа мемлекеттік заемға жазылу науқаны жүргізілді, ол да қазақ халқының мойнына ауыр салмақ болып түсті. Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуымен байланысты қазақ халқына тағы бір ауыртпалық - әскери салық салды. Оның өр түтінге көлемі 1 сом 84 тиын мөлшерінде белгіленді.

Соғыс жылдарында патша өкіметі қазақтардан жерді тартып алуды жалғастырды. Бір ғана Жетісу облысы бойынша 1914 жылға 2 миллион 703 мыңнан астам десятина шұрайлы жер тартып алынды. Өлкеде халықтар арасындағы ұлттық бөлінушілік күшейді. Қазақ даласында жалпы ұлттық дағдарыс пісіп жетілді.

 

 

4. Қазақстандағы ақпан революциясы және оның Қазақстанға тигізген әсері

 

<...> Осы кезде Омбы, Орынбор, Ташкент, Семей т.б. қалалары оқу орындарының казак жастары алғашқы кезде мәдени-ағарту істерімен шұғылданған жастар үйірмелері мен ұйымдарын кұрды. Орынборда «Еркін дала», Омбыда «Бірлік», Оралда «Жас казак», Троицкі де «Үміт» деп аталатын және басқа жастар ұйымдары, 20 шақты үйірмелер мен топтар пайда болды. Олар халық арасында листовкалар, сол күндердің көкейтесті мәселелеріне арналған тақпа көлеңдер таратты, ойын-сауық кештерін, айтыс талқылаулар т. б. ұйымдастырды. Бүл ұйымдардың белгілі бір бағдарламалары болмады, әлеуметтік құрамы жағынан да біркелкі емес еді. Алайда, олар казак халқын патша өкіметінің ұлттық орталық езгісінен азат етуді шын пейілдерімен қалады, өз халқының білім алуын талап етті, еңбекшілердің санасында ұлттық бірлік, бостандық пен тәуелсіздік идеяларын оятуға ұмтылды.