Дипломная работа: Қазақстан Республикасындағы экологиялық қауіпсіздікті жетілдіру жолдары


Цена: 5 Скачать
Предмет:
Экология
Тип работы:
Дипломные работы
Количество страниц:
71

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ. 3

1 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІСІ 8

1.1 Экологиялық қауіпсіздіктің мәні, қажеттілігі 8

1.2 Нарық жағдайында экологияның экономикалық-құқықтық мазмұны әр түрлі нысандары.. 17

1.3 Экологиялық қауіпсіздік және оның экономикалық аспектісі 21

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДАҒДАРЫСТАР  25

2.1 Экологиялық дағдарыстың мәні және аймақтық сипаты.. 25

2.2 Экологиялық дағдарыстың әлеуметтік-экономикалық салдарлары.. 48

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПБУЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.. 56

3.1 Қазақстан Респбуликасындағы экологиялық қауіпсіздікті жетілдіру тетіктері 56

3.2 Экологиялық қауіпсіздік және экономиканың тұрақты дамуы.. 60

ҚОРЫТЫНДЫ.. 67

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 70

 

1 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІСІ

1.1 Экологиялық қауіпсіздіктің мәні, қажеттілігі

... Қауіпсіздікті өлшеудің негізгі критерийлеріне қауіпті алдын-ала сезу, оның қазір және келешекке келтіретін әлеуметтік және табиғи зияндарын анықтау мүмкіндігі және алдын алу шаралары жатады.

 

Қауіпсіздіктің объектілері мен субъектілерін анықтауда тек әлеуметтік саламен шектеліп, адам мен табиғатты екіге бөліп қарастыруға болмайды, ол табиғаттың, қоғам мен адамның жүйеленген бірлігін бұзады.

 

Экологиялық қауіпсіздік Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігі жүйесінің құрамдас бөлігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық қауіпсіздік жүйесіне қатысуының маңызды мәселесі болып табылады. Қоршаған ортаның сапасының төмендеуі, ірі техногенді апаттардың салдары, климат пен табиғи ортаның ғаламдық өзгеріске ұшырауы Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығының төмендеуіне, экономикалық шығындарға және табиғаттың құруына әкеліп соғады. Экологиялық қауіп еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына жан-жақты кедергі жасап отыр. ...

1.3 Экологиялық қауіпсіздік және оның экономикалық аспектісі

 

... Экологиялық сақтандыру қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланбаудың салдарынан белгілі бір сақтандыру оқиғалары болған жағдайда сақтанушылар өздеріне сақтандырушылар төлейтін сақтандыру төлемдерінен құрылатын ақша қорлары есебінен, сондай-ақ заңмен тыйым салынбаған өзге де көздерден сақтандыру өтемдерін төлеу арқылы заңды тұлғалар мен азаматтарды (сақтандырылған) мүліктік жағынан қорғау жөніндегі қатынас болып табылады. Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық жағынан қауіпті түрлерімен айналысатын заңды тұлғалар мен азаматтар міндетті түрде экологиялық сақтандырылуға тиіс. Міндетті сақтандыру шарты сақтандырудың осы түріне лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуы мүмкін. Ерікті экологиялық сақтандыру заңды тұлғалар мен азаматтардың өз еркін білдіруі бойынша жүзеге асырылады. Ерікті экологиялық сақтандырудың түрлері, шарттары мен тәртібі сақтанушылардың арасындағы келісімдермен белгіленеді. ...

 

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПБУЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.2 Экологиялық қауіпсіздік және экономиканың тұрақты дамуы

 

 

 

... Соңғы бес жылда ІЖӨ-нің (ішкі жалпы өнім) нақты өсімі Қазақстанда 26% деңгейіне жеткенін атап көрсетуге болады. Мысалы: бұл көрсеткіш Венгрияда 26,2%, Польшада 24,4% болды. Нақ осы кезең ішінде инфляция біздің елімізде 52,1%, Польшада 49%, Венгрияда 70%-ды құрады.

 

Қазақстан дүние жүзінде бірінші болып өз еркімен ядролық қарудан бас тартты. Мұны жаһандық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға, Жер бетіндегі бейбітшілік ісіне қосылған теңдесі жоқ үлес десек, ешбір асыра айтқандық емес. Сонымен қатар, бұл өз қауіпсіздігімізді қамтамасыз етуге қосылған ең қомақты үлес.

 

Осы орайда біз әлемнің барлық ресми түрғыда танылған ядролық державаларының Қазақстанға бірлескен және жан-жақты қауіпсіздік кепілдіктерін беруіне қол жеткіздік.

 

Қазіргі кезде тұрақты даму концепциясы қабылданғаннан кейін экономиканың тұрақты даму идеясын практика жүзінде көрсету үшін мемлекет қызметінің барлық саласын қамтитын халықаралық келісім шарттар және келісімдер, республикалық заңдар деңгейіндегі тиісті заңдық және нормативтік, методикалық құжаттар дайындалуы қажет. ...

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

а) Негізгі әдебиеттер

 

  1. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты 2006 жылғы Жолдауы, www.president.kz. сайты
  2. Бекмаганбетов Р. «Экономико-экологические факторы и механизмы их развития в условиях рынка»// Экология. Устойчивое развитие№12, дек. 2004 г.
  3. Кажымуратова А. «Влияние экологического фактора на уровень жизни населения в Республике Казахстан»// Саясат-Policy №7, 2002 г.
  4. Айтуғанова З.Ш. «Экологиялық қауіпсіздіктің экономикалық мәселелері» дисс. жұмыс. 2003 ж.