Реферат: Ақаба суларды тазарту әдістері


Цена: 2 Скачать
Предмет:
Экология
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
12

Мазмұны

 

Кіріспе....... 3

1 Ақаба  суларды тазалау  әдістері............. 4

а) Механикалық............. 4

ә) Химиялық............. 5

б) Тотықтандыру.......... 6

в) Озондау........... 6

г) Физикалық........... 6

д) Биологиялық.......... 7

 

ә) Химиялық

 

... Химиялық   әдісте ластағыштардың  физикалық – химиялық  қасиеттерін ескере  отырып,  оларды  химиялық агенттерді қолдану  арқылы  жояды.  Химиялық  тазалауда  қолданылатын негізгі  әдістерге:  нейтралдау,  тотықтыру   және  тотықсыздандыру  жолдары  жатады.

 

Нейтралдау    процесін құрамында қышқылы  немесе сілтісі  бар  ақаба  суының  рН  мағынасын 6,5 – 8,5  аралыққа келтіру  мақсатында  қолданылады. Нейтралдау  үшін қышқылды  ақаба суымен  сілтілі  ақаба  суын  араластыруға,  реагенттер  қосуға,  ақаба  суын нейтралдау қасиеті  бар  сүзгіш  материалдар арқылы  жіберуге  болады.  Сүзгіш материал  ретінде  әк, мрамор және доломит  қолданылады. Бұл әдіспен  әдетте, құрамында  әр  түрлі минералды  қшқылдары  бар  ақаба сулары  тазаланады.  Сілтілі  суларды  нейтралдау мақсатында  құрамында СО2,   SO 2,  NO 2   оксидтері  бар түтінді  газдарды  жіберу  әдісі  меңгерілуде,  бұл жағдайдың қолайлығы  екінші жағынан  газды тастандылардың  құрамындағы  зиянды  заттардан құтылу  мәселесі  де  шешіледі. ...

 

б) Тотықтандыру

 

 

      Тотықтандыру    процесі  ақаба  суындағы улы қоспаларды  (цианидтерді, мышьяктың  еритін  қосылыстарын және  т.б. )  басқа жолмен шығару қолайсыз немесе мүмкін  емес  болғанда  ғана  қолданылады. Ақаба суды  тазалау  үшін тотықтырғыш  ретінде газ  тәрізді немесе сұйытылған хлор, ауа, оттегі, азон, гипохлорит, сутек  тотығы, калий перманганаты  және  басқа  реагенеттер  пайдаланылады.

д) Биологиялық

 

Биологиялық    жолмен ақаба  суын  тазалау  үшін ластағыштарды ыдырататын, өздерінің  қоректенуіне, өсуіне  және  көбеюіне  пайдаланылатын  микроорганизмдер  немесе  оларды  өз  бойына сіңіретін  өсімдіктер (биосүзбелер  ретінлде  қалың  өскен  қамыс,  қоға т. б.)  қолданылады. Биологиялық  тазалауға  қатысатын  организмдерге әр түрлі  бактериялар,  балдырлар,  саңырауқұлақтар,  ең  төмен сатыдағы жәндіктер, құрттар  және  басқалар  жатады.

 

Микроорганизмдердің  екі  процес  -  тотығу (аэробты) және  тотықсыздану (анаэробты)  жүреді.  Аэробты  процестерге активті  лайда  немесе биопленкада  өсетін микроорганизмдер  суда  еріген  оттекті  пайдаланады. Олардың  тіршілігіне  оттектің  тұрақты құйылуы  мен 20 – 30ºС  шамасындағы температура  қажет.  Анаэробты  тазалау  процесі оттектің кіруінсіз  өтеді,  бұл  жерде  жүретін негізгі процесс – лайдың ашуы. Осы  әдістер  ақаба  суларда көп  мөлшерде органикалық  заттектер  балғанда  және тұнбаларды  залалсыздандыруға  қолданылады.