Дипломная работа: Тәрбие және ислами тәрбиесіне жалпы көз-қарас


Цена: 5 Скачать
Предмет:
Педагогика
Тип работы:
Дипломные работы
Количество страниц:
56

МАЗМҰНЫ

 

I ТАРАУ. ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ИСЛАМИ ТӘРБИЕСІНЕ ЖАЛПЫ КӨЗ-ҚАРАС. 3

1.1 Тәрбие және оның даму тарихы. 3

1.2 Құранның тәрбиелік мәні. 8

1.3 Мухаммед Пайғамбардың ислам тәрбиесіндегі орны.. 21

II ТАРАУ. ИСЛАМДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ. 30

2.1Ислам тәрбиесіне қатысты мұсылман ғалымдарының тұжырымдамалары. 30

2.2 Исламдғы бала тәрбиесінде жанұяның орны. 33

2.3 Исламда бала тәрбиесінің негізгі принциптерімен  әдіс-тәсілдері. 37

 

I ТАРАУ. ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ИСЛАМИ ТӘРБИЕСІНЕ ЖАЛПЫ КӨЗ-ҚАРАС.

1.1 Тәрбие және оның даму тарихы.

 

... Балаларды тәрбиелеу, оларды өз еркіне қоймау әке-шеше алдындағы ең бірінші міндет. Сондықтан да исламда әуелі Аллаһтың бірлігі, Мухаммед пайғамбардың хақ пайғамбар екендігін айта келе барлық жақсы нәрселерге үгіттеу, жаман нәрселерден тиым салу бұл қасиетті діннің негізін құрады. Өйткені бала әке-шешенің үгіт насихаты арқасында  жақсы немесе жаман мінездер қалыптаса бастайды. Сол себептен Мухаммед пайғамбар әр баланың табиғаты исламды қабыл ететін жаратылыста дүниеге келетіндігін кейін әке-шеше немесе басқалардың әсерімен яхуди, христиан немесе межуси болатындығын айтады.

 

Ислам ғалымдары тәрбиені екіге бөліп қарастырған. Жалпы және жеке тәрбие. Жеке тәрбие бұл Аллаһ тағала тарапынан пайғмбарлар арқылы адамдарға үйретілген сенімдер әдемі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Пайғамбарлар дәрігер іспетті адамдардың сырқаттарын айта отырып жақсылықтар игіліктер арқылы емдейді. Ал жалпы тәрбие болса әлемнің ең кішкентай бөлшегінен бастап ең үлкен болмысына дейін құдірет иесінің қолы мен тәрбиеленіп жатқандығын айтады. Жалпы тәрбиеде мәжбүрлілік болса жеке тәрбиеде қалау мен ерік бар. Жалпы тәрбие туралы Құранда ясин сүресінің ең соңғы аяттарында былай делінеді. “Егер ол бір нәрсені қаласа, бол дейді сол сәтте болады». Бүкіл нәрсе оның қол астында. Өмірді де өлімді де жаратқан сол. Еш бір нәрсе оның бақылауының сыртында қалмайды. Бірақ пайғамбарлар арқылы болатын тәрбиеде таңдау құқығы бар. ...

 

1.3 Мухаммед Пайғамбардың ислам тәрбиесіндегі орны

 

... Ал енді осы жерде пайғамбарлардың сипаттарымен әрекеттерін айта кетейік.

 

  1. Садық.

Сөзі мен істерінде туралықты ұстанады. Еш қашан өтірікке жуымайды. Олардың болады деп айтқандары болған. Болмайды дегені болмаған.  Мысалға Мухаммед пайғамбарға пайғамбар келмей тұрып оған бірде бір адам өтірікші деп айтпаған. Құран Кәримде бұл жайында былай деген. «Расында білеміз, күдіксіз олардың айтқандары сені кейітеді. Олар сені өтірікке санап отырған  жоқ. Бірақ залымдар Аллаһтың аяттарына қарсы келеді.(Әнғам, 33).

 

 

  1. Сенімді.

 

Олар үнемі сенімділкті өмірлеріне ту етіп ұстанады.  Мухаммед пайғамбардың пайғамбарлығын мойындамайтын адамдардың өзі, оған аманат тапсырып кететін болған.  Досы мен дұшпаны оны сенімді адам деп атайтын.

 

  1. Күнәсіз.

 

Пайғамбарлар еш қашан күнә істемейді. Ол өз жүйелерін орынды іске асырады. Парасатты, олар адамдардың арасындағы ақылды, алғыр, рухы мықты адамдар. Ақыл мен зейіндерін ең жоғары дәрежеде қолданады. Негізгі ақиқатты Аллаһтан алып адамзат баласына тура жолды көрсетеді.

