Реферат: Қазақстан XVIII ғасырдың ортасында. Абылай Хан


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
История Казахстана
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
20

Жоспар

І БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН XVIII ҒАСЫРДЫҢ ОРТАСЫНДА. 3

1.1. Әбілқайыр өлгеннен кейінгі жағдай. 3

1.2. Жоңғария мемлекетінің құлауы. 4

1.3. Әскери шептерді салудың барысы. 5

1.4. Патшалы Ресейдің жер мәселесіндегі отаршылдық саясаты. 9

ІІ БӨЛІМ. АБЫЛАЙДЫҢ    ХАНДЫҒЫ.. 12

2.1. Абылайдың қолбасшы, саяси қайраткер ретінде қалыптасуы. 12

2.2. Абылай ханның кезіндегі Қазақ хандығы. Ресей және Қытаймен қарым-қатынас. 15

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 20

 

І БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН XVIII ҒАСЫРДЫҢ ОРТАСЫНДА.

1.3. Әскери шептерді салудың барысы.

 

... XVIII ғасырдың 60-жылдары қазақ-орыс сауда байланыстарының кеңейген кезеңі. Әбілмәмбет ханның үлкен ұлы Әбілпайыз сұлтанның билігіндегі сыбан-керей, қаракерей-найман, бура-найман, Абылайдың қамқорлығындағы уақ, қыпшақ рулары Жәміш, Семей бекіністерінде өзара тиімді сауда-саттық байланыстарын орнатты. Қазақтардың жиі саудалайтын тауарлары: мал, малдың терісі, киіз, т.б. болды. Жылдан-жылға саудамен арнайы айналысатын қазақ саудагерлерінің де саны өсе берді. Айырбас саудасының ірі орталықтарының бірі - Семейде XVIII ғасырдың 60-жылдарының соңы - 70-жылдарының басында 330-ға жуық қазақ көпестері сауда жасап тұрған. Ал Жәміш бекінісінде бір ғана 1765 жылы 350 қазақ, соның ішінде Қаз дауысты Қазыбек пен Абылай жіберген 158 саудагер болған.

 

Қазақтармен сауданың тиімділігіне көңіл аударған орыс үкіметі бекіністерде мешіттер салғызды. Бұхар, Қоқан қазақ саудагерлерінің сұрауымен айырбас сарайларын кеңейтті. Ал Керекудің маңайында Қалқаман, Қарасу тұз көлдері Батыс Сібірді, Орта Азия хандықтарын сапалы ас тұзымен қамтамасыз ететін орталықтар ретінде белгілі болды: Кереку тұз көлінен 1768 жылы 169 405, 1769 жылы - 297 187, 1770 жылы - 190 565 пұт тұз Ертіс өзені арқылы Тобылға жеткізілетін. Жылма-жыл Екатеринбург, Томск, Тобыл уездеріне Қалқаман, Кереку көлдерінен апарылатын ас тұзының мөлшері 300 мың пұтқа дейін баратын. ...

 

ІІ БӨЛІМ. АБЫЛАЙДЫҢ    ХАНДЫҒЫ

2.1. Абылайдың қолбасшы, саяси қайраткер ретінде қалыптасуы.

 

...  Әмірсананы ұстап беруден бас тартқан Абылайға "сабақ беру" үшін және халқы қырылып, тоз-тозы шығып бос қалған Жоңғария мен Қазақстан шекарасындағы иеліктерді тезірек өзіне қарату мақсатында Цин үкіметі Қазақстанға мол қолмен басып кірді.

 

Абылайдың туы астына үш жүздің жасақтары жиналды. Кіші жүзден Ералы сұлтан бастаған қол көмекке келді. Жақсы қаруланған, ірі шайқас жүргізуден мол тәжірибесі бар, зеңбіректермен қаруланған Маньчжур-Цин күшіне ашық қарсы тұру қиын еді. Қытай қолбасшылары Фу Дэ, Чжао Хой бастаған әскер 1757 жылдың маусым айында Қазақстан шекарасына басып кірді. Қазақстандық Алтайдағы Ресей империясьшың тау-кен өндірісіне, қазақ жеріндегі шекаралық бекіністеріне де қауіп төнді. Әмірсана отбасымен Тобольскіге аттандырылды. Цин әулетімен әскери-саяси тартыстың қазақ елі үшін қауіптілігін түсінген Абылай хан, Әбілмәмбет, Әбілпайыз ақылдаса келе, қытай мемлекетімен арадағы кикілжіңді келіссөзбен шешуге бел байлады. Сөйтіп, XVIII ғасырдың 20-30-жылдарында жонғарлар басып алған шекаралық аймақтағы жайылым жерлер дипломатиялық жолмен қайтарылып алынды. ...

 

2.2. Абылай ханның кезіндегі Қазақ хандығы. Ресей және Қытаймен қарым-қатынас.

 

... Оның төңірегіне атақты жыраулар мен күйшілер, шешендер, қазақ даласына белгілі суырыпсалма ақындар топтасты. Солардың қатарында кедей ортадан шыққан, Абылайдың өте бір ұнатқан ақыны Тәтіқара батырлардың ерлігін жырлаудан талмаған, сондай-ақ ханға жақын болған Үмбетей жырау халық поэзиясы тарихындағы ең ірі тұлғалардың бірі, Абылайға сан шумақтарын арнаған Бұқар жырау да бар еді. Ханның кеңесшісі өрі қазақ хандығы дербестігінің жаршысы Бұқар жырау ханның ішкі және сыртқы саясатына мейлінше әсер еткен дарынды адам болды. Өзінің қамқоршысы Абылайдың хандық билігін қорытындылай келе, Бұқар жырау төмендегіше жырлайды:

...Хан Абылай атандың

Дүниеден шықпай мініңіз.

Алтын тақтың үстінде

Үш жүздің басын құрадың,

Жетім менен жесірге

Ешбір  жаман қылмадың.

Әділдікпен жүрдіңіз,

Әдепті іске кірдіңіз...

 

Абылай 1781 жылы дүние салды. Ол Түркістандағы Ахмед Йасауи кесенесінде жерленді. Алғашында артында қалған көп ұрпағы (30 ұл, 40 қыз) үш жүзді уысынан шығармай билеуге тырысканымен, оның құрған мемлекеті өзі өлгеннен кейін әлсірей бастады. Абылайдың бас мираскоры Уәли сұлтанды Ресей мемлекеті Орта жүз ханы ретінде танығанымен, ол мемлекет басқаруда табандылық көрсете алмады. Қазақ феодалдық мемлекетінің бірлігін Абылай сияқты қамтамасыз ете алмады. Оған себепші болған патша үкіметінің отаршыл саясаты екендігі белгілі. ...