Реферат: Қайта өрлеу және Жаңа Заман философиясы


Цена: 1 Скачать
Предмет:
Философия
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
18

... Жан Жак Руссо (1712-1778) – деист, жанның өлмейтіндігін мойындайды- дуалист. Негізгі еңбегі «Қоғамдық келісім» (1762). Таным теориясында - сенсуалист. Феодалдық қоғамды қатаң сынады, адам теңдігін, демократияны, азаматтық қоғам идеяларын дамыты. Теңсіздікті жеке меншіктен көрді, Гоббстың табиғи жағдайда «бәрінің барлығымен күресін» сынап, ол кезде керісінше бауырластық пен үйлесімдік болғанын дәлелдейді. Педагогика ғылымының теоретигі, еңбек арқылы белсенді азаматтарды тәрбиелеуге шақырады.

 

Ағартушылық кезеңде француз материалистері ерекше орын алады. Дени Дидро (1713-1784) материя  мен қозғалыстың бірлігін қуаттап, абсолюттік тыныштықты қолдамады. Барлық табиғат мәңгі қозғалыс пен дамуда болады, «қозғалыс - материяның өмір сүру тәсілі» деген идеяны қолдады. Ол адамды сезгіштік  пен ес дарыған құрал-сайманға ұқсатады. Адам санасы барлық материяға тән бейнелеу қасиетінің жоғарғы формасы деген диалектикалық болжам айтады. Агностицизмді сынап, дүниенің танылатынын жақтады. Француз материализмі  метафизикалық деңгейде қалғанымен механистицизмнен толық арқылды деуге болады.

 

Ағартушылар адамның мінез-құлқы мен қылықтарына қоғамдық орта мен тәрбиесі жауапты деген өте прогресшіл қағида ұсынды. Адамды қоғамдық орта қалыптастырады. Осыдан келіп ағартушылар адамды, оның мінез-құлқын өзгерту үшін, ең алдымен ортаны өзгерту керек деген революциялық қортынды шығарды. Ағартушылар философиясы XVIII ғ ең прогресшіл философия болды. Ол қазіргі замандағы табиғат тану ғылымы мен қоғамдық ғылымның дамуында зор әсер етті. ...

                              Семинар сабағының жоспары:

1.Қайта өрлеу дәуіріндегі  антропологизм және гуманизм.

2. Ғылыми революция және таным тәсілдері: эмпипризм және рационализм.

3. Жаңа заман философиясындағы материализм мен идеаилизмнің ерекшеліктері.

4. Ағартушылық дәуір философиясы және оның идеологиясы.

 

Әдістемелік ұсыныстар:

Қайта өрлеу дәуірінде антропоцентризм және пантеизм жетілді, бұлар ғылыми танымға жол ашты. Жаңа заманда жаңа ғылыми жаңалықтарды философиялық тұрғыдан талдау қажеттілігі  туып, танымның жалпы әдістемесі  қарастырыла бастады. Сондықтан екі негізгі  бағытты толық талдаған жөн. Олар; эмпиризм және рационализм.

 

Бақылау сұрақтары:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Жаңа заман  философиясында таным методологиясы  неге актуалды болды?
  2. Танымның индуктивті және дедуктивті әдістерінің ерекшелігін ашыңыз.
  3. Жаңа замандағы философияның негізгі бағыттарын атаңыз.
  4. Қайта өрлеу дәуірінің өзіндік белгілері, олардың философиялық ойларда бейнеленуі.
  5. Қайта өрлеу философиясының  антропоцентризмі және гуманизмі. Пантеизм және натурализм.
  6. Ағартушылық кезеңдегі философия
  7.  ХVІІ-ХVІІІ ғасыр философиясы ( Ф.Бэкон, Р.Декарт, Т.Гобс,Б.Спиноза, Дж. Локк, Г.Лейбниц).
  8. ХVІІІ ғасыр филосфиясы (Ж.Ламерти, Д.Дидро, К.А.Гельвеций, П.Гольбах, Вольтер).
  9. Француз материалистерінің діни көзқарастары.
  10. Қайта өрлеудегі натурфилософия мен диалектика (Дж.Бруно, Н.Кузанский).
  11. Жаңа заман философиясының негізгі мектептері мен бағыттары ( Ф.Бекон, Р.Декарт, Д.Юм, Б.Спиноза, Д.Беркли).

 

                                        Баяндамалар мен рефераттар:

1. Қайта өрлеудегі  антропоцентризм және гумманизм

2. Адам идеалы: адам өзін-өзі жасаушы бастапқы тұлға

3. Құдай, әлем және адам туралы  Ренессанс философиясының  гумманистік мәні

4. Философия және өнер: индивидуалдылықты игеру (Данте, Петрарка, Леонардо да Винчи және т.б.)

5. Ғылыми револиция және ХVІІ ғ. филосфиясының ерекшелігі

6. Діни догматизмді, ортағасырлық схоластиканы санау

7. Бэконның индуктивтік  әдісінің мәні

8. Бэкон Ф. және Декарт Р. ілімдерінің қайшылықары.

9. Метафизикалық  онтология: субстанция мәселесі ( Декарт, Спиноза, Лейбниц).