Реферат: Антикалық философия


Цена: 2 Скачать
Предмет:
Философия
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
17

... Платон өзiнiң көптеген iзбасарлары секiлдi болмыс пен биболмыс мәселесiн шешуге ұмтылады. Ол бойынша болмыс – бұл идеялар (эйдостар), ал биболмыс – материя. Болмыс – эйдос: идеалдық санадағы объект, таза мән, ол материалдық заттарға қатысты төрт қызмет атқарады: заттарға себеп, үлгi, түсiнiк және мақсат болады. Платон бiздiң кәдiмгi түсiнiгiмiзге қарамай, неге болмысты идея деп, ал биболмысты материя деп санайды? Материалдық заттардың бүлiнуi мен жойылуы

 

Платон өзiнiң көптеген iзбасарлары секiлдi болмыс пен биболмыс мәселесiн шешуге ұмтылады. Ол бойынша болмыс – бұл идеялар (эйдостар), ал биболмыс – материя. Болмыс – эйдос: идеалдық санадағы объект, таза мән, ол материалдық заттарға қатысты төрт қызмет атқарады: заттарға себеп, үлгi, түсiнiк және мақсат болады. Платон бiздiң кәдiмгi түсiнiгiмiзге қарамай, неге болмысты идея деп, ал биболмысты материя деп санайды? Материалдық заттардың бүлiнуi мен жойылуы мүмкiн, ал идеяға (эйдос) ешуақытта зақым келмейдi. Материалдық заттар кейде iрi немесе кiшкене, жаман немесе жақсы болуы мүмкiн, ал идеялар болса керiсiнше- азаймайды және көбеймейдi, жақсармайды және нашарланбайды, өзiнiң толық жағдайында өмiр сүредi. Идея мәңгi, тұрақты, өзгермейтiн бiрлiкте және т.б. Бұл Парменидтiң болмысқа берген сипаттамаларына сәйкес, ол - әлемнiң негiзгi бiр абсолютi.

 

Платон диалектик ретiнде ешқандай абсолют, қарама-қарсылықсыз толық болмайтынын бiледi. Сондықтан болмыс биболмыспен толтырылуы керек, яғни әлемдегi құбылмалық, өлiм, жалғыздық және ерiксiздiкпен толықтырылады.  Бұл материалдық әлем. Осылайша “идея әлемi” және “заттар әлемi” қарама-қарсы қойылады. Платонның “Тимей” диалогында ғарыш теориясы дамиды. Ғарышты Демиург жасайды. Физикалық әлем немесе сезiммен қабылданатын ғарыш әлемi мынандай кестеде берiледi: үлгi (идеялар әлем), көшiрме (физикалық әлем) және Жаратушы (Демиург) – үлгiге сәйкес көшiрменiң авторы. Демиург әлемдiк жанды жасайды, ғарышқа тiршiлiктiң ерекше-нысанын бередi. Ғарыш құрылымында құдiреттi ақыл-ойды, әлемдiк жан мен әлемдiк дененi қамтитын тiрi, жарасымды дүние ретiнде көрiнедi.

 

, ал идеяға (эйдос) ешуақытта зақым келмейдi. Материалдық заттар кейде iрi немесе кiшкене, жаман немесе жақсы болуы мүмкiн, ал идеялар болса керiсiнше- азаймайды және көбеймейдi, жақсармайды және нашарланбайды, өзiнiң толық жағдайында өмiр сүредi. Идея мәңгi, тұрақты, өзгермейтiн бiрлiкте және т.б. Бұл Парменидтiң болмысқа берген сипаттамаларына сәйкес, ол - әлемнiң негiзгi бiр абсолютi.

 

Платон диалектик ретiнде ешқандай абсолют, қарама-қарсылықсыз толық болмайтынын бiледi. Сондықтан болмыс биболмыспен толтырылуы керек, яғни әлемдегi құбылмалық, өлiм, жалғыздық және ерiксiздiкпен толықтырылады.  Бұл материалдық әлем. Осылайша “идея әлемi” және “заттар әлемi” қарама-қарсы қойылады. Платонның “Тимей” диалогында ғарыш теориясы дамиды. Ғарышты Демиург жасайды. Физикалық әлем немесе сезiммен қабылданатын ғарыш әлемi мынандай кестеде берiледi: үлгi (идеялар әлем), көшiрме (физикалық әлем) және Жаратушы (Демиург) – үлгiге сәйкес көшiрменiң авторы. Демиург әлемдiк жанды жасайды, ғарышқа тiршiлiктiң ерекше-нысанын бередi. Ғарыш құрылымында құдiреттi ақыл-ойды, әлемдiк жан мен әлемдiк дененi қамтитын тiрi, жарасымды дүние ретiнде көрiнедi. ...

 

 

 

... Кинизмнiң басты мәселесi – философиялық терең теорияны жасау емес, қоғамға жат құбылыс – жалғыздық, жоқшылық, қаңғыру секiлдi ерекше өмiр бейнесiн философия арқылы негiздеу және өз әрекетi арқылы тексеру. Кинизм стоиктердiң этикасына, материалдық игiлiктерден бас тартуына ықпал жасады. Христиандық идеал – аскетизм де киниктердiң өмiр сүруiнiң негiзiнде қалыптасты.

 

Неоплатонизм – Платон идеяларының негiзiнде дүниеге келген философиялық бағыт. Негiзiн салаушы Плотин, ежелгi римнiң идеалист-философы. Ол Платонның сезiмдiк, денелiк әлемдi қабылдауды сезiмнен тыс нақтылыққа қарсы қоюына сүйендi. Бiрақ Плотин болмыстың жоғарғы сатысы, оның негiзi идея емес, бiртұтас Игiлiк дедi. Оны ол Күнмен теңестiредi. Одан күн секiлдi жарық шығады, яғни эманация (сәуле, шашу, өту) туады, одан Болмыс Ақыл (нус) идеяларының мазмұны пайда болды. Осылайша Ақыл бiр жағынан - көптiк, барлық идеялардың көптеген мазмұны бар, екiншi жағынан - бiртұтас.

 

Ақыл уақыттан тыс  өмiр сүредi. Ол өзiн өзi таниды, ой мазмұны - идеяларды жасайды. Бұл процесс жалпы идеялардан басталады (болмыс, қозғалыс және тыныштық, сәйкестiк және айырмашылық), бұлардан басқалар пайда болады. Ақыл барлық заттардың алғашқы бейнесi. Ақылдың эманациясы (өтуi) өзiнiң кезiгiнде әлемдiк жанның пайда болуына алып келедi. Ол барлық Рухтанған iзгiлiктiң бейнесi, қозғалыстағы ғарышты жасайды. Материя болмыстың ең төменгi сатысы – ол өмiрсiз және әрекетсiз, бiрақ ол барлық идеалдықтың түрiн және мәнiн “қабылдайды”. Адамның мiндетi – болмыс иерархиясындағы өзiнiң орнын ұғыну, жоғарғы шығуға әрекет жасап көру. Жан-Ақыл-Бiртұтастық алыстағы шама, кейiннен олар сезiм-ой-экстазға (желiгу, шабыттануға) сәйкес болады.

 

Плотин философиясында болмыс құрылымы емес, әдiстемелiк идеалары жемiстi болды. Неоплатонизм идеялары христиандық философияға зор әсер етуiнiң нәтижесiнде ұзақ өмiр сүрiп келдi. Бұл философия осылайша антикалық философияның аяғы және еуропалық ортағасырдағы дiннiң бастамасы болды. ...