Дипломная работа: Сырым батырдың қозғалысы


Цена: 5 Скачать
Предмет:
История
Тип работы:
Дипломные работы
Количество страниц:
66

Мазмұны

 

КІРІСПЕ. 3

І-ТАРАУ. СЫРЫМ БАТЫР БАСТАҒАН КӨТЕРШІЛЕРДІҢ НҰРАЛЫ ХАНДЫ ТАҚТАН ТҮСІРДІ 5

1.1. Сырымның тұлға ретінде қалыптасу және көтерілістің басталуы.. 5

1.2. Нұралы ханның патшадан саяси баспаны іздеуге мәжбүр    болды.. 20

 

2-ТАРАУ. ОТАРШЫЛДЫҚ ӘКІМШІЛІКТІҢ ХАЛЫҚ КӨСЕМІН ӨЗ МАҚСАТЫНА ПАЙДАЛАНУ МАҚСАТЫНДАҒЫ АЙЛА ТӘСІЛДЕРІ 25

2.1. Сырым батырдың бас старшина Тархан болып сайлануы және оның саяси көзқарасы   25

2.2 Орал әскерлерінің қазақ аулына жаңа шабуылы.. 32

 

3-ТАРАУ. ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ ҚАЙТА ӨРЛЕУІ, СӘТСІЗДІКТЕР КӨТЕРІЛІСТІ ТАҒЛЫМДАРЫ.. 36

3.1. Сырымның әдіс тәсілдері тәсілдері, патша өкметінің айла шарғылары.. 36

3.2 Көтерілістің жеңілуі, оның себептері мен тарихи маңызы.. 54

 

ҚОРЫТЫНДЫ.. 57

 

ПАЙДАЛАНҒАН  ДЕРЕКТЕР  МЕН ӘДЕБИЕТТЕР. 63

 

 

І-ТАРАУ. СЫРЫМ БАТЫР БАСТАҒАН КӨТЕРШІЛЕРДІҢ НҰРАЛЫ ХАНДЫ ТАҚТАН ТҮСІРДІ

1.2. Нұралы ханның патшадан саяси баспаны іздеуге мәжбүр    болды

 

... Қалай дегенмен де, хан үкіметін жойып, жүзді бытырату; сөйтіп патша әкімшілігін қазақ даласына жаю ісін жеңілдету өкіметтің өз мақсаттарына неғұрлым үйлесірек келетін жол деп есептегендігі айқын көрініп тұрады. Старшиналар тобы патшанын сенімді тірегі болатындығы жөніндегі мәселе әзірше көп күдік туғызады. Сондықтан, Игельстромға жүз ішіне «сенімді адамдардан» тезірек татар молдаларын жібер, бұлар қазақтарды - патша өкіметіне адал ниетте ұстап тура алатын болсын және «біздің шекараларымызға шабуыл жасау, зұлымдық істеу» әрекеттеріне тыйым салатындай болсын, - деген жарлық жібереді. Үкіметтің старшиналарға сондайлық сенбегендігі рескрипттің қортынды пунктінде ашық айтылған, бұл пунктте ба­рон Игельсгромға мынадай жұмыстар тапсырылған: біріншіден «қырғыздардың старшиналарына және олардың қоластына қарағандарға соншалық сеніп кетпей, шекарада тиісті сактын қолдану, екіншіден, сондағы барлык әскерлерді, қорғануға қатысы бар барлық амалдарды түзік күйге келтіру және біз айтқан және біздің тапсыруымыз бойынша жоғарғы басшы айткан істердің бәрін жөндеу, ең ақырында, үшіншіден, өзіміздің Эмба өзенінде бекінуімізге және сондағы бетімен кеткен халықтарды нақты түрде ауыздықтауға әзірлену, бұл туралы кешіктірмей өзіңіздің пікіріңізді және істемекші жұмысыңыздың жоспарын жіберіңіз».[31]

 

Патша өкіметінің программасы осындай болған. Бірақ 1786 жылдың көктемінде қазақ даласындагы жағдай көзге түсерліктей болып өзгереді, осы өзгерістің салдарынан генерал-губернатор жүзді билеу системасы жөніндегі мәселені неғурлым батылырақ түрде коюға мәжбүр болады: апрель айының аяғында Нұралы хан жүз ішінен қуылады. Қазақтар қысқан соң, ол еріксіз шекара линиясыріан өтіп, патша өкіметтерін паналайды. ...

 

2-ТАРАУ. ОТАРШЫЛДЫҚ ӘКІМШІЛІКТІҢ ХАЛЫҚ КӨСЕМІН ӨЗ МАҚСАТЫНА ПАЙДАЛАНУ МАҚСАТЫНДАҒЫ АЙЛА ТӘСІЛДЕРІ

2.1. Сырым батырдың бас старшина Тархан болып сайлануы және оның саяси көзқарасы

 

