Курсовая работа: Қазақстан қорықтарына сипаттама


Цена: 3 Скачать
Предмет:
Экология
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
27

Жоспар

 

Кіріспе................... - 3 -

Негізгі бөлімі................ - 5 -

2.1  Қазақстан қорықтары және қызыл кітап............... - 5 -

1. Ақсу – Жабағылы қорығы................... - 7 -

2. Алакөл қорығы........... - 9 -

3. Алматы қорығы................ - 11 -

4.  Барсакелмес қорығы.............. - 12 -

5. Батыс Алтай қорығы............. - 13 -

6.  Қаратау қорығы............. - 15 -

7. Қорғалжын қорығы............. - 17 -

8.  Марқакөл қорығы.............. - 18 -

9. Наурызым қорығы............... - 20 -

10.  Үстірт қорығы............... - 21 -

2.2 Қорықтар және табиғат қорғау мәселесі............. - 23 -

Қорытынды........... - 25 -

Пайдаланған әдебиеттер......... - 27 -

 

 

3. Алматы қорығы

 

 ... Қорық территориясының ауа райы қоңыржай және тағы да тік белдеулік  заңына  бағынышты.  3000 метр  биіктікте  ауаның  жылдық орташа  температурасы 8,9 0С-тан  тау  етегінде 1,5 0С-қа  дейін төмендейді.  Тау  етегіндегі  сақын  кезең  ұзақтығы  4  ай,  3000 м  биіктікте  7 айдан ұзаққа  созылады.  Қыс  кезінде күндізгі радиациялық жыладамдықтардың жиі  болып  тұруы  тән. Тау  етегінде  қыстан  көктемге  өту  уақыты – наурыздың б ірінші  10 күндігі.  Биіктікте  бұл  кезең  мамырға  дейін созылады.  Маңызды  ауа  райы  факторы  жаутын  жауын-шашын  саны болып  табылады. Жаун – шашынның  ең  көп  түсетін  жері – 1500-ден              2300 метр биіктіктегі  таудың  орта  бөлігі.            

 

Қорықта 70 жылдан  астам  зоологтар,  географтар, геологтар, топырақтанушылар,  ботаниктер  және  басқа  да  ғылыми  зерттеу орындарының  мамандары  зерттеулер  жүргізіп  келеді. Осы зерттеулер нәтижелері  кітаптар  мен  журналдарда  жарық  көріп, отндық  ғылым жетістіктері  болып отыр. ...

 

7. Қорғалжын қорығы

 

... Қорықта  аңдардың 42 түрі бар, олардың жартысынан көбі – кеміргіштер. Ең  қызықты  кеміргіш дала  суыры  болып  есептеледі. Бұл ірі  кеміргіш  даланы  тұтас  алып  жатады. Күрделі  иірімді  індерде топ немесе  бірнеше  топ  болып  тіршілік  етеді. Інінің  шығы  берісіндегі төбешіктің  үстінде артқы аяғымен тұрып, құдды әмірші сияқты болып алысқа  назар  салып  қараған  суырды  жиі  көруге болады. Оның терісі бағалы  және  майының емдік  қасиеті  бар. Мұнда жерсіндірілген ондатор су  қоймаларында  өзін  жақсы  сезінеді.  Ылғалды  жерлерде  доңыз әдеттегідей  аң. Ал  құрғақ  далалы  жерлер  ақбөкеннің  ежелден  сүйікті жерлері  болып  саналатын, бұл  дала  киігі  жазда  шырынды  шөптермен қоректеніп, ал  теңіз  маңындағы  алыс  далаларды  төлдейтін  баспана ретінде  пайдаланатын.  Бірақ  ХХ  ғасырдың  соңында  ақбөкен  саны қатты  қысқарды, ал қазіргі кезде жекелеген шағын топтары ғана кездеседі. Жыртқыштардан  түлкі  саны  көп, борсық, қасқыр, сасық  күзендер әдеттегідей. Дала  сайларында  аққоян  мен  орқоянды  жи і кездестіруге болады . Қорық  территориясына  анда-санда  елік  те  кіреді.

Қорық  құрылғалы  бері  оның  территориясынан  жиналған материялдар  бойынша  300  ғылыми  еңбек  жарияланған.  Осында  әр жылдарда жұмыс істеген қызметкерлерінің жазған « Қорғалжын қорығы  құстары » еңбегі  қазіргі  уақытқа  дейін  ең маңыздысы болып табылады. ...

 

10.  Үстірт қорығы 

 

...  Аймақтың  ауа  райы  жағдайы  өте  қатаң.  Атақты  ғалым              Эдуард  Эверсманн  бұл  өлкені « Қатаң жер » деп сипаттады, ол дерлік                  екі  ғасыр  бұрын  жұмбақ Үстіртке  алғаш  ғылыми  сипаттама  берді.                 Шын  мәнінде ауа райы қатаң континентальды, ішуге жарамды тұщы су дерлік  жоқтың  қасы, адамның  бұл аймақта ұзақ болуы мүмкін емес.

 

Мұнда жазы өте құрғақ және ыстық, жекелеген жылдарда температура  + 400С- қа (тіпті + 600) жетеді. қыс айларында температура жиі – 410С-қа төмендейді. Осы  кезеңде  қатты  жел  мен қ арлы  боран жиі болады. Дегенмен  кей жылдары қыс қарсыз өтеді. Көктайғақ пен жұт едәуір жиі. Жауын-шашын  аз,  олардың  жылдық  орташа мөлшері 120 мм-ге әрең жетеді.

 

Үстірт қорығы жерінде көптеген басқа да көзге түсер нысаналар сақталған. Ең  алдымен  бұлар  әр  түрлі  тасқа  айналған  ежелгі омыртқасыздардың  қалдықтары  (маллюскалар,  аммониттер, т.б.), өсімдіктер  және  басқалар.  Батыс Үстірт маңы мен Қарынжарық құмынан адамадардың  неолитикалық  тұрған  жерлері, Күнград – Жаңа-Өзен –                Ақтау  топырақ  жолы  бойында  ескі  жерленген  жерлер  табылды. Бұл               жол  Хорезм  шахының ежлгі  көш жолының тармағы, ол  Хиуаны Каспий теңізі және  Жайықтың төменгі ағысымен байланыстырып тұрған.                  Қорықта жол  Көгісем  құдығына  тіреледі.  ...

 

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары « Алматыкітап » 2006, Құрастырушы А.А. Иващенко;
  2. Қазақстан қызыл кітабы беттерінен –Қызыл кітап және Қазақстан қорықтары авторы биология ғылымдарының докторы, профессор А.Ф. Кошварь Алматы, ААҚ « Алматыкітап » 2004, 8-12 беттерінен;
  3. Қазақстан қорықтары  « Алматыкітап » 1996;