Дипломная работа: Кіші мектеп оқушыларын бейнелеу өнері шығармалары арқылы эстетикалық тәрбиелеу 2 сынып бойынша


Цена: 5 Скачать
Предмет:
Педагогика
Тип работы:
Дипломные работы
Количество страниц:
59

Мазмұны

 

КІРІСПЕ. 3

 

ТАРАУ І. ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТАРИХИ ЖАЙЫ, МӘНІ 7

1.1. Зерттеу мәселесінің тарихи жайы мен қазіргі кездегі жағдайы.. 7

1.2 Эстетикалық  тәрбиелеудің  мәні 17

 

ТАРАУ ІІ.  ТӨМЕНГІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҚТАРЫНДА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ТӘЖІРИБЕЛІК – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ ДАМЫТУ. 31

2.1  Бейнелеу өнері бойынша  бағдарламаларды, оқулықтарды және Қазақстан Республикасының  бастауыш білім беру  мемлекеттік стандартын талдау. 31

2.2 Тәжірибелік – педагогикалық жұмыстар нәтижелерін талдау. 37

ҚОРЫТЫНДЫ.. 52

ӘДЕБИЕТТЕР. 54

Пікір. 58

Сыни пікір. 59

 

ТАРАУ І. ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТАРИХИ ЖАЙЫ, МӘНІ

1.1. Зерттеу мәселесінің тарихи жайы мен қазіргі кездегі жағдайы

 

... Ю.К.  Бабанский мынадай анықтама береді:  «Эстетикалық тәрбиелеу – бұл өнердегі әсемдікті дұрыс түсіну мен  толық құнды қабылдау қабілеттерін тәрбиелеу. Ол оқушыларда көркемдік ұғымдар мен  эстетикалық құндылықтардың нағыз белгілерін анықтауға көмектесетін көзқарастар мен сенімдер  жүйесін қалыптастырады.  Сонымен қатар, эстетикалық тәрбиелеу оқушыларғаынтаны, өз өміріне  әсемдік  элементтерін енгізуге  даярлық пен шеберлікті, ұсқынсыздыққа, көріксіздікке,  тұрақсыздыққа қарсы күресуді,  өнерде өзін барынша көрсетуді дамытады», (6,199).

 

Б.т. Лихачев өзінің «оқушыларды эстетикалық тәрбиелеу теориясы» кітабында К.Маркс берген анықтамаға сүйенеді:  «Эстетикалық тәрбиелеу - өнер мен өмірдегі ұсқынсыздықты, қайғылы және күлкілі жайларды,  әсемдікті қабылдау мен бағалауға қабілетті шығармашылық белсенді баланың жеке тұлғасын қалыптастырудың мақсатты да бағытталған үрдісі, «әдемілік заңы бойынша» өмір сүру және жасап шығару» (7,51).

 

Шындық пен өнерге  деген баланың эстетикалық қарым-қатынасын қалыптастырудан  басқа,  эстетикалық тәрбиелеу, олардың жан-жақты дамуына да үлес қосады. «Эстетикалық тәрбиелеу адамның адамгершілігін қалыптастыруға ықпал етеді. Оның қоғам, табиғат, дүние туралы танымдарын кеңейтеді. Балалардың әр түрлі шығармашылық еңбектері олардың ойлауы мен елестетуін, еркі, табандылығы, ұйымдасқандығы мен  тәртіптілігін дамытуға ықпал етеді».  Сонымен, бізідң  ойымызша,  эстетикалық тәрбиелеудің мақсатын  М.М. Рукавицин  өте дұрыс анықтады. Оның ойынша: «Соңғы мақсаты [Эстетикалық тәрбиелеудің] - өнер  әдемілігі мен өмір  сұлулығын  түсінетін,  еңбек  етуге, жасап шығаруға  ниеттенген,  шеберлікті иеленген, жоғары  адамгершілікті, алдыңғы қатардағы,  білімді,  жан-жақты дамыған адам...  үйлесімді жеке тұлға» [21,142]. ...

 

ТАРАУ ІІ.  ТӨМЕНГІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҚТАРЫНДА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ТӘЖІРИБЕЛІК – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ ДАМЫТУ.

2.2 Тәжірибелік – педагогикалық жұмыстар нәтижелерін талдау.

 

... Тәжірибелік – педагогикалық жұмыстың соңында біз жұмыс қорытындысын бастапқымсен салыстырып, суретте көрсетілген төмендегідей нәтижелерді алдық.

