Дипломная работа: Дипломные работа: Неке институтының қазақстандық және мұсылман құқығы бойынша сипаттамасы


Цена: 5 Скачать
Предмет:
Құқық
Тип работы:
Дипломные работы
Количество страниц:
81

Жоспар

 

КІРІСПЕ. 3

I БӨЛІМ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕКЕ ҚҰҚЫҚТАҒЫ НЕКЕ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ. 7

1.1 Неке қатынастарының пайда болу тарихы. 7

1.2 Неке қатынастарының түсінігі және оның түрлері. 13

II БӨЛІМ. НЕКЕ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖӘНЕ МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫ БОЙЫНША СИПАТТАМАСЫ. 18

2.1. Мұсылман құқығы және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес. 18

2.2. Мұсылман құқығы және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес. 31

некені бұзу және оның салдары. 31

III БӨЛІМ. НЕКЕ ҚАТЫНАСТАРЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР. 40

3.1. Неке қатынастарындағы коллизиялық мәселелер. 40

3.2. Жалған неке. 52

3.3. Неке шарты.. 59

ҚОРЫТЫНДЫ.. 73

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 78

 

II БӨЛІМ. НЕКЕ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖӘНЕ МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫ БОЙЫНША СИПАТТАМАСЫ.

2.2. Мұсылман құқығы және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес

 

.. Мұсылман құқығы кәмелетке толмаған бала кіммен тұрады деген сұраққа былай жауап береді. Ең алдымен баланы тәрбиелейтін тұлға анықталады. Баланы тәрбиелеу құқығы келесі тәртіппен анықталады: анасы, нағашы апасы, әкесі, апасы, жақындық дәрежесі бойынша туыстары. Мұндай жағдайларда артықшылық әйелге беріледі. Сот процесі қажет етілмейді, өйткені шариғат баланы тәрбиелеу құқығының тиістілігін нақты анықтайды. Тәрбиелеу құқығы бұзылған жағдайда іс сот тәртібімен қаралады. Мұсылман құқығында баланы қамтамасыз ету шығындары баланы тәрбиелеуші тұлғаға жүктеледі. Егер баланы тәрбиелеуші тұлға адамгершілікке жат өмір сүру салтына ие болса шариғат сотының шешімі бойынша бала тәрбиелеу құқығынан айрылады.

 

Осылайша неке институтының екі құқықтық жүйеге ─ мұсылмандық және қазақстандық заңнамаға сәйкес салыстырмалы сипаттамасы, оның ішінде некеге тұру мен некені бұзудың шарттары мен тәртібі жоғарыда қарастарылды.

 

Әрине, кез-келген құқықтық жүйенің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері болады. Әдетте құқықтық жүйедегі кемшіліктер, дамушы мемлекеттер дамыған мемлекеттердің құқықтық жүйесіне еліктеп тұрғылықты халықтың менталитетіне тіптен сай келмейтін мемлекеттің заңдарын өз мемлекетіне енгізген жағдайда туындайды. Сондықтан да, әр мемлекет халықтың, жалпы адамзат баласының болмысын ескере отырып заңнаманы да соған қарай сәйкестендіруі тиіс. ...

III БӨЛІМ. НЕКЕ ҚАТЫНАСТАРЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР.

3.3. Неке шарты

 

... Неке шарты ерлі-зайыптылардың біреуінің аса қолайсыз жағдайға түсіретін талаптарды (Мысалы, ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезде жинаған мүлік және табыс ерлі-зайыптылардың тек біреуінің меншігіне өтетіндігі) қамти алмайды.

 

Сондай-ақ, некеге түсудің еріктілігі, ерлі-зайыптылардың теңдігі, отбасының игілігі және балалардың өсіп жетілуі мәселелері неке шартында қарастырылмайды.

 

Неке шарты некеге тұруды мемлекеттік тіркеуге дейін де, неке кезеңіндегі кез-келген уақытта да жасалуы мүмкін. Қандай да бір қымбат мүлікке ие болған жағдайда некеге дейінгі мүлік кімнің меншігінде болса, неке бұзылғаннан кейін де соның меншігінде қалатындығын белгілей отырып, неке шартын некені мемлекеттік тіркеуге дейін жасасқан жөн. Бірақ неке шарты, ерлі-зайыптылардың қолда бар мүлкі жөнінде де, болашақтағы мүлкі жөнінде де жасалуы мүмкін. Мұндай жағдайда меншіктің үлестік режимін белгілеуге болады. Мысалы, неке бұзылуы кезінде бала кіммен қалса меншіктің 2/3-сі соған тиесілі.

 

Некеге тұруды мемлекеттік тіркеуге дейін жасалған неке шарты некеге тұру мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді. Некені тіркеу мен шартқа отыру арасындағы уақытқа байланысты ешқандай шектеулер жоқ.

Неке шартын орындаудан біржақты бас тартуға жол берілмейді.

 

Әрине неке шартының жасалуына байланысты ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы өзгере ме деген сұрақ туындайды. Дегенмен, мұндай мәселелер құқықтық емес моральдік-этикалық сипатқа ие деп айтсақ дұрыс болар еді. Бұл толығымен ерлі-зайыптылардың дүние танымына байланысты. ...