Дипломная работа: Әртүрлі жас шамасындағы балалардың қарым-қатынас ерекшеліктерінің психологиялық-педагогикалық негіздері


Цена: 5 Скачать
Предмет:
Психология
Тип работы:
Дипломные работы
Количество страниц:
75

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ. 3

1  ӘРТҮРЛІ ЖАС ШАМАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ – ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ. 6

1.1. Әртүрлі жас шамасындағы балалардың қарым-қатынас ерекшеліктерінің педагогикалық - психологиялық мәселелері. 6

1.2 Бастауыш мектеп кезеңіндегі балалар қарым-қатынасының психологиялық ерекшеліктері. 14

1.3 Өзара әрекеттестіктегі тұлғалық қатынастар. 22

2  ӘРТҮРЛІ ЖАС ШАМАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ  ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫН ЗЕРТТЕУ. 40

2.1 Әртүрлі жас шамасындағы балалардың  даралық, тұлғалық қасиеттерін зерттеу. 40

2.2  Баланың топтағы қарым - қатынастарын бағалаудың талдамасы. 44

2.3    Уақытша ұжымда жағымды психологиялық ахуалды қалыптастырудың жолдары. 50

ҚОРЫТЫНДЫ.. 56

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 59

 

1  ӘРТҮРЛІ ЖАС ШАМАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ – ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

1.1. Әртүрлі жас шамасындағы балалардың қарым-қатынас ерекшеліктерінің педагогикалық - психологиялық мәселелері.

 

... Алайда,   барлық қарым-қатынас  компоненттерін зертттеуге  арналған  әдіс  тәсілдерді толық қолданудың  қандайда  болсын уақыт шеңберіне  симайтындығы  даусыз. Екінші  жағынан,  әрбір бала  белгілі  бір  әлеуметтік  ортаның  ықпалында  болады. Сол ортаның  құндылықтарын  өзінің  жеке  басына  “сіңіреді”, бұл жағдай  балалар  қарым-қатынасының  локалды  әлеуметтік  этикетпен, ритуалмен, құндылық  есебіндегі  мінез-құлық,  жүріс-тұрыс  стандарттарымен әрленіп,  өзіндік  әлеуметтік  таңбасы болатындығы  белгілі. Әсіресе ұлттық  өзіндік  сананың  интенсивті дамуына  барынша жағдай  жасалынып  жатқан  қазіргі  қоғамда  қарым-қатынас субектілерін  ұлттық  ерекшеліктерінен, салт-санасынан бөліп алып, “тексіз”, “ұлтсыз” пенде  күйінде қарауды,  зерттеуді заттың  футлярын  ғана қызықтаумен  салыстырар едік.

 

Баланың  басқа  балалармен қарым-қатынас  құру  арқылы өз-өзін  тану, бағалау мүмкіндіктері болады (И.И.Чеснокова, Т.В.Драгунова, Д.Б.Эльконин, И.Непомнящая, және т.б. ).  Мектеп  жасына  дейінгі кезеңдегі “бала-бала” жүйесі  В.С.Мухина еңбектерінде   сипатталынады. Ғалым  баланың  басқа  балалармен  қарым-қатынас  құруы  оның  психикалық  дамуына  жағдай  жасайтынын  тағайындайды. ...

 

2  ӘРТҮРЛІ ЖАС ШАМАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ  ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫН ЗЕРТТЕУ.

2.2  Баланың топтағы қарым - қатынастарын бағалаудың талдамасы.

 

... Социограмма-нысана топтағы таңдаулардың ең  көп санына  тең  шоғырланған айналымдардың  жүйесі болып табылады.Топтың  барлық мүшелері   нысананың шеңберлеріне,  алған таңдауларының  санына  сәйкес  орналастырылады. Социометриялық эксперименттің нәтижесінде  тұлғалар арасындағы  өзара  қатынастар жүйесіндегі топтың әрбір мүшесінің әлеуметтік ортадағы жеке, өзіндік  орны  жайлы мәліметтерді  алуға болады.

 

Балалардың  құрбыларымен өзарақатынастарын  зерттеу  мақсатында Л.А.Кондратенко құрастырған “орман мектебі” атты  әдістемені зерттеуіміздің эксперименталды базасы санаторий болғандықтан құрылымына болмашы өзгерістер енгіздік. Әдістеменің шарты бойынша балалар бір  сәт  орманның  жануарлары кейпіне енеді. Кейін әр бала   топта өзі бейнелеген жануардың суретін   салуы  қажет.

 

Суреттерді өңдеген соң “өзарақатынастардың бірдей бейнесі” алынды. Барлық суреттерде  бір-біріне  ұқсамайтын көп жануарлар салынған. ...

 

2.3    Уақытша ұжымда жағымды психологиялық ахуалды қалыптастырудың жолдары.

 

... Әр түрлі  жас  шамасындағы   балалардың  қарым-қатынасын  зерттеу  үшін  және осы  жас  шамасындағы  балалардың  әлеуметтік   топқа  бейімділігіне  жағдай   туғызу  мақсатында  біз  проективті  әдістемелерді  қолдандық.

 

Проективті  әдістемелер   жанама түрде   адамның  эмоционалды  ерекшеліктері мен  невротикалық  реакцияларын  зерттеуге   жағдай  дасай  отырып, оның   даралығын сомдайды.

 

Балалардың   жеке  басының  ерекшеліктерін  анықтау  мақсатында,  танымдық қабілеттерін  зерттеуге  арналған, Ф.Гудинаф ұсынған “Адамның  бейнесі”  атты тест  қолданылды.   Бұл  әдістеменің негізінде  баланың  жеке  басында  қандай  психологиялық  кемшіліктердің   байқалатыны  жайлы  дәл  жорамалды  анықтауға жағдай жасалды.

Осы әдістеме   бойынша  анықталған психикалық күйлерді 11 – кестеден қараңыз. ...