... Соғыс жанжалының қалай да болмай  қоймайтындығын ол алдын ала көрген,  Патша өкіметтерімен сөзге кіріскенде Сырымның дұрысында көздеген бірде-бір  мақсаты: жүз ішіндегі ішкі күреске уақытша болса да   патша өкіметтерін араластырмау, сұлтандарды патша әкімшілігінің қолтықтауынан айыру. Бұл мақсатқа Сырым жетеді, генерал-губернатордың патша әкімшілігін жүзді басқару системасына сіңіру жөніндегі жоспарлары, анығында, жоққа шығарылады, Патша өкіметтерімен арасының ашылуын Сырым таяу уақытқа  күтеді. Ол соғысқа  әзірленеді, бірақ мұнымен  қатар, ішкі алауыздықпен берекесі кеткен әлсіз қазақ мемлекеттігінің  күш-қуаты айбарлы Россия   империясына   сай  келмейгіндігін ол жақсы   біледі. Халық аңызының  айтуына қарағанда, ол империямен соғыса қалған күнде Орта Азия халықтарының бәрінің күшін біріктіріп барып қана жеңілмей шығуға болады деп есептеген. Бұл халық аңызына біз сене  қаламыз, өйткені ішкі саяси ұйымдастыруда да Сырым бірлікке ру старшиналарының бірауыздылығы арқасында жетемін деп есептеген, ру старшиналарына Сырым халық бұқарасының әкімдері деп қараған. Біз тағы бір аңызға сене аламыз, бұл аңызда патша үкіметімен арадағы болашақ жанжалдарда жеңіле қалған  күнде Сырым көбінесе империямен шектес аудандардағы тіршілікке өте қажетті мал жайылысынан қалай да айрылатындығын уайымдайды. Осы аңыздарының  бірінде мынадай делінген:   Сырым Хиуа ханымен  сөйлескенде оның  алдына Россиямен соғыса қалған күнде деп үш шарт қояды: біріншісі  - Хиуа қазақтарға қару-жарақпен, адамдармен, ат  пен және азық-түлікпен көмектесуге тиіс; екіншісі -  жеңіле  қалған күнде Хиуа хандығының жерінен қазақтарға қоныс берілуге тиіс, сонда Сырым  қазақтардың  осы жерге ескіден келе жатқан  правосы бар екендігін еске салады. ...

 

3-ТАРАУ. ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ ҚАЙТА ӨРЛЕУІ, СӘТСІЗДІКТЕР КӨТЕРІЛІСТІ ТАҒЛЫМДАРЫ

3.2 Көтерілістің жеңілуі, оның себептері мен тарихи маңызы

 

... Айшуақ жүз тіршілігінде шешуші роль атқара алмайды, ол мұның үстіне Нұралы тұқымынан шыққан сұлтандардың әжептәуір тобы өзімді қолтықтайды деп есептей алмайды, өйткені Нұралы тұқымдары хандыққа Айшуақ сайланады, біз ескерусіз қалдық деп жүрген. Сонымен хандыққа Айшуақтың тағайындалуы патша әкімшілігінің   Қаратай  хан деп  танудан бастартқандығын  көрсетеді, сөйтіп, Сырымның 1797 жылы август айында старшиналардың әжептәуір тобын өз төңірегіне жинап алуына  себеп болған негіз енді біржолата жойылған. Өз руынан  айрылып, жаңа ханның тағайындалуының жайбарақат қабыл алған Әлімұлы әулетінің ру басшыларына жәрдем көре алмай, Қаратай бастатқан сұлтандар соңынан түсіп Сырым сол 1797 жылы Хиуа хандығының жеріне көшіп кетеді. Оның бұдан бұлайғы тағдары не болғандығы туралы отарлық архивтарда да, Чкалов архивтарында да ешқандай мәліметтер сақталып қалмаған. Қаратай сұлтанмен шайқасқан жолының бірінде ол қаза тауыпты деген ұзынқұлақ хабар ғана болған. Бірақ халық аңыздары Сырымды сұлтандар Хиуада улатып өлтіріпті дегенді айтады. [63] Сырымның өлімі жөніндегі бір ғана документті мәлімет Я. Гавердовскийдің запискасында бар, 1803 жылдың жазғытұрында қазақ даласында оның керуені таланған. Туыстарының өлгеніне жыл толғанда  қазақтардың беретін асын суреттей келіп Гавердовский мынадай деп жазады: «осының қаншалық шығынға ұшырататындығын түсіндіру үшін біз қазақ даласына келіп кірерден бірнеше ай бұрын қайтыс бол­ған Сырым батырға берілген асты мысалға келтіреміз». Гавердовскийдің керуені қазақ даласына 1803 жылдың февраль айында келіп кірген, демек, Сырым 1802 жылы қаза тапты десек дұрысырақ болар, бірақ қандай жағдайларда қаза тапты - ол мәлімсіз. Қалай дегенмен де, Қазақстан тіршілігінде «оның 1797 жылдың күзінен бастап қоғамдық белсенді роль атқармағандығында күмән жоқ. ...

 

ПАЙДАЛАНҒАН  ДЕРЕКТЕР  МЕН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1.  Сабырханов А. Некоторые вопросы  формирования этническ. тер.каз каз.нар. XVIII в  Вестник  АН КазССР, 1977 с 70.

2. Казахско-русские  отношения в XV-XVIII в.в.  А. 1961.

3. Валиханов А.А. Исторические  предания о батырах XVIII соч. Т.1 А. 1984 с.218-222.

4. Назарбаев  Н.А. Тарих  толқынында «Атамұра» Алматы, 1999.

5. Шамшатов И. Қазақстан  Россияға  өз еркімен  қосылды ма // Қаз. әд. 1990, 18 мамыр.