Дипломная работа: Қабдеш Жұмаділов және қазіргі роман жанры


Цена: 5 Скачать
Предмет:
Педагогика, Философия
Тип работы:
Дипломные работы
Количество страниц:
44

Жоспар

Кіріспе. 3

1 Қабдеш  Жұмаділов  және  қазіргі  роман  жанры.. 5

2 «Атамекен»   романы.. 22

3 Тарихи романдарынның  тақырыптық және мазмұндық  ерекшеліктері 25

3.1 «Соңғы  көш»  роман-дилогиясы. 25

3.2 «Тағдыр»  романы.. 30

3.3 «Дарабоз» романы.. 36

Қорытынды.. 39

Әдебиеттер. 43

 

 1 Қабдеш  Жұмаділов  және  қазіргі  роман  жанры

 

...  Әдебиетке   заманның  «кеңігені»  жақсы  әсер  тигізді.  Жазушылардың  да  тұсауы  кеңіп,   арқыны  ұзарды.   Жазушылардың   саны да  күннен күнге  өсті,  жазушылар  одағының  мүшелері   де  көбейді.  Бірақ   жазушылар  не  жазса да,  олардың  шығармалары  «Социалистік  реализм» дейтін   дайын   қалыптан  шықпауы  тиіс  еді.   Әйткенмен,  бұл  жағдай  әдебиеттің  бір  орында  тоқтап  қалмай,  ары  қарай  қозғалып  алдыға  жылжуына кедергі   жасамады.   Біздің  жас  жазушыларымыз  бен  ақындарымыз  қазақ  әдебиеті  деп  аталатын  ұлы  өзенге   қарай   асау  екпінмен  шапқылаған   жылғалар  іспетті  еді.  Соншалық  іңкәр   сезіммен,  ұлы  үміт,   үлкен  махаббатпен  жылт-жылт  аққан  сол  алпысыншы  жылдардың  жылғалары  болмаса,  жетпісінші,  сексенінші  одан  кейін  де  алдағы  уақыттары да  ағып  келіп   жатар  жылғалар  болмаса,  болмай  ма,  аға  ма,  ақпай ма?   Ал,  ұрпағы  сусындар,  өнеге  алып  өсер   әдебиет   деген  өзені   болмаса,  қазақ ұлтының   күйі  не  болғаны?

 

Алпысыншы  жылдары  әдебиетіміздің   ара  жарысына  алғаш  келіп  қосылғандардың  ішінде  дәмелілердің   қаралдысы   аз  емес-ті.   Содан  арада  біраз   уақыт  өтіп,   алғашқы   қара  нөпірдің  қатары   селдіреп,  ауыздықпен    алысқан  ұшқырлардың   талайы  көш  соңында   қалып,    тек  ұзаққа  шабатын  жүйріктер  ғана  аламан  бәйгеден  алқынбай  өтіпті. Қазір  сол  маңдайы  жарқыраған  топтың  ішінде  жазушы  Қабдеш  Жұмаділов те бар. ...

3 Тарихи романдарынның  тақырыптық және мазмұндық  ерекшеліктері

3.1 «Соңғы  көш»  роман-дилогиясы.

 

... Лан-кешовинизм  ауруына  шалдыққан  кесір,  жер  жүзіне   қытай   билігін  орнату – оның  арманы.  Қытайда кейін  Хунвейбиишілікке басқа да  толып  жатқан  теріс  жолдарға   апарған   ағымдардың  қалай басталғанын  айтылмаш  романнан   аңғаруға   болады.  Халықтың   бұларға   алғы   қарсылығы  батыр  Нартай әрекеттері  арқылы   берілген.

 

Қара  бастың  қамын  ғана  ойлайтын, ел-жұрт мүддесін сатқан  офицер Ермек Лан-кеннің  қолтығына кіріп  алған.  Бұл  екеуі  талай  жазықсыз  жандарды   шырылдатарында  сөз  жоқ.

 

Заман ағымын  аңғармай бай  Нұғыман   қырдағы   малды  шығындап,   Шәуешектен үй  салып  алып, ақша  жасай   бастаған.  Халық  батыры  Нартайды  ұстап беруші - осы  опасыз Нұғыман. Жаңадан тапқан  тыңшылық.

 

Балжан, Сақыпжамал,  Ғалия, Зипа, Дүрия  секілді   әр түрлі  тағдырлары бар  әйелдер,  Естай,  Жолбарыс  секілді  жастар,  Ережеп,  Қожан  секілді   журналистер,  Қанағат,  Жақып,  Төлеубай  секілді  билер   Тұрсын,   Нұрбек  секілді   оқығандар – романда   осындай  әр түрлі   персонаждар  бар.  Автор  қысқа  ықшам  қайыратын  тұтстарда  көп сөзділік  кемшілігіне ұрынған.  Ақтардың   басқыны,  Тимофейге   байланысты әңгімелер  негізгі  сюжеттен  бөлектеніп тұр.  Кейіпкерлер   сөзімен   айтылатын  жайттар  кейде  ұзақ,  созалақ,  мінезді  аша  алмайтын  қызыл  көз  болып  кетеді.  Қ.Жұмаділовтың  саяси-әлеуметтік мәні үлкен  тақырыпқа   реалист  жазушының   тұрғысынан,  идеялы  принциптермен  келгенін  ашып  айту керек.