 

 

Нәтижелер көрсеткендей біздің бейнелеу өнерінен сабақ жүргізу әдісіміз өзінің тиімді екендігін көрсеткен. Сабақ барысында ойындар, өлеңдер, жұмбақтар мен көрнекті құралдарды, экскурсиялар мен әңгімелер жүргізу – бұлардың барлығы оқушыларды эстетикалық тәрбиелеуді дамытуға ықпал етеді, кейін де бұл тәсілдерді бейнелеу өнері әдістерімен балаларды эстетикалық тәрбиелеуде қолдануға болады. ...

 

Пікір

 

Диплом жұмысы кіріспеден, 2 тараудан, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады. Зерттеу жұмысының жалпы бет саны- 65 әдебиет саны – 71

 

Кез-келген мемлекеттің интеллектуалдық, экономикалық, адамгершілік және мәдени потенциалдары тікелей білім беру аясы жағдайы мен оны ұдайы дамыту мүмкіндіктеріне байланысты екендігі баршаға анық.

 

Эстетикалық тәрбиелеу мәселесі отандық және шетел әдебиеттерінде толығымен зерттелген.  Бұл осы мәселе бойынша әдебиеттерді түбегейлі таңдап, мынадай қорытынды жасауға ықпал етті.  Эстетикалық тәрбиелеу оқу-тәрбие үрдісінің барлық жүйесінде маңызды орын алады,  өйткені бұл мәселе айналасында адамның эстетикалық қасиеттерін дамыту ғана емес, оны жалпы дамыту проблемасы да, яғни оның күш-қуатының мәні, рухани қажеттіліктері, адамгершілік идеалдары, жеке, өзіндік және қоғамдық ұғымдары, дүниетанымы тұр.

 

Әдебиеттерді талдай келе,  біз өнер эстетикалық тәрбиелеудің негізгі тәсілі болады деген шешімге келдік. Өнер материалы үлкен әсерленушілік потенциалға ие әсерленушілік ықпал етудің күші ғана бала санасына енуі жолы мен жеке тұлғаның эстетикалық қасиеттерінің қалыптасуы тәсілі болып табылады.

 

Сонымен, біздің жұмыс барысында жасаған болжамымыз расқа шығып, дәлелденді. Шын мәнінде де, оқу-тәрбие үрдісінде қолданылатын өнер тәсілдері төменгі сынып оқушыларын эстетикалық тәрбиелеудің тиімді тәсілі болып  табылатын төменгі сынып жасында баланы эстетикалық тәрбиелеуді толық түрде іске асыра отырып, мұғалім болашақта өзінде рухани байлықты, нағыз эстетикалық қасиеттерді, адамгершілік  тазалық пен жоғарғы интеллектуалдық потенциалды иеленген жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететіндігі расталды.

 

Мақсатына толық жеткен ғылыми жұмысты қорғауға ұсынамын.       .

 

 Жетекші: аға оқытушы                   

Сыни пікір

Жұмыста қойылған мақсатқа  жетудің тиімді тәсілдерін тауып, дайындау үшін біз мына мәселелер шешілген. Белгілеу сынақтарын жүргізіп, олардың нәтижелелерін талдау  негізінде мектеп практикасында лирикалық шығармаларды талдаудың әдістемелік жұмыстарының аса тиімді емес екендігі туралы қорытынды жасауалып, оқушылардың шығарма туындыларын әсерленіп қабылдауға, сөз қорын көбейтуге, көңіл-күй мен эстетикалық көзқарастарды дамытуға даярлығының нашар екенін атап өтіп, зерттеуші өзі  даярлаған әдістеменің тиімді екендігін анықтау үшін осы әдістемеге оқыту сынағын жүргізген. Осы сынақ қорытындысы бойынша   сынақ  сыныбы бақылау сыныбына қарағанда жоғарға оқу  жұмысы нәтижелерін көрсеткен.

 

Алынған мәліметтер негізінде, бейнелеу өнері сабағында музыканы қолдану жарқын бейнелерді жасауға, табиғатқа, барлық тірі организмге деген сүйіспеншілік пен ұқыпты қарым-қатынасты қалыптастырып, тәжірибелік сыныпқа айналуына ықпал етеді деген қорытындыға келген.

 

Нәтижелер көрсеткендей  бейнелеу өнерінен сабақ жүргізу әдісі өзінің тиімді екендігін көрсеткен. Сабақ барысында ойындар, өлеңдер, жұмбақтар мен көрнекті құралдарды, экскурсиялар мен әңгімелер жүргізу – бұлардың барлығы оқушыларды эстетикалық тәрбиелеуді дамытуға ықпал етеді, кейін де бұл тәсілдерді бейнелеу өнері әдістерімен балаларды эстетикалық тәрбиелеуде қолдануға болады.

 

Жұмыстың көкейтестілігі мен нәтижеге жеткендігін ескере келе жоғары баға беруге болады.

 

П.ғ.к.,ҚазМемҚызПИ доценті