 

 

  1. Таблиғ.

 

Аллаһтың уаһи арқылы білдірген әмір мен тиымдарын адамдардың дәрежесіне қарай, еш нәрсені жасырмай еш нәрсені қоспай үйретеді. ...

 

II ТАРАУ. ИСЛАМДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ.

2.1Ислам тәрбиесіне қатысты мұсылман ғалымдарының тұжырымдамалары.

 

... Б) Қоғамдық тәрбие.

 

Әке-шеше  баланы  қоғамдық  өмірге  сай  түрде  тәрбиелеуге міндетті. Ғаззалидің  пікірінше  бұл  тәрбиенің  бастауы  тамақ  басында  отырудан  бастап, адамдар мен  қарым-қатынас  жасауға дейінгі іс-әрекеттерді  өз  ішіне  қамтиды.

 

Ғаззалидің  пікірінше, бала тәрбиесінде  ең маңызды  нәрсе әке-шешенің  балаларымен  бірге  бір  ыдыстан отбасымен бірге  тамақ ішуі. Өйткені бұл бір  жағынан  Пайғамбарымыздың  сүннеті  болса, екіншіден  баланың  қоғамдық  өмірге  үйренуіне, әлеуметтенуіне өз  көмегін  тигізеді.  Бұл  жайында  кей бір хадистерді  мысал  келтіреді.

 

С)  Діни тәрбие.

 

Ғаззалидің  пікірінше  діни   тәрбие  басқа  да  педагогтардікі  сияқты жанұядан  басталатындығын   айтады. Бала алты жасына  жеткенде  оған қысқа, қарапайым  білімдер  үйретіледі. Намаз, ораза, қажылық сияқты  құлшылықтар  түсіндіріледі.  Балағат  жасына  жеткенге дейін діни  білімдердің (намаз, ораза  сияқты) басқа  да  парыз және  үәжіптері, ақыл және  нақылдың себептері, олардың  пайдалары  үйретіледі. ...

2.3 Исламда бала тәрбиесінің негізгі принциптерімен  әдіс-тәсілдері.

 

... Балаға құдды хайуан секілді, тіпті хайуанға да жасалмайтын қиыншылықпен азаптап, сөгісті дұрыс деп қарайды. Бала әке-шеше назарларын аударту мақсатында бір нәрселерді жасауға тырысады. Бірақ, олар соқыр сияқты баланың іс-әрекеттерін  жазалауға асығады. Негізінде мұндай әке-шшелер өздеріндегі қиыншылықтармен рахатсыздықты балаларда шағылыстырып құдды олардан өш алған секілді қарым-қатынас жасайды. Ғалымдардың тұжырымдауы бойынша жоғарыдағы сияқты көпшілік ата-аналардың жас кезінде  жеткілікті сүйіспеншілік көрмегендігін немесе өмірі жетім болып өскендіктерін хабарлайды.Кей біреулері өздері жақсы мінезді болса да қатты мінезге оранып балаларын сыға алады. Кейде балалардағы кемшіліктерден де үлкен кемшілік ата-аналарда да болуы мүмкін, бірақ олар бұдан хабарсыз.

 

Бала сүйуді тек басқалар тарапынан сүйілу арқылы ғана үйренеді. Руссел былай деген екен: «Тәрбиеде сүйіспеншілік болмаса, балада мінез-құлық немесе сана еркін түрде дами алмайды.

 

Балалардың діни сұрақтарына жауап беру кезінде ескерілетін принциптер.

 

  1. Әке-шеше бала тәрбиесінде олардың даму кезеңдерін жақсы білуі соған қарай әрекет жасауы керек.
  2. Бала не сұраса оған жауап берілуі керек. Осы арада сұрақты сұраудағы себептер зерттелінеді.
  3. Жауап беру баланың тәжірибе және түсінігіне сай болу керек.
  4. Сұраққа жауап беру кезінде баламен шыншыл болу керек.
  5. Балада ғибадат жерлеріне қызығушылық оянуы мүмкін. Міндетті түрде олар тралы сұрақтар сұрайды. Мұндай жағдайда әке-шеш мешіт, медресе сияқты ғибдт жерлерінкөрсетулері қажет.
  6. Әр бір баланың тұлғалық ерекшеліктері зерттелінуі керек.
  7. Әке-шеше іс-әркеттерінде салмақтылықты және  байсалдылақты негіз етіп ұстануы керек.
  8. Жанұяда сенімділік ауасын қалыптастыру, жанұя мүшелері бір-бірінесенімді болуы қажет.
  9. Балалар әке-шешеге еліктгендіктен, олар балаларына үлгі болуды жалғастыра беруі керек.