 

Ауыл  арасының    әңгімесі  емес,  басқа  мемлекеттің   оның  ішінде   бүгін  қияң-кесті  оқиғалар  болып  жатқан  Қытай    елінің   өмірінен  алынып  жазылған  «Соңғы   көш»   романы   актуальды   туынды. ...

 

3.3 «Дарабоз» романы

 

... Ол бұдан   ары  орыс  патшалығымен  әуейі   боп кетті де,  шығыстағы  жоңғарға    қарсы  ұрыстарға   ат  ізін   салған  жоқ.  Әбілқайыр  бұл  жолы     Әбілмәмбет  ханның  ордасындағы   хан  кеңесіне  келмей қояды.  Бірақ  Әбілмәмбеттің  иелігінде   Орта  жүз  ғана   қалғанымен,   отыз  жыл  бұрын  өткен  қазақтың  ұлы  ханы  Әз-Тәукенің   аруағын  сыйлаған жұрт  оның  немересі отырған  шаңырақты  әлі  де  Ұлы  орда  деп   біліп,   хан    кеңесіне  жиналады. әйтсе  де бұл  жылдары  Ұлы орданың    баяғыдай  айдыны  жоқ  еді.   Жазушы  сөзімен  айтсақ,   «киіз  туырлықты  қазақ  түгел қарайтын  Ұлы   ордадағы  хан  жарлығының  дуасы   кете  бастаған.  Біреулер  орысты  жағаттап,  екіншісі  ойратқа  кіріптар   болып жүрген  қазіргі жайгершілік  заманда   кімнің   кімге  бағынып,  қайда  қоныстанғанын  тектеп  біліп  отыру  да  өте  қиын  еді.  Шынында  да хан  кеңесіне   шақырылған   жұрттың  біразы   келмей  қалады.

 

Олардың  көбісі  Әбілқайыр  төңірегіндегі  адамдар  еді.  Қаратаудың   күңгейі  мен  сырдың  төменгі  ағысын   жайлаған  Кіші  жүздің  Тама,  Табын,  Алшын,  Жаппас     руларының  біраз  батыр,  билері   ежелгі  ата  салтын   бұзбай,  кеңеске  дер кезінде келіп  жетеді.  Бұлар  негізінен  Әбілқайырға бағынбай, батыр  сұлтанның  иелігінде   жүрген  рулар  еді.  Бұлардан  басқа  Әбілмәмбет  ордасын  қорғап жүретін  Ұлы  жүздің Наурызбай,  Бердіқожа,  Тілеуке  бастаған  жау  жүрек   батырлары  бар  еді. Хан  кеңесіне  Төле  бидің   келуі  біраз  көтеріп  тастайды.  Сексендегі  Төле  би соңғы   он-он бес  жылда  өз  елін  артық  қан  төгістен аман  сақтап  қалу  үшін,  амалсыз   Жоңғар  хандығына  болдан  болып,  Халдан  Цереннің  Ташкенттегі   әміршісі  болып   жүргенді. Төле  бидің   артынан  арғын,  Найман,   Керей,  Уақ – төрт арыстың ел тұтқасын  ұстаған  беделді  билері  мен  ру  басы  ақсақалдары,  түмен  басы,  мың  басы  батырлары  түгел-ақ  жиналады.  Қашанда  Абылай  туынның  астынан табылатын  Арғынның  Бөгенбай,   Олжабай,  Малайсары,  Сырымбет,  Байғозы секілді  батырлары   мен  Бұқар,  Үмбетей  сынды   жыраулары    әрқайсысы   нөкерлерімен  кеңес   басталардан  бірнеше  күн  бұрын  келсе,  ертеңіне   олардың  үстінен  Қабанбай батыр,  Ақтамберді  жырау,   Боранбай, Төбет,   Қу  дауысты  Құттыбай  билер бастатқан  Найманның   қалың  тобы келіп,  ошарылады.  Жазушы  тек  Найманның   Қабанбай  батырымен  ғана  шектелмей,   ер  Еспембет,  Есенгелді,  Баймұрат,   Көкжал  Барақ,   Дәулетбай   секілді   әйгілі   батырлар,   олардың   ерлігі   жайында   да  мағлұмат  береді.      ...

 

Әдебиеттер

  1. Жұмаділов Қ. «Көкейкесті». Роман. Алматы,  «Жазушы»,  1969 жыл.
  2. Жұмаділов Қ. «Соңғы  көш».  Роман. І – кітап.  Алматы, «Жазушы», 1974 жыл.
  3. Жұмаділов Қ. «Соңғы  көш».  Роман-дилогия. ІІ-кітап. Алматы, «Жазушы», 1981 жыл.
  4. Жұмаділов Қ.  «Атамекен»  Роман.  Алматы, «Жалын», 1985 жыл.
  5. Жұмаділов Қ. «Тағдыр».  Роман. Алматы,  «Жазушы», 1988 жыл.
  6. Жұмаділов Қ. «Екі  томдық шығармалар»,  І-том, роман, повесть,  әңгімелер. Алматы, «Жазушы», 1989 жыл.