Доклад/Баяндама: XIXғ. Қазақстанның әлеуметтік саяси жағдайы


Цена: 1 Скачать
Предмет:
История Казахстана
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
11

Жоспар

 

1. XIX ғ. Қазақстанның саяси жағдайы..........3

2.Оңтүстік Қазақстан аудандары жайлы Орта Азия хандықтарының саясаты............6

3.Қазақ халқының Орта Азия хандықтарымен патшалық Ресейге қарсы ұлт-азаттық үшін күресі..........8

 

 

1. XIX ғ. Қазақстанның саяси жағдайы

 

1781ж. Абылай хан қайтыс болғаннан кейін, Орта жүз ханы болып қазақ елінің жақсылары жиналған кеңесте (ас кезінде) оның ұлы Уәли сайланды. Патша үкіметі оның билігін әлсірету үшін сұлтандардың сепаратистік толқуларын қолдап отырды. 1815ж. патша әкімшілігі Орта жүзде екінші хан сайлауын ұйымдастырды, ол Барақ ұлы Бөкей еді. Бөкей хан 1817ж. және 1819ж. Уәли хан өлгеннен кейін Орта жүздің жаңа ханы бекітілмеді. Уәлидің орнына ел басшылары ұсынған Ғұбайдолла патша өкіметі тарапынан қолдау таппады. Ел басшыларының арасында да ынтымақ пен ауыз бірлік азайды.

 

 

2. Оңтүстік Қазақстан аудандары жайлы Орта Азия хандықтарының саясаты

 

XIX ғ. басында оңтүстікте қазақ қоныстары үш орта-азиялық хандықпен шектесіп жатты: Бұхара, Хиуа және Қоқан. Қазақ хандығына ең көп агрессивті әсер еткен Қоқан мен Хиуа хандықтары. Ұлы жүздің көп білегі және Орта жүздің оңтүстіктегі тайпалары Қоқан хандығының езгісінде болды, ал Қазақстанның оңтүстік-батыс бөлігі Сырдарияның төменгі ағысы, Үстірт, Маңғышлақтың оңтүстігі Хиуа бақылауында болды. Хиуада Мұхаммед Рахымның басқару кезеңінде (1806-1825 жж) бұл хандық күшті мемлекет еді. Мұхаммед Рахым Кіші жүздің оңтүстік қоныстарын үш рет талқандады (1812, 1816, 1820). Соңғы шабуылда бірнеше жүз қазақ елді, 1000 әйел, сансыз мал жауға олжа болды.

 

 

3.Қазақ халқының Орта Азия хандықтарымен патшалық Ресейге қарсы ұлт-азаттық үшін күресі

 

ХVІІІғ. Соңына қарай қазақ-орыс қатынастарында отаршылдық саясатының одан әрі нығаюы байқалды. Сондықтан да Кіші жүз қазақтары 1773-1783 ж.ж. Е. Пугачев бастаған шаруалар соғысына белсенді қатысты.  Байбақты руынан шыққан батыр Сырым Датұлы 1783-1797 ж.ж. аралығында көтеріліс ұйымдастырады. Көтеріліске Ресейдің отаршылдық саясаты , қазақтар, жерін тәркілеу, жер дауларының шиеленісуі, ертеден қалыптасқан көшіп-қону жолдарын бұзу, жергілікті билік органдарына қысым көрсету, отаршылдық әкімшілік жағынан қорлық пен тонау, жергілікті уәлиеттің басынушылығы себеп болды . Барлығы көтеріліске шыққандар саны 6 мыңға жетті,оның 2700-ін Сырым Датұлы жинайды.